Күні:16.04.18ж
Топ:«Балауса» 2-ші сәбилер тобы.
Білім беру саласы/ бөлімі: «Қатынас. Әлеуметтік орта» / «Көркем әдебиет»
Сабақтың тақырыбы: «Айна» ертегісі
Білімділік мақсаты: Балаларға ертегіні оқып таныстыру, ертегі мазмұнын түсініп, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. Айна туралы түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты:ертегі мазмұны арқылы әдептілікке тәрбиелеу.
Түзете-дамытушылық: мнемошаршыларды қолдану арқылы интелектуалды денгейн және тіл үстірту жаттығудың көмегімен балалардың тіл кемістіктерін тузете-дамыту. Сөздік жұмыс арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту. Техникалық оқыту құралдар арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс-тәсілдер: ойын, сөздік, көрнекілік, көрсету, үйрету, оқу, дәстүрден тыс мнемокесте.
Көрнекіліктер: кейіпкерлердің суреттері, айна, қорапша, бейнетаспа.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы
Іздеу- ұйымдас-тырушы
Рефлек-сиялық түзетуші |
Балаларды қарсы алу әуенмен: -Салеметсіңдерме балалар, мен ертегілер ханшайымымын. -Олай болса ойын ойнайық: Д/о «Әй балақай» Мақсаты: ойын арқылы ертегі кейіпкерлерінің қимыл-қозғалысын көрсетуді үйрету. Шарты: Тәрбиеші сұрақ қояды, балалар қимылмен көрсетеді. Ғажайып сәт: Мен жолда келе жатып, кішкентай ғана қорапша тауып алдым. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келеді ме? Жұмбақ жасырады: Жылтырақ бір әйнек, Ол не? Дұрыс шештіңдер балалар,кораптың ішінде шынымен айна (балалармен қайталау) Ал мен, балалар, айна туралы ертегі білемін. Ертегі тыңдағыларың келеме? Олай болса жайғасып отырыңдар ертегіні тыңдаңдар. Сұрақ: Ал ертегі не туралы екенін маған айтып бересіңдер. Ертегіні айтып беру: «Айна» ертегісі. Бір күні орманда кірпі, қоян және керік келе жатады. Олар ағаштардың арасынан бір нәрсенің жылтырағанын көріп, қарамақшы болып барады. Кірпі бірінші болып қарап: « Мынау кім? Өзінің үсті басы тікенек – тікенек, бойы да, құлақтары да кішкентай, мұрны үп – үшкір екен», — дейді. Екінші боп қоян келеді. Ол қарап: «Жоға! Қарасашы оның құлақтары ұп – ұзын, өзі үлпілдеген, көздері қызыл , мойыны да қысқа ғой », — дейді. Ең соңғы боп керік келеді. Ол қарап: «Қайдағы мойыны қысқа? Мойыны да, бойы да ұзын, құлақтары кішкентай ғой», — деген екен. Сұрақ: Балалар, ертегіде не туралы айтылған? (ия, балалар, дұрыс айтасыңдар ертегі айна туралы) Сөздік жұмыс: Айна — тазалық заты, айнаға қарап біз өзмізді көреміз. Сергіту сәті: бейне таспа бойынша жасау. Ал, балалар, ертегіні тағы тыңдайық. Кірпі, қоян,керік нені тауып алды соны естеріңе сақтаңдар. Сұрақ-жауап: -Сонымен кірпі, қоян, керік нені тауып алды? Дұрыс балалар, кірпі, қоян, керік айнаны бірінші рет көрді,айнаға қарағанда өз суретін көретіндерін білмегендіктен, олар дауласты. «Айна» ойыны. Мақсаты: Балаларды айнаға қаратып тіл үстірту жаттығуын жасау. Айна,айна на-на-на, Қорытындылау: Рефлексия: Балалар бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар. Ертегі сендерге ұнады ма? Олай болса жақсы көңіл-күймен қолымызды шапалақтайық. |
Балалардың жауаптары.
Ойынды шартымен орындау.
Таңдана қарайды.
Ол – айна.
Мұқият тың-дайды.
Түсіндіру.
Қимыл –қозғалыс жасайды.
Балалардың жауабы.
Ойынды мақсатымен орындау.
Балалардың жауабы |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын біледі.
Игереді: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауды игерді.
Меңгереді: ертегінің мазмұнын айта білуді.
Ұйымдасқан оқу іс-әрекетінің нәтижесі: оқу іс-әрекетінің барысында қойылған мақсаттарға мнемокесте, үстірту жаттығулар, сергіту сәтін, сөздік жұмыс, техникалық оқыту құралдар қолдану арқылы толық жеттім деп айталамын. Сабақ қорытындысында балалар еркін, өз беттерімен «Айна» ертегісінің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді, кейіпкерлерін атап, оларға мінездеме бере алды.