Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлесуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазіргі ағылшын тілін білу – уақыт талабы.
Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы,ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады. Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек.
Мұғалім алдымен оқушыларды сөйлеуге үйретуде, соның ішінде тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге ұмтылуын, оқушыларға өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орната білуі керек.
Біріншіден, ағылшын тілін оқытуда интерактивтік тәсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың оқу процесіне сай болуы керек. Талап тым жоғары болса, оқуға деген қызығушылық жойылады, ал төмен болса, жалығуға әкеліп соқтырады. Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдары, жаттығулар оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Үшіншіден, оқушылар жіберген қателерін мұғалім көмегімен өздері табуы керек.
Оқушылар әр түрлі болады. Олардың бірі оқытушының айтқанын жылдам ұғып алады, енді біріне материалды ұғу үшін қосымша түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады. Мұндай студенттер нақты нені түсінгенін ұғына алмай сұрақ қоюға жасқанады. Осындай жағдай оқушыларды топқа немесе жұпқа біріктіріп, оларға ортақ тапсырма беріп, ол тапсырманы орындау барысында әрбір студентке жеке рөлдер мен міндеттер атқаруды талап етсе, онда әр оқушының өз жұмысына жауапты болып, жалпы жұмыс нәтижесінде қол жеткізуге ұмтылатын жағдаят пайда болады. Сондықтан да білімі төмен оқушылар үлгерімі жоғары оқушылардан өзіне түсініксіз болған жерді сұрап, ал үлгерімі жақсы оқушылар топтың жеңіп шығуын ойлап, барлық оқушылардың, әсіресе білімі төмен оқушылардың нәтижелі жұмыс істеуін көздейді. Осылайша оқушылар қиындықтың алдын алады.
Интерактивті тәсіл, әсіресе сабақты пысықтап, қорытындылауға бірден-бір көмегін тигізетін тәсілдердің бірі. Сонымен қатар интерактивті әдіс арқылы студенттер өз білімін өздері бағалайды да олар алған білім, білік дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін-өзі бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді. Бұл бақылауды төмендегі бақылау әдіс белгілері арқылы іске асыруға болды. Өздік бақылау
1.Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары.
2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орташа, жоғары.
3. Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орташа, жоғары.
Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды):
1. Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу әдебі: төмен, орташа, жоғары.
2. Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы: төмен, орташа, жоғары.
3. Сөйлеу шешендігі, мәдениеті, төмен, орташа, жоғары.
Бұл бақылаулар студенттерді өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреуді үшін тиісті болуы қажеттігі туады. Бұл бағыттау мен бағалау оқушылардың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз біліміне сенімділігі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адамдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті т.б.
Жалпы шетел тілі сабағында қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікірталас, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, дәріс-диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық – таныдық оқу, иммитиация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс белгілері болып табылады. Сабақты ұйымдастырудың топтық-үлестірме түрлерін қолдану арқылы іс-әрекетті талқылау, қарама-қарсы қайшылықты мәліметтер беру арқылы пікір таласын тудыру оқушылардың мәнге деген ықыласын, ынтасын арттырады.
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Сондай-ақ халықаралық қатынастар аясында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен қоғамда ағылшын тілінің рөлі өзгерді. Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.
Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда. Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Ағылшын тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Оқытудың негізгі үш түрі бар: тәрбиелеу, ағарту, дамыту. Оқытудың тәрбиелік мақсаты. Оқушылардың көпшілігінің ағылшын тілін оқуға деген үлкен қызығушылықпен кірісуі, олардың ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын біле бастайды. Осы кезеңде қарым-қатынас екі жақты болуды талап етеді себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Кез-келген тілдің ағартушылық қызметі зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар. Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту-басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі.Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып,ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
- Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
- Сабақты түрлендіріп өткізу;
- Сабақта оқушылар өздері жасаған постер,суреттер,схемаларды пайдалану;
- Техникалық құралдарды тиімді пайдалану;
- Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету;