+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Пн - Пт: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Сетевое издание выходит 1 раз в месяц на казахском и русском языках

Информационно - педагогическая газета ВКО
Сегодня: Пятница, 30 октября 2026 года
Читайте в этом номере: № 10 - 2026

Издается с сентября 2000 года. Свидетельство №16323-СИ

Саралап оқыту тәсілдерін қолданудың маңызы

Шакерова Дамежан Лунашаровна, зав.лабораторией посткурсовой поддержки и внедрения инноваций кафедры дошкольного воспитания и социализации личности филиала АО "НЦПК" ӨРЛЕУ"ИПК ПР по ВКО

Сабақта тапсырма сараланып берілсе алымы нашар оқушы өз күшіне сенімін жоғалтпай, күштілер орташалар қатарына түспей сыныпта алға ілгерілеу жүреді, бүкіл сынып қамтылады. Дәстүрлі оқытуда оқушылардың жеке қабілеттеріне бейімделу мүмкіндігі аз. Бағдарлама орташа оқушыға бейімделген. Ал ынтасы, алымы төмен оқушылармен жұмыс істеу, оларды алға ілгерілету үшін не істеу керектігі әрбір мұғалімді мазалайды.

 

Қашықтықтан оқыту барысында сыныпта сонымен қатар басқа оқушылардан білім, білік, дағдысы бойынша көш ілгері оқушылар отыр. Мұғалімдер сыныптағы алымдары үш түрлі оқушыларды толық қамтуы мүмкін немесе керісінше не ұмытып кетеді, не керісінше соларға көп көңіл бөліп қояды. Деңгейлік саралаудың мәні – бір сыныпта бір бағдарламамен және бір оқулықпен оқи отырып, оқушылар оқу материалын әр түрлі игереді. Осы мәселелер жөнінде «Өрлеу «БАҰО» АҚ ШҚО ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасы облыс мұғалімдерінің сұранысы бойынша «Саралап оқыту тәсілдерін қолданудың маңызы» тақырыбында дәріс-диалогпен ашық сұхбат өткізді. Кафедра аға оқытушысы, т.ғ.к. Чекетаева Роза Сарқытбековна онлайн ашық сұхбат барысында ұстаздарды толғандырып жүрген сұрақтар төңірегінде ой қозғады.

Бұл іс-шараны өткізу бүгінгі күн сұранысынан туындады. Өйткені қашықтықтан оқыту кезінде білім алушылардың оқу мақсатына жетудегі сыныптағы оқушылардың көпшілігінің ілгерілеуін көрсетуге мүмкіндік беретін тапсырмаларды жоспарлау мұғалім үшін өзекті мәселелердің бірі. Ұстаз қашықтықтан қолдау көрсетуді қажетсінетін және күрделі тапсырманы орындайтын оқушы үшін тапсырманы қалай бейімдеуге болаынын жоспарлай алуы керек.

Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған тәсілдерін қарастыру негізінде қашықтықтан оқытуда сабақты жоспарлауды зерделеу мақсатында өткен сұхбатқа тек облысымыз ғана емес, басқа өңірлерден де қатысушылар болды. Көкшетау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығына тартылған тренері А.Аскарова өзінің саралау туралы тәжірибесімен бөлісті. Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесіндегі саралауды қолдану бойынша мәліметтерге мұғалімдерге қызықты болды. Алматы облысы, Алакөл ауданының №14 орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі М.Аргынбаева қашықтықтан оқытуда саралауды ҚМЖ-ға кіріктіру бойынша мұғалімдерден келіп түскен сұраққа өз пікірін білдіріп, дәріскер сұрақтарына да зерттеушілік диалог арқылы қатысты. Өткен іс-шара өз мақсатына жетті, ұстаздар болашақта шеберлік сағатын өткізуге ұсыныс берді. Қазіргі таңда ғалымдар «барлығына жарамды» моделі бір адамға да онша пайдалы емес, ең оңтайлысы – «біреуіне жарамды» оқыту деп отыр деп ашық сұхбатқа ұласқан дәріс-диалогті аяқтады.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype