+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Пн - Пт: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Сетевое издание выходит 1 раз в месяц на казахском и русском языках

Информационно - педагогическая газета ВКО
Сегодня: Вторник, 3 ноября 2026 года
Читайте в этом номере: № 11 - 2026

Издается с сентября 2000 года. Свидетельство №16323-СИ

Мектепалды даярлық сыныбында ӨТШТ (ТРИЗ) ойындары арқылы баланы жан-жақты дамыту

Кожариянова Индира Сагиевна, Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі мектепалды даярлық сыныбының екінші санатты тәрбиешісі

Әдістемелік әзірлеменің нысаны: Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда балаларды мектепке сапалы дайындауға бағытталған ұйымдастырылған оқу қызметінің мазмұнын жаңарту.

Әдістемелік әзірлеменің өзектілігі: «Мектепке дейінгі ұйымның үздік тәрбиешісі – 2019» байқауына ұсынылып отырған бұл әдістемелік әзірлемелер жинағы педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздеріне сүйенеді. Яғни, аталмыш құралда мектепалды даярлық сыныбында ӨТШТ (ТРИЗ) ойындары арқылы баланы жан-жақты дамытудың бірқатар инновациялық принциптері, әдістемелеріжәне осы бағыттағы жүргізілуі тиіс жұмыстардың маңыздылығы жайында педагогикалық тың тәжірибелер қамтылған.

 

Әдістемелік әзірлеменің мақсаты:

Мектепалды даярлық сыныбында ӨТШТ(ТРИЗ) технологиясын қолдану мақсаты:

—         баланы ашықтыққа, тапқырлыққа және байқағыштыққа, жүйелі ойлауға үйрету;

—         өз бетінше ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу;

—         жеке тұлғаны қалыптастыру үшін ӨТШТ(ТРИЗ) технологиясын қолдану.

Әдістемелік әзірлеменің міндеттері:

— жеке тұлғаны өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін таныту, өзгелермен бірге даму, өзін-өзі ісіне қарай бағалауға тәрбиелеу;

-сыныптағы әр оқушының қызығушылығын, дарындылығын, шығармашылық және креативтік ерекше қабілеттерін дамыта отырып белсенді тұлға қалыптастыру.

Әдістемелік әзірлеменің болжамы: Егер ӨТШТ (ТРИЗ) ойындары арқылы балаларды жан-жақты дамытуда мұғалімнің жоба барысындағы қызметі нәтижелі жүзеге асса, онда тәрбиеленушіде нақты даму байқалып, практикада кездесетін мәселелерді өздігінен шешуі, рефлексия жасауы, сол арқылы өз мақсатына жетуі, білімін дамытуы және қоғам өміріне белсене араласуы күтіледі.

Әдістемелік әзірлеменің жаңалығы: тұлғаны жан-жақты дамытудың мәнін анықтау барысында тәрбиешінің зерттеу қызметінің моделі жасалынып, ӨТШТ (ТРИЗ) ойындарын қолданудың қағиғаттары, кезеңдері және құрылымы негізделді.

Әдістемелік әзірлеменің мониторингі: Оқушылардың жоба барысында жан-жақты дамуы, адамгершілік дағдыларың дамуын анықтау қорытынды бөлімге көрсетілген. Ол үшін бақылау, талдау, салыстыру тәсілі қолданылды. Мониторинг нәтижесінде оқу тәрбие нәтижелерінің оң динамикасына қол жеткізілгені анықталды.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалуда. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Сондықтан біздің тәжірибемізде қолданып жүрген педагогикалық технологияларымыз мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталады. Педагогикалық технологияның ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады.

ӨТШТ- өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Оның негізін қалаған – Генрих Саулович Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы – техникалық жүйелер «қалай болса солай емес», нақты заңдылықтар бойынша пайда болады және дамиды: Бұл заңдылықтарды тану және пайдалану өнертабыстық мәселелерді шешу екендігі белгілі. Мен өз тәжірибемде ӨТШТ амалдары мен әдістерін мектепке дейінгі жастағы балалардың өнертапқыштық түсінігін, шығармашылық қиялын диалектикалық ойлауын дамыту үшін жүйелі қолданып келемін. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ӨТШТ технологиясы – тәрбиешілерге арналған жан-жақты әдістемелік ұсынымдары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар технологиясы. Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты, материал мен қызмет түрін өзі таңдауын болжайды. Олар заттардың құбылыстардың қарама-қарсы қасиеттерін анықтауға, осы қарама-қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді. Қарама-қайшылықтарды шешу – шығармашылық ойлауға бастар кілт.

ӨТШТ технологиясын қолданудағы мақсатым біріншіден, ойлаудың икемділігін, жылжымалылығын, диалектілігін дамыту болса, екіншіден – ізденіс белсенділігі жаңалыққа ұмтылу, сөйлеу мен шығармашылық қиялға талпынысты дамыту болып табылады.

Өз тәжірибемде балаларға шығармашылық тапсырмалар бере отырып, келесі дидактикалық қағидаларды ұстанамын:

—         еркін таңдау қағидасы (кез келген оқытушы немесе басқарушы әрекетте балаға таңдау құқығын беру қажет);

—         ашықтық қағидасы (балаға ашық тапсырмалармен (бірнеше дұрыс жауабы бар) жұмыс жасау мүмкіндігін беру. Шығармашылық тапсырманың шартына түрлі жауап нұсқаларын енгізу қажет);

—         қызмет қағидасы. (кез келген шығармашылық тапсырмаға практикалық қызметті енгізу қажет);

—         кері байланыс қағидасы. (тәрбиеші балалардың ойлау операцияларын меңгеру үрдісін үнемі қадағалай алады, өйткені жаңа шығармашылық тапсырмаларда өткендегі тапсырмалардың элементтері болады);

—         идеялық қағидасы. (шығармашылық тапсырмалар арнайы құрал –жабдықтарды қажет етпейді, балалардың мүмкіндіктері, білімі мен қызығушылықтарын барынша пайдалануға мүмкіндік беретін кез-келген сабақтың бөлігі бола алады).

Мен қызмет жасайтын О «А» сыныбында 28 бала, Оның ішінде 11-і қыз, 17-ісі ұл бала. Жалпы сыныптың білім деңгейі жақсы. Осы мектепалды даярлық сыныбында ТРИЗ технологиясын қолдану арқылы мектепалды даярлық сыныбында негізгі бес сала бойынша оқу процесі жүргізіледі.

ӨТШТ сабақтарында балалармен жұмыс жасаудың негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Педагогқа балаларға дайын білім беріп қажет емес, баланы білімді іздеуге, үйретуге қажет. Шығармашылық өнертапқыштық тапсырмаларды шешуге оқыту менің сабақтарымда бірнеше кезеңмен, құрылымдарда жүзеге асырылады.

1 – кезеңде сабақ форма түрінде емес, шындықты, мәнді іздеу ретінде беріледі. Балаға объекті көпфункционалды пайдалану мәселесін ұсынады;

2 – «екінің құпиясы»немесе объектіде, құбылыста қарама-қайшылықты анықтау;

3 – қарама-қайшылықтарды шешу. Қарама-қайшылықтарды шешу үшін ойын және ертегі міндеттерінің жүйесі бар.

Мысалы: Сүзгішпен суды қалай тасуға болады. Сүзгіш болғандықтан ол су болмау керек. Ендеше су қандай жағдайда болғанда тасуға келеді. Су өз бетімен ағып кетеді. Не істейміз? Жауабы біз суды қатырып сүзгішке салуымыз керек. Бұл деңгейде бала өз бетімен бір жаңалық ашып шығармашылық қиялы дамиды. Соңғы деңгейде бала әр түрлі әрекеттерді қолдана отырып, өзінің білімін болжампаздығының мәселені шешу жолдарын білуінің арқасында кез-келген жағдайдан шығуды үйренеді. Бұл деңгейде тәрбиеші тек бақылаушы қызметін атқарады. Бала тек өз күшіне ғана сенеді. Сондай –ақ тексеру үшін эксперименттік жағдайлар ұсынуға болады, бұл жағдайда бала өзінің тапқырлығын көрсету керек.

Керісінше жасау. Бұл тәсіл бейненің атауы мен қасиетін қарама-қарсы мағынасына ауыстырады, оларды өзге бейнеге ауыстырады.

Мысалы: Біз жарық барда бейнелерді көре алатын болсақ, қараңғылық бізге оларды көруге мүмкіндік бермейді. 

Ұлғайту-кішірейту. Белгілі бір бейнелердің сапасын ауыстыру үшін қолданылады. Оның көмегімен заттың көлемін, жылдамдығын, күшін, салмағын өлшеуге болады. Ұлғайту мен кішірейту шексіз болуы мұмкін. 

Ауыспалы-үнемі. Бұл тәсіл бейнелерді ауыстыру үшін қажет. Алдын ала ненің ауысып тұратынын, ненің үнемі бір қалыпта тұратынын анықтау керек. Таңғажайып бейнелерді жасау үшін «ауыспалыны» үнемі тұратын бейнеге, ал «үнеміні» ауысып тұратын бейнеге ауыстыру әдісін пайдалану керек.

Мысалы: Компьютерді «ауыспалы» тәсіл арқылы өзгертсек, оның пішінін басқалай етіп немесе басқа бір затқа айналдыруға болатын еді. Ал адамды «үнемі» тәсілі арқылы өзгертсек, оның бойын бір жасынан бастап өмір бойы бірдей етуге болатын еді. (үлкен адамның бойы).

Мұғалімнің жұмысының негізгі кезеңі – бұлар тегілермен жұмыс, арнайы әдістердің көмегімен жаңа ертегілер ойлап шығару және ертегілердің тапсырмаларын шешу.

Мен тәжірибемде ӨТШТ – технологиясын қолдану кезінде төменде көрсетілген құрылымды ескере отырып қолданамын. Олар:

—         тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының шығармашылық тапсырмалары;

—         адам үшін шығармашылық тәжірибенің бағалығы;

—         оқыту шығармашылықтарының негізгі ерекшеліктері;

—         ӨТШТ технологиясы арқылы мектепке дейінгі жас шамалық топтарына сәйкес тілдік құзыреттіліктерін арттыру;

—         ойын арқылы балалардың тілдік құзыреттіліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтарымдағы барлық жұмысқа балалар қызметінің алуан түрі енеді – ойын қызметі, сөйлеу, бейнелеу, аппликация, құрылымдау т.б.

Соңғы кезеңде, алынған білім, түйсікке сүйене отырып мәселелерді шешудің соны әдістерін пайдалану арқылы бала кез келген күрделі жағдайдың шешу жолын табуды үйренуде. Мұнда тәрбиеші тек бақылайды, бала өз күшімен, ақылы мен шығармашылық әлеуетіне сенеді. Жағдайлар алуан түрлі, адам қызметінің кез-келген саласынан болуы мүмкін. Балалар тәжірибелік жағдайға қойылады, онда шешімді тез қабылдау керек.

Сонымен, ойымды қортындылай келе айтайын дегенім, ӨТШТ – ақылдылардың, құрастырушылардың, ізденушілердің символы, яғни балалардың қаншалықты абстрактілі ойлауын, қиялдауы мен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың жолы.

Мониторинг көрсеткіші

Балаларды мектепке сапалы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында өз сыныбымда жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отырдым. Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау үшін индикаторлар жүйесін қолдандым. «Индикатор» түсінігі МТОМЖБС-да баланың даму деңгейінің көрсеткіші ретінде айқындалған. Бағдарламада жартыжылдықтар бойынша білім беру салаларынан күтілетін нәтижелер белгіленген.

Стандартқа сәйкес балалардың даму деңгейлерін қадағалау бала жетістіктерінің мониторингі негізінде жүзеге асырылды және 3 деңгейде анықталды:

1-ші деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады;

2-ші деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі бір білім қорына ие;

3-ші деңгей – бала өзінің білетінін жасай алады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолданады.

Диагностиканы оқу жылының басында, ортасында және соңында жүргізіп отырдым (бастапқы бақылау – 1-10 қыркүйек, аралық – 10-20 қаңтар, қорытынды – 20-30 мамыр). Нәтижелерін Бақылау парағына толтырып, алынған деректер негізінде баланың жеке даму картасын толтырып отырдым. Алынған нәтиже бойынша пән бірлестік отырыстарында, педагогикалық кеңестерде ақпараттар беріліп, талқыланып, педагог мамандармен, психологпен бірлескен жұмыс жоспарлары құрылып жыл бойына балаға педагогикалық қолдау қажет ететін жұмыстың міндеттері анықталды.

Мектепалды даярлық сыныбында жұмыс істейтін педагог ретінде мониториг жүргізу және оның нәтижесіне талдау жасаумаған өз жұмысымды реттеуге төмендегідей мүмкіндіктер берді.

— тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даму мақсатына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің технологияларын таңдауға;

— тәрбиеленушілерге педагогикалық қолдау көрсету тәсілдерін әзірлеу, кедергілер мен қиыншылықтарды жеңе білуге;

— ақпараттық ресурстарды (масс-медиа, интернет және т.б.) қолдануға;

— өз қызметіне талдау жасауға.

Әдістемелік әзірлеменің қорытындысы:

Сонымен, ойымды қорытындылай келе, барлық сабақтарымда десем де болады, оқушыларды белсенді іс-әрекетке тартатындай ӨТШТ (ТРИЗ) технологиясының әдіс-тәсілдерді қолданудамын. Солар арқылы әрекеттің барысы мен нәтижесін сыни ойлау сүзгісінен өткізуді қамтамсыз етіп отыру менің басты мақсаттарымның бірі.

Оқу бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін оқуды даралай оқытуды ескере отырып жүзеге асыру, барлық оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқуды саралау қажет екені баршамызға белгілі. Сол тұрғыда оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруда саралау жолын жас ерекшелігіне байланысты, темпераментіне байланысты, білім деңгейлері, дарыны, қабілеті, қызығушылығы, оқу стильдері және дағдылары және т.б. зерделеудемін.

«Жеттім, толдым деген адамның дамуы тоқтап, міндетті түрде кері кетуі басталады» деген екен данышпан Махатма Ганди. Олай болса менің бір орнымда тұрып қалмай өз білімімді жетілдіріп, толықтырып, одан игерген білімімді өз іс-тәжірибемде қолданып жатқан жайым бар. Өзім өзгере отырып, оқушыларымды өзгертудемін. Өзім дами отырып, өзгерісті жетілдіремін дегім келеді. Өйткені кез келген өзгеріс – дамығанның белгісі.

 

Қосымшалар тізімі:

Қосымша 1.Тақырыптық жоспар. Мектепалды даярлық сыныбы 2017 жыл.

Қосымша 2. Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Қосымша 3.Балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын білім беру салалары бойынша меңгеруиндикаторлары.

Қосымша 4. Баланың жеке даму картасы.

Қосымша 5.Мектеп алды дайындық топтарының 2017 жылдың І жартысы бойынша білім сапасының көрсеткіші

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Нуртазина Е.М. Развитие креативного мышления детей дошкольного возраста путем внедрения техноогии ТРИЗ. Мет. Рекомендации.- Усть-Каменогорск, 2015. 57с
  2. Айдосова З. Дамыта оқыту технологиясының мәселелері //Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2004
  3. Кузембаева Л.Д. Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі http://www.rusnauka.com/7_NITSB_2012/Philologia/
  4. Шликене Т. Н. Метод проектов как одно из условий повышения мотивации обучения учащихся. — М., 2009.
  5. Бахишева С.М. Педагогикалықжобалау: теориясы мен технологиясы. – Алматы, 2011.
  6. ҚР-ның 2011-2020жж. арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2010.
  7. Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2003 ж.
  8. Барсай Б., Таубаева Ш.Т. Мұғалімнің педагогикалық жаңалықтарын ұйымдастыру.- Алматы, 2007.
  9. Б.Қ.Игенбаева Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаны рухани адамгершілігн дамыта оқыту әдістемесі. Алматы
  10. Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық технология.- Алматы, 2009.
  11. Берков В.Ф. Яскевич Я.С. Культура диалога: Учебное пособие.- М.: Новое знание, 2002. -354с.
  12. Дьяченко В.К. Новая дидактика. – М.: Народное образование, 2001.
  13. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы).
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype