+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Менің әріптесім – 21 ғасырдың жаңашыл ұстазы

 Тугумбаева Меруерт Салихқызы, «Убинка жалпы білім беру орта мектебі» КММ, Шемонаиха ауданы

    Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

     ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді.

     «Ұстаз-ұлы есім», — деп  М .Әуезов атамыз айтқандай,  ұстаз болу шын мәнінде үлкен мәртебе. Ұлы есімге лайық , мектебімізде өмірін, бойындағы бар білімін 15 жылғы ұстаздық жолында  аямай шәкірт бойына сіңіріп келе жатқан  ұстазымыз, Шемонаиха ауданындағы Убинка жалпы білім беру орта мектебінің  педагог-психологы Подгорнова Ольга Викторовна.
      Білікті ұстаз атанған  Ольга Викторовна Қазақстан –Американдық ерікті университетін   2000- жылы ойдағыдай аяқтап, аталған мектепте қызмет жасап келеді.
       Отбасы мен мектеп жұмысын қатар алып жүрген,  тәрбие мен білімін беруде  ұстазымыздың еңбек жолындағы жетістіктері де аз емес.
      2002 жылы  Шемонаиха аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағазымен марапатталса, 2005 жылы мектепішілік  Құрмет грамотасымен және 2007 жылы Шемонаиха аудандық  әкімінің  Құрмет грамотасымен марапатталды.
      Ұстазымыз бар жиған білімін шәкірт бойына дарытып, оқушылардың жан-жақты дамып, үлкен азамат болып өсуі үшін тынбай еңбек етіп келеді. Аудандық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орын алған шәкірттері қазіргі таңда  еліміздің түкпір- түкпірінде жоғары және арнайы орта білім орындарында оқып жатыр.
     Ольга Викторовна «Нұр Отан» партиясының төрағасы.
   Әріптесім өз кәсібінің майталманы, алдына қойған мақсаттарына барлық рухани күш-жігерін , парасат-қуатын салып орындап келе жатыр. Бұл –әркімнің қолынан келе бермейтін , ерекше талантты қажет ететін , бай қиялды адамға тән қасиет.    Сондай-ақ әріптесім  күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын тұрады .Сондықтан да әріптесім Ольга Викторовнаны  әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсірді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізіп келеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Ольга Викторовна  аудандық психологтардың әдістемелік бірлестігінің жетекшісі. Жас әріптестеріне ақыл-кеңес беруден жалыққан емес.    Ол — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ольга Викторовнаның  осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, әріптестеріне де, жұртшылыққа да өнеге.
    Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру.
    Елбасымыз: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.  Мұғалімнің негізгі басты мақсаты — рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек.  Ольга Викторовна  Подгорнова сол жаңашыл ұстаздардың бірі. Республикалық   семинарлар, вебинарларға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісіп тұрады. Әріптесім облыстық , аудандық сайыс, конкурстардың қатысушысы.  Аудандық «Ең үздік психолог» конкурсының жүлдегері.  Газет-журналдарға басылып, әріптестеріне өз еңбектерін жиі ұсынады.
    Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалімнің бірі – менің әріптесім деп ойлаймын. Ольга Викторовна тек ғана шәкірттермен емес, ата-аналарға психологиялық көмек көрсете біледі. Мектеп қабырғасында еңбек етіп, әріптесім   бірінші санатты , жоғары білімді, тәжірибесі мол , өз ісіне адал ұстаз екенін көрсетіп келеді.
    Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу. Сондай ұстаз менің әріптесім Подгорнова Ольга Викторовна деп санаймын. Әріптесім — өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
    Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры.Сондықтан тәжірибесі мол өз ісіне тиянақты қарайтын әріптестерімізден қалыспай, жаңашылдыққа бірге самғайық. 

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, 
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған. 
Шаршаса да осы жолдың бойында, 
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype