+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Қоянның туған күні!

Кунгожина Кунсулу Замангельдиновна, «Еке-Нұр» жеке меншік балабақшасының тәрбиешісі, Теректі ауылы, Көкпекті ауданы 

Бұл сабақтың негізгі мақсаты балаларға өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік не екенің түсіндіру және балалардың жануарларға деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын дамыту. Ойын арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығың ояту. Ойындар арқылы жаңа сабақты балаларға жеткізу.

 «Жаратылыстану» пәні

Мақсаты:
Білімділік: еңбек құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Өзара сыйластық, достық, сүйспеншілік туралы түсініп беру.
Дамытушылық:  өзара сыйластық қарым- қатынасын дамыту.
Тәрбиелік: бір- бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Үштілдік компоненті: дос- друг- friend, достық- дружба- friendship, құстар- птицы- birds, жанұя- семья- family, нан-хлеб- bread
Демонстрациялық материал: үлестірмелі суреттер, тапсырмалы геометриялық пішіндер,  жан жануарлардың дыбыстары
Үлестірмелі  материал: әр түрлі геометриялық пішіндерге ұқсас заттардың карточкалары, үлестірмелі карточкалар.

Тәрбиешінің әрекеті
Көтеріңкі көңіл-күй:
—  Балалар, оқу қызметіміз сәтті өтсің!
—  Бүгінгі оқу қызметімізде, мен сендерге көтеріңкі көңіл күй, қуаныш сыйлағым келеді.
—  Сендер, тапқыр, белсенді балалар екендеріне сенемін!

Үш тілде амандасуын ұсынады.
—  Сәлеметсіз бе!
—  Здраствуйте!
—  Good morning!

Шаттық шеңбері:
Күніміз шуақты болсын
Жасымыз ұзақ болсын
Тамағымыз тәтті болсын
Сабағымыз сәтті өтсін

Кіріспе әңгіме:
Балалар бүгін біз сендермен қоянның туған күніне барамыз ол үшін біз сендермен ойын ойнаймыз.
Бұл ойының бастапқы мақсаты  алдарына тұрған кедергілерден өту. Бұл ойында бәріміз жануарлар боламыз. Бірақ біз топтан жануарлар әлеміне түсу  үшін мына сиқырлы есіктен өтуіміз керек.

Балалар қарайықшы туған күнің дастарханы бос па?
— Бос екен!
— Ал дастарханды жасау үшін ең алдымен бізге не керек?
— Дүкенге бару керек
— Дұрыс айтасындар балалар! Туған күнге дастархан жасау үшін ең алдымен дүкенге баруымыз керек. Енді барлығымыз дүкенге аттанайықшы. Балалар біз дүкеннен заттарды алу үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек екен.

Тапсырма 1:
Жемістер:                          Алма- эпл
Жүзім-грейп
Өрік — пич
Алмұрт-пейа
Көкеністер:                         Сәбіз- кэрот
Картоп — потейто
Қызанақ-томато
—  Өте жақсы енді баріміз қолымызға дастарханға керек заттарды алып бірінші белестен өтейік.
—  Енді балалар тағы туған күн иесіне не беруге болады? Алдымызда нені көріп тұрмыз?
—  Шар.
— Дұрыс айтасындар шар!
—  Бірақ бұл шарды да жайдан алмаймыз бұл шарды алу үшінде тапсырмасын орындауымыз керек.
—  Қазір мына столға барлығымыз келіп пішіндеге байланысты тапсырманы орындаймыз.
Тапсырма 2.  Геометриялық пішіндерге байланысты тапсырма.
—  Өте жақсы балалар. Енді артымызға қарайықшы біз сендермен 2 белесті жеңіп шықтық.
Сергіту сәт

Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп алып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып ытқып жүгірді

Қарабеді артына қыйығын
Салып өзінін көжеге екен өзінін
—  Енді алдымыздағы келесі кедергіміздің тапсырмасы біздің есту қабілетімізді тексеруге байланысты тапсырма.

Тапсырма 3.
—  Бәріміз мұқият тыңдайықшы, бұл қандай жануарлардың дыбысы екен?
—  Маймыл
—  Піл
—  Жылан
—  Қасқыр
—  Аю
—  Жақсы балалар бір қадам алдыға жылжимыз.

Тапсырма 4.  Сыйлық сыйлау
—  Бұл суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
-Өте жақсы балалар біз сендермен енді туған күн иесіне үстел жасайық! Енді туған күн иесіне ән шырқап берейік!
Хэппи бөздей ту ю 2 рет
Хэппи бөздей диә френд
Хэппи бөздей ту ю

-Балалар енді қайта сиқырлы есіктің көмегімен тобымызға оралайық.

Сабақтың қортындысы
—  Балалар өте жақсы бүгінгі ойын сендерге ұнадыма?
—  Несімен ұнады?
— Сау болыңдар! 

Сабағымды қорыта келгенде, балалар жануарлардың маскаларың киіп жануарлармен танысты жәнеде қай жануар қай дыбыс шығаратының білді.Жемістермен көкеністерді, геометриалық пішіндерді ажырата білді. Әртүрлі көрнекі құралдары қолданып  жаңа бағдарламаға сай өткіздім.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype