+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 9 ақпан 2025 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 2 - 2025
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

География пәнін оқытуда оқу мақсаттарын  айқындау

Зейнолдина Гульнафис Кайргазиновна, ШҚО Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-нің география пәні мұғалімі

Мақсат дегеніміз не? Мақсат — субъектінің саналы ұмтылысының нақты объектісі, соңғы нәтижеге бағытталатын процесс. Тікелей дәлел ретінде мақсат адамның қызметін басқарады және реттейді.

Ерте ерте ертеде Қытайда  ен даланы шегірткелер жаулапты. Егістіктер тақырға айналып, ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалыпты. Шегіртке әдейі басынғандай, патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті. Патша уәзірлерінен сұраса, бірі: дәрімен өлтіру керек, бірі отпен құрту керек, бірі оның жұмыртқасын құрту керек, ал енді бірі қыста өзі-ақ құриды, деп бас қатырыпты. Патшаның мақсаты қандай жолмен болсын шегірткені құрту болған. Шегірткені құрту мақсатында амал тауыпты. Әрбір ұстап әкелінген, өлтірілген  шегіртке үшін 1 юань төленеді деп жарлық шығарады.  Басында шегіртке саны азайғандай болған, бірақ күн санап олардың саны ұлғайып таусылып бітпейді. Сүйтсе адамдар 1 юань алу үшін шегірткені үйлерінде өсіріпті. Патша неге мақсатына жетпеді? Себебі, ол қолжетімді, өлшенген SMART мақсат қойылмады.

Егер «Географиядан немесе математикадан білімін жақсарту» деп мақсат қойып жатады. Бұл мақсаттың талдауы: нақтылы емес, өлшеу қиын, мерзімі көрсетілмеген. Мысалы, SMART негізінде қойылған мақсат: «бір апта ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін картадан көрсетіп үйрену». Бүгінгі таңда жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын сыныптарда оқу мақсаты ұзақ мерзімді жоспарда дайын күйінде берілген.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша сабақтың мақсаттары оқу мақсаттарымен келісілген болуы керек.  Яғни, сабақ мақсаттары оқушылардың қажеттіліктерін  ескере отырып, SMART форматында құрастырылады. Мысалы, сабақтың тақырыбы «Биосфера және оның құрамдас бөліктері», осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты «7.3.4.1 — биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды». Осы оқу мақсатынан сараланған сабақ мақсаты шығады. Барлық оқушылар берілген оқу мақсатын орындауы қажет.

Сабақтың қысқа мерзімді жоспарының ішінде осы сабақ мақсаттарын ашатын тапсырмалар беріледі. Байқап отырғанымыздай саралау сабақтың мақсатынан басталып тұр.

Кез келген мақсат әрбір SMART критерийіне сәйкес келуі керек. Бұл үшін келесі сұрақтарды өзіңізгеқойып жауап беруіңіз керек:

  • мен нақты/дәл нені қалаймын?
  • мен мақсатқа жеткендігімді қалай білемін?
  • мақсатқа қол жеткізу мүмкін бе?
  • мақсатқа жету үшін не қажет?
  • мен мақсатыма жетуді қашан қалаймын?

Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек. Сондықтанда сабақта оқу мақсатын оқушылардың естеріне түсіріп отыру қажет. Оқу мақсаттары нені оқып-білу, нені бағалай алу керектігін көрсетеді [1]. Оқу мақсаттарына сай келетін тапсырмаларды таңдап аламыз. Үздіксіз талдау жасау мұғалімдерге маңызды шешім қабылдауға көмектеседі. Ең маңыздысы жүзеге аспай қалған немесе мерзімі бойынша қалып отырған мақсаттарға мән беру.

Әл-Фараби «Адам мақсатына өзін-өзін жетілдіру арқылы жетеді», — дегендей жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған.  Онда оқушы өзін-өзі оқыту субьектісі. 

Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі — білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, АКТ пайдалану сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады.

«География», «Биология», математика, кез келген  оқу пәндерінің білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.

Оқу мақсаттарының жүйесіне оқу мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін код енгізілді. Код бойынша бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан — оқу мақсатының реттік санын білдіреді.

Оқу  мақсатындағы етістікті блум таксономиясының қай сатысы екенін анықтап алу қажет . Яғни, ойлау дағдыларының деңгейін сәйкестендіреміз.  Оқу мақсаттарын ойлау дағдыларының деңгейімен және бағалау критерийлерімен сәйкестендіру маңызды рөл атқарады. Оқу мақсатыдегеніміз оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды  жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым [2]. Сабақ барысында оқушыны оқу мақсатына жеткізу үшін мұғалім блум таксономиясының әр сатысының етістіктерін жақсы біліп, оны қолдана алу керек. Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерде оқу мақсатында тұрған етістікпен тығыз байланысты. Себебі, мақсатта «талдау» етістігі тұрса сіз талдау деңгейіндегі (жоғарғы ойлау дағдысы) тәсілді, стратегияны қолданасыз. Мысалы, Т кестесі, SWOT талдау, Венн диаграммасы сияқты. Ал сіз қалыптастырушы бағалау тапсырмасында оқу мақсатына жеткендігін тексеруде «тест», «сәйкестендіру» қолдансаныз онда мақсатқа жеткізбейсіз.  Яғни, әдіс-тәсілдің өзінің қай ойлау дағдысына сәйкес келетінің де біліп, түсініп барып қолданамыз. Оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге оқу жоспарында ұсынылған тапсырмалар мен кәсіби дайындығын пайдалану арқылы қажетті педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданады.

Мысалы, картамен немесе суретпен жұмыс жасау кезінде, бұл сурет қандай себеппен жасалған? Картада қандай елді мекен немесе өзен, тау бейнеленген? Көмекші/мұғалім бастапқыда бір немесе екі арнайы сұрақ ұсынуы мүмкін, ал қатысушылар барынша көбірек сұрақтар құрастыруы қажет. Сондай-ақ,  1-жаттығу кезінде  мұғалімдердің кейінгі талқылауларда пайдалануы үшін балалардың ойлауы мен олардың лексикасы туралы жазбалар жасауына болады. 

Қадағалау сұрақтары: Мысалы …  «Біз нені көре аламыз?»Проблеманы шешетін сұрақтар: Мысалы …  «Бұл суретті кім және қандай мақсаттармен салуы мүмкін?»  
Аналитикалық сұрақтар: Мысалы … «картада не сеспбі мына ел немесе өзен орналасқан, неліктен?»  Ерекшеленетін сұрақтар: Мысалы … «Осы сурет қандай типке жатады?»

Сұрақтар дұрыс құралса, картамен жұмыс немесе сретпен жұмыс оқушымен оң көрінісімен байланыс орнатады. Суреттермен жұмыс істей отырып, оның қандай мәлімет беретінін ғана емес, қандай мәліметті  ашпайтындығын да сұрау қажет. Суретпен жұмыс барысында оқушылардың визуалды айғақтар арқылы сын тұрғысынан ойлаулары дамиды.

Спиральді білім беру бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады:

  • оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
  • спиральді білім беру бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;
  • оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады [3].

Шәкәрім «Ғылымға қанағатсыз болу керек» дей отырып үздіксіз оқу туралы ой айтқан.  Оқу мақсаттары спиральдық (шиыршық) қағидаты бойынша сыныпішілік және сыныпаралық болып байланысады.  Оқу  бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, одан әрі дамытылып отыратын спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделген.

Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен бөлімшелерге топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі.

Әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған үлестірме материалдар. Жаңартылған білім мазмұны бойынша  «География» біліктілікті арттыру курсы. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016.
  2. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалдық бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Астана, 2016. -54 б.
  3. Қазақстан  Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «География» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы  негізінде әзірленген мұғалімге арналған нұсқаулық. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 118 б.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype