| Бағалау критерийі (Білу, түсіну, қолдану.) |
Мәтінді түсініп оқиды, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, үнді, ұяң) ажырады. Дауыссыз н,ң дыбыстарының емлесін сақтап жазады. |
||||
| Құндылықтарды дарыту | Еңбек пен шығармашылық. Мәтін мазмұнын талдау барысында Садық пен әкесінің еңбекқор адамдар екенін түсінеді. Өз бетінше н мен ң дыбыстарының ерекшелігін түсіндіре алады. | ||||
| Пәнаралық байланыс |
Дүниетану— күзде табиғатта болатын өзгерістер жайлы мәтінді тыңдау, талқылау барысында. Әдебиеттік оқу— мәтін мазмұнын талдау, кейіпкерлерге мінездеме беру. |
||||
| АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта – мамандық түрлері мен қажетті құралдарды сәйкестендіру | ||||
| Бастапқы білім | Дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз дыбыс. | ||||
| Сабақтың жоспары | |||||
| Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
| Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал тудыру Сәлеметсіңдер ме, балалар! Тақпақты қайталайық Өсеміз біз күліп-ойнап Он саусақтың саласындай. Өсеміз біз күліп-ойнап Бір адамның баласындай — деп, барлығымыз қол ұстасамыз. Топқа бөліну 4 топқа бөлінеді. Мамандақ түрлеріне байланысты суреттер бойынша. Аспаз, сылақшы, тәртіп сақшысы, қобызшы. -Балалар. Бүгін біз сабақта не туралы білеміз деп ойлайсыңдар? -Әрине, мамандықтар туралы айтатын боламыз. Ширату тапсырмасы Берілген сөздердің соңғы әріптерін ң әрпіне ауыстыр. Не байқадың? «Тез тауып, бөгелмей айт» әдісі бойынша. Сөздер интерактивті тақтадан көрсетіледі Мен-(мең), сен-(сең), он-(оң), тон-(тоң), шын-(шың). Сөздердің мағынасын түсіндір. ҚБ. «Бағдаршам» арқылы Н мен ң дыбыстарын жеке-жеке айтып, олардың айтылу ерекшелігін айтып көр. Н дыбысын айтқанда тілдің ұшы тіске тиеді. Ң –кері кері (артқа) қарай шегінеді. Н мен ң екі басқа дыбыс, н-тіл ұшы дыбысы, ң – тіл арты дыбысы. Екеуі де үнді дауыссыз дыбыстар. |
Аспаз, сылақшы, тәртіп сақшысы, қобызшы суреттері. | |||
| Сабақтың ортасы Сергіту сәті |
Тыңдалым, айтылым.
Тапсырма № 1.
Мәтінді тыңдату. Мәтін не туралы?
«Сұрақтар жаңбыры» әдісі Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, қайтадан лақтырады. Ойын осылай жалғасады. -Садықтың әкесі кім? — Олар бақта қай кезде еңбек етеді? -Садықты кім ойынға шақырды? -Садық не істеді? -Күзде бақта қандай өзгерістер болды? -Қалел не деді? -Садық қалай жауап берді? Мәтіннің мазмұнын түсіндіңдер ме? ҚБ. «Үш шапалақ» Дескриптор. 1. Мәтінді түсініп оқиды. 2. Сұрақтарға дұрыс жауап береді. 3. Негізгі ойын анықтай біледі. Тапсырма № 2. «Дана үкі» әдісі. Топпен жұмыс (Топпен отырған оқушыларға тақырып бойынша тапсырма беремін. Оқушылар тапсырманы орындайды. Ортаға шығып қорғайды). Топтарда мәтінді талқылау. Мәтіннің негізгі ойын анықтау. 1- топ. Венн диаграммасы арқылы Садық пен Қалелді салыстырыңдар. 2-топ. Күзгі бақта қандай өзгерістер болды? Сурет салыңдар. 3 топ. Мәтіннің негізгі ойын анықтайтын мақалды тауып, түсіндіріңдер. («Кім ойынға елікпей еңбек етсе, жер соны қарық қылады») . 4-топ. Мәтіннің негізгі ойы қандай? Дәлелдеңдер. (Негізгі ойы еңбекті сүю, өз ісіне жауапкершілікпен қарау). ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек». Дескриптор. 1.Венн диаграммасы арқылы екі кейіпкерді салыстырады. 2.Күз айының өзгерістерін бейнелейтін сурет салады. 3. Мәтіннің негізгі ойын анықтайтын мақалды табады, түсіндіреді. 4. Мәтіннің негізгі ойын тауып, дәлелдейді. Желкілдеген желменен, Жел егінді тербеген. Өсірді оны дихандар, Тамшылаған терменен. Тапсырма № 3. «Жатқа жаз, қатесіз жаз» әдісі Мақалды жатқа жазу. Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын. Н,ң дыбыстары бар сөздердің астын сыз. ң дыбысы сөздің басында кездесе ме? Мақалдың мағынасын түсіндіріңдер. Тапсырмаларын өзара тексереді. Дескриптор. 1. Сөздерді қатесіз дұрыс жазады. 2. Н дыбысы бар сөздің тауып, астын сызады. 3. Ң дыбысы бар сөздің тауып, астын сызады. 4. Ң дыбысының сөздің басында кездеспейтінін айтады. Тапсырма № 4. Суретпен жұмыс. Сәйкестендір. «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы. Мамандық иелеріне өздерінің қажетті құралдарын таңдап бер. Аспаз қалақша Қобызшы бұрғы Суретші қобыз Құрылысшы акварель Шахтер ожау Суреттегі мамандық иелері туралы не білесіңдер? Саған бұл мамандықтардың қайсысы ұнайды? Неліктен? Өзің болашақта қандай мамандықты таңдар едің? ҚБ. «Басбармақ» Дескриптор. 1. Мамандық иелерін біледі. 2. Мамандық иелерін өздерінің қ ажетті құралдарымен сәйкестендіреді. 3. Мамандық иелері туралы білетіндерін айтады. 4. Ол мамандықтың не себепті ұнайтынын негіздейді 5.Өзінің болашақ мамандығын болжайды. |
||||
| Сабақтың соңы |
Деңгейлік тапсырма
1-тапсырма. Сөздерді оқы. Қай сөздерде н,ң әріптері қате жазылған. Сол сөздердің қатесін түзеп, көшіріп жаз.
«Кім ойыңға елікпей енбек етсе, жер соңы қарық қылады».
2-тапсырма.
Берілген сөзге сәйкес келетін әріпті қоршап сыз. Сөздерді қатесіз көшіріп жаз.
Жа (н,ң)ғақ, қайы(н,ң), мәті(н,ң), ре(н,ң)іш.
3-тапсырма.
Ң әрпі ортасында келетін 2 сөз, аяғында келетін 2 сөз ойлап жаз.
Дескриптор
1.Қатемен жазылған сөзді табады, қатесін түзетеді. 2.Сөздерге н,ң әрпінің тиістісін қойып қатесіз жазады. 3. Ң әрпі сөздің ортасында келетін 2 сөз жазады. 4. Ң әрпі аяғында келетін 2 сөз ойлап жазады. |
||||
| Бағалау Кері байланыс |
Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы 1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы 2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы 3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.
|
Кері байланыс | |||
| Үйге тапсырма: | |||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
№ 1, 2 тапсырмаларда «Диалог және қолдау көрсету» саралауын қолданамын. Оқушыларды ойланту үшін қосымша сұрақтар қоямын.
-Садық пен Қалелдің қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?
— «Кішкентай бағбан» деген атаудың мәтіннің негізгі ойымен қандай байланысы бар?
№ 3 тапсырмада қарқын арқылы саралауды жүргіземін.
Жасырынған сөзді тауып жаз.
Бұл сөздерде неше буын, неше әріп бар екенін жаз, дауыссыз дыбыс түрлерін ажырат.
Баяу орындайтын оқушыларға қосымша уақыт беремін.
Тапсырма арқылы саралау.
Сабақ соңында деңгейлік тапсырма арқылы қолдауды қажет ететін балаларға, қолдауды аз қажет ететін балаларға, қолдауды қажет етпейтін оқушыларға арналған тапсырма беремін.
|
Бағалау — Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Сабақ барысында . «Бағдаршам» , «Үш шапалақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Басбармақ» бағалау түрлері қолданылады. «Екі жұлдыз, бір тілек» — екі ұнаған нәрсе, бір тілек- жақсартуды қажет ететін нәрсе туралы айтады. | Пəнаралық байланыс Әдебиеттік оқу, дүниетану Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс – интерактивті тақтамен жұмыс болады. Құндылықтардағы байланыс | |||
| Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
| Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? | |||||

