+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Пн - Пт: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Сетевое издание выходит 1 раз в месяц на казахском и русском языках

Информационно - педагогическая газета ВКО
Сегодня: Вторник, 27 октября 2026 года
Читайте в этом номере: № 10 - 2026

Издается с сентября 2000 года. Свидетельство №16323-СИ

«Content and Language Integrated Learning in practice» семинары

Сейлхан Айгүл Қауатайқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, ф.ғ.к.

Білім беруді ізгілендіруде әрбір педагог  жаңғыртылған әдістемені меңгеру қажет. Әлемдік білім беру кеңістігінде кіріктірілген білім беру мазмұнымен ерекшеленетін  «CLIL» - үштілділік оқыту бағдарламасы отандық білім беру жүйесінде тиімді жүзеге асып жатыр.
CLIL бағдарламасы  - екінші немесе үшінші тіл арқылы пәндерді оқу және пәндік салаларды оқу барысында тіл үйренуді жетілдіру, яғни пәндік және тілдік мақсаттарға қатар қол жеткізуді қамтитын білім беру әдістемесі.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында тіл арқылы пәнді кіріктіріп оқыту идеясы біліктілікті арттыру курстарында жүйелі түрде қарастырылып келеді.

2018 жылдың 13 сәуірінде институт базасында «Content and Language Integrated Learning in practice» тақырыбында республикалық on-line семинары өткізілді. 

Семинардың мақсаты — білім беру процесінде CLIL-технологиясын қолдануды жүзеге асыру үшін мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ЖМЦ (жаратылыс-математикалық цикл) пәндерін ағылшын тілінде оқыту үдерісінде CLIL-технологиясын енгізу проблемаларын шешу жолдарын анықтау болып табылады.
Шараға білім беру бөлімдерінің өкілдері мен әдіскерлері, институттың профессорлық оқытушы құрамы мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері, пән мұғалімдері қатысты. Семинардың жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді.
Жұмыс бағыттары «Мәңгілік Ел»  жалпы ұлттық идеясының мәнмәтінінде  білім мазмұнын жаңарту, CLIL әдістемесін жетілдіру, көптілді білім беруді дамытуға арналды.
Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалаларынан 50 педагог on-line режиминде қосылып, өз  тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар кәсіби пікірталаста, өзара тәжірибе алмасу, жаңа ақпаратты меңгеру сынды әрекеттердің алмасуымен, үлкен шығармашылық шабытта өтті. Басқа қалалардан байланысқа шыққан пән мұғалімдері нақты тақырыптар бфойынша өз ойларын ортаға салды, әдістемелік тұрғыдан әріптестеріне қолдау көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар CLIL әдістемесін жетілдіру бойынша теориялық білім ала отырып, оның білім берудегі   басымдылықтары туралы ақпарат алды. Әдістемені оқу үдерісінде қолданудың тәсілдері туралы тәжірибе жинақтады.  Аталған шара қатысушыларға шығармашылық ой салды.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype