Шығыс шамшырақтары Ержан мен Қуаныш Жұмабековтармен кітапханамызға жиі келіп тұратын оқырман қауым кездесіп, сыр-сұхбат жүргізілді.
Жасөспірімдер олармен танысқаннан кейін өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойды.
— «Қарапайым ауыл баласының осыншалық өмірлік үрдістерге қызықтырған не нәрсе екен?» — деген сұрақты ШҚ гуманитарлық колледжі қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 1 курс студенті Жукаев Данияр Ерболатұлы қойғанда мемлекеттік серпер сыйлығының иегері Ержан Жұмабек «Кішкентайымыздан оқыған кітаптарымыз, ауыз екі тілді әдебиет, маңыздылығы бай фольклорымыз» — деп жауап берді.
Қуаныш Жұмабековтің 2015 жылы Анкарадағы «Bizim Buro» баспасынан ағылшын тілінде «Let*s Leam to Speak English» атты кітабы жарық көрген еді, 333 бөлімнен тұратын кітаптың сенсациялық жаңалығы ағылшын грамматикасын басқа тілдерге сүйенбей, тікелей қазақ тілінде ұсынылуы болды. Өзге мемлекет өзге ұлт біздің әдеби жауһарларымыз қалай қабылдады екен деген әңгімеде «менің алдыға қойған мақсатым ана тіліміз бай екендігін көрсете отырып құндылығы мол қазақ аңыз-ертегілерді ағылшынша аудару, негізінде қазіргі балалар спанч боб, шрек кейіпкерлерін жақсы біледі де, ал біздің ертегідегі кейіпкерімізді басқа ұлт өкілдері білмейді, мен соларды басқа елдерде білсін деген мақсатта аудардым»-деп ойын анық білдірді. Кеш барысында Ержан Жұмабек өзінің түрік тіліне аударылған «Шексіздік шұғыласы» атты кітабын кітапхана қорына сыйға тартты. Игілікті істерге жол көрсетіп жүрген, оқырмандар үшін ең қажетті кітаптарды сыйға тартқаны үшін кітапханашылар ел жаңашырларына алғыстарын білдірді. Оқырмандарымыз қонақтарға ән шырқап, естелікке суретке түсті.
«Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасы еліміздің еңсе көтеріп, егеменді үлес қосқан тұлғаларын ұрпаққа ұлықтап ізгілікті істер насихаттайтын Ержан мен Қуаныштай жастарымыз көбейсін. Алысқа қол созбай – ақ осындай жанымызда жүрген жандардың еңбегін бағалап, құрметтеп, үлгі алғанымыз абзал.
Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жыл бойы қозғалыста болатын «Рухани бірлік сәулесі» атты әдеби мега - көрме ұйымдастырылды. Осы көрменің тұсаукесерін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына кірген Үржарлық жерлестеріміз ағайынды Ержан мен Қуаныш Жұмабековтар келіп ашты.