Сұхбаттың өзінің негізгі мағынасы бойынша-бұл әңгіме, оның барысында бір адам (интервьюер) сұрақ қояды, ал екіншісі оларға жауап береді. Әдеттегі сабақ үстіндегі сұрақ пен жауап тәсілдері сияқты өтеді. Қашықтықтан оқыту аясында «Сұхбатты» өткізуді WhatsApp жүйесінде видеоконференция немесе досыңа аудиохабарлама жіберу әдістерін қолданып отырмын.
Мұғалім жеке оқушымен де, оқушылар топпенде жұмыс жасауға мүмкіндік болады.
WhatsApp жүйесінде бір бірімен ана тілінде ғана емес, ағылшын тілінде хабарлама жіберіп, алып отырады. Сабақ тақырыбына кіріспе, қорытынды жасау, тылқылау кезеңдерінде сұхбат тәсілі тиімді. Жұп құру әдісі, көп жағдайда сынып оқушылары сағынып қалған парталасының номерін тауып, жеке чатына сұрақ қойып жауап алады. Тақырып бойынша өнім шығарғанда, оқушылар диалог немесе монолог құрап ортаға салады. Яғни жалпы чатта өнімдерін ұсынады. Аудиожазба ортақ чатқа жеткізілуі қажет, басқа оқушылар тыңдап, бағалап та отырады. Оқушылардың қызыға орындайтын түрі топта (4 оқушы видеоконференция) мәтін мазмұнын талқылау. Оқушылар жеке немесе шағын топтар құрамында тақырып бойынша сұрақтар ойлап табады. Сұрақтардың түрлерін, санын реттеуге болады (мысалы 2 жабық және 2 ашық сұрақ). Үздік оқушылар арасынан мұғалімнің көмекшілері (интервьюерлер) топ мүшелерін ұйымдастырады. Видеоконференция арқылы сұрақтар қойып, жауап береді, мәтінді талқылайды. Сұхбатты бастамас бұрын қандай сұрақтар бар екенін еске салу керек, ортаңғы буын сынып оқушыларына сұрақ үлгілері беріледі. Жұмысқа бөлінген уақыт туралы ескертіледі. Уақыт аяқталғаннан кейін ортақ чатқа қайтып оралады. Ортақ чатта уақыттың тығыздығынан 1 немесе 2 топ ғана аудио видео жазба жібереді. Басқа топ мүшелері бағалайды. Балаларға талқыланатын тақырыптар ертерек беріліп, үйде тақырып бойынша интернет ресурстарға сілтемелер немесе баспа материалдарын алған жағдайда сабақта тиімділігі артады. Сонда дайын ақпаратпен әр оқушы, анағұрлым терең сұрақтар қойылып сұхбат мәресіне жетеді.
Мұғалімнің ролі: видеоқоңырау әдісінде мұғалім көздеген 3 оқушыны таңдап жеке жұмыс жүргізеді. Тек қана оқушы жауабын қабылдап қоймай, әрі қарай жұмысты ұтымды өтуінін іске асыру мақсатында жұмыс барысында туындаған қиыншылықтар мен жетістіктерді анықтап отырады. Осы Сұхбат әдісін қолдана отырып, пәнге деген қызығушылықты арттырып, ең алдымен ағылшын тілінде бір-бірімен тілдесіп, сөйлеу дағдыларын артырамыз.