+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Пн - Пт: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Сетевое издание выходит 1 раз в месяц на казахском и русском языках

Информационно - педагогическая газета ВКО
Сегодня: Воскресенье, 1 ноября 2026 года
Читайте в этом номере: № 11 - 2026

Издается с сентября 2000 года. Свидетельство №16323-СИ

М. Монтессори технологиясы бойынша балалардың қол моторикасын дамыту

Нигыметжанова Айнур Кадылбековна, Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ «Балдаурен» шағын орталығы тәрбиешісі

Нугуманов Бакытбек Бажейевич, «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

«Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау»

М.Монтессори

ХХІ ғасыр білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңейюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.

Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан-ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Бүгінгі әлемде, білім сағат сайын өзгеріп, деректер құм шамасындай чиптерде сақталатын заманда ақпарат емес, ой алдыңғы орынға шығады. Білім емес, әрекет маңызға ие болды. Біз ойланып әрекет жасайтын, жаңалықтар ашатын, ойлап шығаратын, құрастыратын және алдағы ғасыр алдыға қоятын проблемаларды шешетін келесі ұрпақты қалай тәрбиелей аламыз? Шынайы, іс жүзіндегі жұмыс қана сұрақтың жауабы болып табылады. Білім беру білім тарату және деректерді жалаң түрде жаттатудан  баланың қолы мен миын жұмыс істететін, сын тұрғысынан және креативті ойлауды өмір жолына айналдыратын оқыту түріне көшу тиіс. Балалық шақтан бастап, жеткіншек шақ арқылы ересек өмірге дейін адамзат дамуының бәріне ортақ үрдістері бар. Егер бұл үрдістер білім беру базасын қалыптастыру үшін пайдаланылса, біз оқыту барысында табиғатпен үйлесімді жұмыс іс тей аламыз. Дұрыс орта қалыптасқан жағдайда үйрену, жұмыс пен тапсырманы орындау барысында ләззат алу  адамзат табиғатына тән. «Өзін – өзі қалыптастыру» әрбір баланың міндеті екендігін түсініп, біз өзіміздің педагогтар ретіндегі ролімізді сәулет инженері кәсібіне ұқсастығын байқаймыз. Біз балалардың шығармашылығын, қиалы мен дербестігін ынталандыру барысында дағдылар мен білімдерін қалыптастыратын жоспарлар, материалдар, құралдар мен тәжірибелердің әрбір кезеңде әр бала үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық. Заңдылықты ұстану, болашақ ұрпақтарды тәрбиелеуші ретінде қызметтік бағытымның бір ғана бөлшегі екендігін ескере отырып, Монтессори әдісі арқылы тәрбиелеуді басты мақсат етіп жүрмін.  Себебі қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес.  Әсіресе, ұсақ қол моторикасын дамытуда алар орны ерекше.

Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен.  Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиешіге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына  көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Ұсақ қол мотиркасы мәселесін шешудің бірден-бір жолы Монтессори технологиясын пайдалану екндігіне сенімді болдым.

Монтессори әдісінің басты мақсаты :

-балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;

-өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;

-балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

М. Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды:

1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерту;

2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету;

3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.

Монтессори педагогтың міндеті:

— Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу.

— Негізгі түстерді айыра білуге үйрету.

— Ұсақ моториканы дамыту.

— Алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру.

— Зейінін тұрақтандыру.

— Тәртіпке үйрету.

Негізгі сабақ түрлері:

— Материалдармен жұмыстың жеке көрсетілімі.

— Топтық сабақ

— Жаңа ұғымдар туралы сабақ.

Монтессоридің 5 аймағы:

1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы.

2. Сенсорика аймағы.

3. Математика аймағы.

4. Тіл аймағы.

5. Ғарыш аймағы.

Соның ішінде қол моторикасын дамытуда басты рөл атқаратын  КӨЖ (күнделікті өмір жаттығулар) аймағы кішкентай балалар үшін ерекше маңызды. КӨЖ аймағында бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін материалдар орналасқан. Материалдар бала өзі істейтін ісінің мақсатын айқын түсінген жағдайда таңдап алынады. Бала өзі киінуге: түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып, үйренеді. Ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, айна сүртуге, киім – кешек жууға, шын үтікпен оны үтіктеуге, салаттар жасауға, көкөністер тазалауға, кесуге, майдалауға, жаңғақ ашуға, аяқ киім тазалауға, бір жерден екінші жерге тасымалдауға өзіне – өзі қызмет етуге үйретеді. Қызмет түрлерін атқару барысында, балалардың бойында қызығушылық, атқарылатын жұмыстың нәтижесіне жетсем деген мақсат болады.  Бұл әдістің бала мен тәрбиешілер үшін ұтымдылығын ескере отырып, жұмысымның әлі де көптеген ата-ана мен балалар қуанар нәтижеге әкелетінін білгендіктен, әдісті әрі де зерттеп, қолданылуды жалғыстыра бермекпін. 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype