2018 жылдың 13 сәуірінде институт базасында «Content and Language Integrated Learning in practice» тақырыбында республикалық on-line семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты — білім беру процесінде CLIL-технологиясын қолдануды жүзеге асыру үшін мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ЖМЦ (жаратылыс-математикалық цикл) пәндерін ағылшын тілінде оқыту үдерісінде CLIL-технологиясын енгізу проблемаларын шешу жолдарын анықтау болып табылады.
Шараға білім беру бөлімдерінің өкілдері мен әдіскерлері, институттың профессорлық оқытушы құрамы мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері, пән мұғалімдері қатысты. Семинардың жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді.
Жұмыс бағыттары «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының мәнмәтінінде білім мазмұнын жаңарту, CLIL әдістемесін жетілдіру, көптілді білім беруді дамытуға арналды.
Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалаларынан 50 педагог on-line режиминде қосылып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар кәсіби пікірталаста, өзара тәжірибе алмасу, жаңа ақпаратты меңгеру сынды әрекеттердің алмасуымен, үлкен шығармашылық шабытта өтті. Басқа қалалардан байланысқа шыққан пән мұғалімдері нақты тақырыптар бфойынша өз ойларын ортаға салды, әдістемелік тұрғыдан әріптестеріне қолдау көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар CLIL әдістемесін жетілдіру бойынша теориялық білім ала отырып, оның білім берудегі басымдылықтары туралы ақпарат алды. Әдістемені оқу үдерісінде қолданудың тәсілдері туралы тәжірибе жинақтады. Аталған шара қатысушыларға шығармашылық ой салды.