+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 26 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жақсыдан шарапат

Бухарбаева Роза Женисхановна, «Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі» КММ-нің орыс тілі мұғалімі, Күршім ауданы 

    Бүкіл Қазақстан Республикасы көлемінде аталып өтіп жатқан «Қайырымдылық», «Жүрек  жылуы» акциясы еліміздің жер-жерлерінде үлкен қолдау тауып, қызу жүріп жатқанын БАҚ-тан естіп, оқып, көре отырып, қаншама жомарт және мейірімді адамдардың барлығына разы боласың. Бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл акцияның келер ұрпақ алдындағы аға буынның абыройын асқақтататын, кішіге үлгі болатын маңызы зор.

    Осындай игі шаралар легі көбеймесе, азайған емес. Осыған орай «Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі» КММ бойынша да көптеген қайырымдылық көмектер жасалынды. Мектеп мұғалімдері аз қамтылған отбасы балаларына оқу құралдарымен көмектессе, округімізден сайланған аудандық мәслихат депутаты, осы мектептің түлегі Нұрлан Қасымханов үш оқушыны толық мектеп формасымен, оқу құралдарымен қамтамасыз етті. «Бір сәби қуанса, мың періште қуанады екен» деген халық арасына кең тараған сөзге сүйенсек, беделді азаматтың осы жасаған қайырлы ісі патша көңіл бала жүрегінен мәңгі орын алары сөзсіз.

    Мектеп оқушылары мен ата-аналары атынан халық қалаулысы кәсіпкер азаматқа үлкен алғыс айтамыз. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет»,- деп Елбасымыз Н.Назарбаев  айтқандай, елі мен жерін көркейтуге үлес қосып жүрген азаматтардың істері ілгерілеп, еңбектері жана берсін дегім келеді.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype