+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Пн - Пт: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Сетевое издание выходит 1 раз в месяц на казахском и русском языках

Информационно - педагогическая газета ВКО
Сегодня: Вторник, 3 ноября 2026 года
Читайте в этом номере: № 11 - 2026

Издается с сентября 2000 года. Свидетельство №16323-СИ

М.Монтессори педагогикалық жүйесі негізінде оқу қызметін ұйымдастыру маңыздылығы

Жалмуханова Жанылсын Утегеновна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» МКД ППС аға оқытушысы

2018 жылдың 5 қазан күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың маныздылығы жайлы: «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек» деген.

Себебі, Республикамызда мектепке дейінгі тәрбие мен оқу мемлекеттік білім беру саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Казақстанның әлемдік білім кеңістігіне заманауи ахуалды енгізу жағдайында балалық шақтың құндылығын мойындау ұстанымы, білім беру жүйесін демократизациялау, білім беру процесін ұйымдастыру барысында жеке тұлғаны дамыту басымдығы, инновациялық педагогикалық технологияларды құру және ресми түрде қабылдау негіздерінде құрылған шетелдік озық іс-тәжірибені талдау және оған түсінік беру қажеттілігі арта түсуде.

 

Осыған байланысты, нәтижелілігі қалыпты дамуымен және мектепке дейінгі білім беруді модернизациялау жағдайында енгізілуімен дәлелденген М.Монтессоридің еркін тәрбие педагогикасы ретінде шетелдік ең озық іс-тәжірибелерді зерттеу Қазақстандық білім беруді жетілдірудің стратегиялық бағыттарының бірі болып отыр. Заманауи қазақстандық білім беру үшін оның авторлық педагогикалық жүйесінің өзектілігі адами түрғыға бағытталған бірнеше түжырымдамалық ережелерге, баланың еркін және дербес іс-әрекетінің маңызды ұстанымдарына оның дамуының сензитивтік кезеңдерін есепке алуға, түрлі жоспардағы заттық іс-әрекетке және дидактикалық сипаттағы практикалық жүмыстарда бала дамуына құралмен және құралсыз тиімді ықпал етуіне негізделген.

Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың
2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Мемлекет мектепке дейінгі дамудың барлық кезеңдерінің ішінде 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға аз көңіл бөліп отыр. Дәл осы тұста балалардың танымдық және зияткерлік дамуының, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды меңгеруінің негізі қаланады. Балаларды ерте жастан дамыту проблемаларын кешенді шешу білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын үйлестіруді және келісілген іс-әрекетін, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығын кеңінен қатыстыруды қажет етеді» делінген.

Шынымен, балаларды дамытудың барлық кезеңдерінің ішінен туғаннан үш жасқа дейінгі балаларға мемлекетімізде ең аз көңіл бөлінеді. Көптеген ғылыми зерттеулер бойынша балалардың табысты әлеуметтендірудің бастапқы мүмкіндіктері өмірлік циклдің бірінші жылдары қалыптастырады. Балалық шақта тұлғаның ерекшеліктері қалыптасады, оның зияткерлік, эмоциялық және нығайып өсуі қабілеттерін дамыту бағыттары анықталады.

Жоғарыда айтылған мәселелер орындалған жағдайда туғаннан үш жасқа дейінгі балалар дамуындағы ғылыми зерттеулерінің нәтижелері мектепте оқу дағдыларын дамыту үшін қызметтің сан алуан түрлеріне баланы белсенді мақсатты түрде тарту және құрбыларымен араласу қажеттілігін белгілейді.

Бүгінгі мектепке дейінгі білім және тәрбие беру жүйесінің бастапқы мақсаты балаларды өзгермелі өмір жағдайларына икемді, өздігінен білім алатындай кездейсоқ пайда болған мәселелерді шешуге, мектепке бейімделуге дайындау.

Қоғамның заманауи даму сатысында инновациялық үдерістер, бірінші кезекте, баланың әлеуетті қабілеттіліктерін ашудың бірінші деңгейі ретінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне әсер етеді. Мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі инновациялық технологияларды дайындаусыз мүмкін емес.

Кейде ата-аналарды төмендегі сұрақтар мазалайды:

—         Бала балабақшаға ойнауға немесе тәрбиешінің басшылығымен оқуға келді ме?

—         Ойнау немесе құрбыларымен араласу барысында баланың ақыл-ойы дамиды ма? және т.б.

Бұл сұраққа жауапты М.Монтессори педагогикалық жүйесінен табуға болады. М.Монтессори жүйесі дәстүрлі педагогикадан мүлдем ерекшеленеді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты (2016) қайшы келмейді.

МЖМС (2016) мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеуде отандық және шетел ғылымның инновациялық тәжірибесін қолдануды ұсынады.

Аталған нормативтік құжатта бір жас пен алты жас арасындағы балалардың дамуының сензитивтік кезеңдерінің өзара байланысын қамтамасыз ету қарастырылады. Бұл кезеңдер М. Монтессори педагогикалық жүйесінде атап көрсетілген.

М.Монтессори әдістемесінің мақсаттық бағыты:

— жан-жақты дамыту;

— жекелікті тәрбиелеу;

— оқыту дағдысын;

— қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

Монтессори әдістемесінің педагогикалық қағидалары: өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгеру; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; танымдық көшін қалыптастыру, дамыту; әр баланың қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; оқу ҥрдісін баланың сезінуі; танымдық шығармашылық икемділігін дамыту; балаға ізгілік тұрғысынан қарау; шығармашылық қабілеттерін дамыту

Монтессори әдістемесінің ең басты міндеті – қол моторикасын, тактильді есте сақтау іскерліктерін оқыту. Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын емес, «еркін жұмыс», заттармен өзбетімен жұмыс істеу болып табылады. Жас, жаңадан дамып келе жатқан балаларды өзіндік жауапкершілікке, толық жан-жақты дамуға ықпалын тигізеді. Монтессори бойынша өзін-өзі тәрбиелеу – баланың жеке тұлғасының дамуына кілт болып табылады. Бала Монтессоридің айтуынша өздігінен дамиды, бала тұлғасына, оның мінез ерекшілігіне «үлкен жауапкершілікпен» қарау қажет. Сондықтан педагогтың міндеті «баладағы кейде мызғыған өмірді ояту және өзінің жеке жақтарын өзіне дамытуға еркіндік бере отырып, бағыттау болып табылады. М.Монтессори педагогикасының мазмұны «баланың табиғатына сену, оны бағалай білу, өз-өзін дамытуға мүмкіндік беру.

Ерекшелігі мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартында қарастырылған бес білім беру салалары М.Монтессоридің инновациялық технологиясы бойынша ортаны ұйымдастырумен үндес болып келеді. М.Монтессори технологиясы бойынша бір жастан үш жасқа дейінгі ерте жастағы балалық шақ баланың өміріндегі маңызды кезең. Бұл әдістің мақсаты -балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. Педагог әрқашан мейірімді, балаға басшылық ете отырып, бала мен дайындалған дидактикалық орта арасындағы елші болады.

М. Монтессори педагогикалық жүйесінде үшсатылы оқу іс-әрекеті деген анықтама бар. Бүл үш кезеңнен немесе сатыдан тұратын сабақ. Мұндай сабақ балаға жаңа түсініктемелер бере отырып, оның сөздік қорын байытуды көздейді. Оқу іс-әрекеті неден құралған?

Монтессори әдісінде үш сатылы оқыту түсінігі бар. Балалардың жаңа білім алып, сөздік қорын толтыру үшін осы әдіс сабақта қолданылады. Біртүтас үшсатылы сатыдан өту уақытының ұзақтығы түрліше болуы мүмкін.

Монтессори сатылары:

1-    cаты – білім алу сатысы. Бұл жерде балаға жаңадан білім беріледі. Тәрбиеші балаға белгілі бір заттың түсі, қасиеті туралы түсініктер береді.

2-    cаты – практикалық білім алу сатысы. Бұл кезде бала іс жүзінде білім алады. Тәжірибе арқылы I-сатыда алған білімдерін пысықтайды

3-    cаты – тексеру сатысы. Бұл сатыда жаңа сөздер белcенді емес сөздік қордан белсенді сөздік қорға айналады. Ескеретін бір нәрсе, тәрбиеші баланың біліміне сенімсіз болса, онда бұл сынақтар жүргізілмейді

1- саты — бұл білім сатысы.

Бұл жерде балаға жаңа білім, түсініктеме беріледі. Тәрбиеші балаға заттардың атауын, қасиетін немесе санын атайды: «Мынау-…(мысалы, қызыл, мынау көк)». Тәрбиеші сәйкес кестені көрсете отырып, бала көреді және естиді, дыбыс және көру түйсігі жұмыс істейді деп айтады. Баланың алған білімін бекіту үшін 2- сатыны қолданылады.

2-саты — бұл тәжірибе деңгейі.

Бұл жерде бала тәжірибеге үйренеді. Тәжірибе арқылы бала 1- сатыда алған білімін игереді. Бұл сатыда тәрбиеші балаға «Маған берші…Маған көрсетші..» деген тапсырмаларды береді. Тапсырманы орындай отырып, бала заттарға қарап қана қоймай, олармен белсенді әрекет етеді. Бұл тәжірибелік орындау баланың өз әрекетін сөзімен жеткізе алатынын тәрбиеші ұйғармайды. Бала тек қана көрсетеді. Бұл сатыда оқыту жүріп жатқандықтан өте маңызды. Ол жыл бойы созылатын ең ұзақ оқу болып табылады.

3 — саты — берілген білімді, оны меңгеруді тексеру.

Бұл сатыда жаңа терминдер мен түсініктемелер сөздік қордан белсенді қолданысқа ие болады. Осыған байланысты тәрбиеші затты көрсетіп, оған сұрақ қояды: «Мынау не?» немесе «Мынау қандай?». Бала оның не екенін айтуға тиісті.

Маңызды сәт — тәрбиеші баланың орындай алатынына әбден көзі жеткенше оған тест бермейді. Үш сатылы оқу іс-әрекеті әдетте үш жаңа заттар мен түсініктемелерді қолдану арқылы өткізіледі.

Қолданған әдебиеттер тізімі:

1. Монтессори М., Помоги мне сделать это самому-М.2000 г.

2.Монтессори жүйесі, теория мен тәжірибе. М.Академия,2005,2-басылым

3.М.Монтессори бойынша математика құралдардың топтамасы – Астана, 2013 ж

4.М.Монтессори технологиясын Қазақстан Республика мектеп жасына дейінгі білім жүйесіне енгізу –Алматы, 2014 ж.

5.М.Монтессоридың негізгі сенсорлық құралдардың топтамасы. Күнделікті өмір жаттығулары – Астана, 2013 ж.

6. Макатова Ж. «Методические рекомендации по внедрению педагогической системы М.Монтессори в учебно-воспитательный процесс дошкольных организаций образования Республики Казахстан» — Алматы, 2013 г.

7.Сорокова М.Г. «Теория и практика. Москва., 2005 г.

8.Сорокина М.Г. Система М.Монтессори – Теория и практика// Издательский центр «Академия» 2013 г.

9.Сорокова М.Г. Балабақша мен мектепке Монтессори әдісімен математиканы оқыту. Оқу құралы.-М.:МПГУ баспасы.-1997-520 б.

10.Сорокова М.Г. Система М.Монтессори. Теория мен практика. Москва ., 2005г.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype