Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі Берекелі алтын күз атты ертеңгіліне қош келдіңіздер!
Музыка залының іші мерекеге арнап әсем безендірілген. Музыка ойнап ортаға әдемі киінген Алтын күз шығады.
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын.
-Сіздер білесіздер ме? Бүгін менің туған күнім. Соған менің достарым, қонақ-тарым келу керек еді, соларды күтіп жүрмін. Мына жақтан дауыстар естіледі, мүмкін қонақтарым шығар келе жатқан.
Музыка ойналып, қолдарына жапырақтары бар балалар кіріп, жарты шеңберге тұрады.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Сәлеметсіз бе, Алтын күз! Туылған күнің құтты болсын.
Алтын күз:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Төрге шығыңдар, менің құрметті қонақтарым болыңдар.
Жүргізуші: Біз қонаққа құр қол келген жоқпыз. Өзіміздің ән, би, тақпақтарымызды ала келдік .
Біз өнерлі баламыз
Шырқап әнге саламыз
Ән: «Жаңбыр» (хормен)
Алтын күз: Рахмет, балалар. Орындықтарға отырыңдар.
Жүргізуші: Алтын күз, сіздерге арналған тақпақтарымыз бар, тамашалаңыз.
Алтын күз: Рахмет, достарым.
Жүргізуші: Өнер десе өрлеген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
Жапырақ биін билеген
Би:Жапырақтар
Жүргізуші:Алтын күзде тұрмайық
Ән салайық билейік
Шаттанайық, қуанайық
Қызық ойын ойнайық.
Алтын күз:Апайларыңдұрыс айтады, балалар. Той ойынмен қызық емес пе?
1.Ойын: «Ойлан тап»
Шарты: Екі топта үш баладан болады. 1-топқа жемістердің, 2-топқа көкөністердің қиындылары беріледі. Балалар сол қиындылардан екі жеміс пен екі көкөністі құрап шығуы тиіс.
2. Ойын «Кім тез жинайды»
Шарты: Ортаға бір неше баланы шақырып. Көкөніс пен жемістерді ажыратып жинайды
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге сырлы ой салар
Әнді сүйсең менше сүй;-деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті балалардың орындауындағы әсем әнге берейік
Ән: Балдырған
Есікті қатты қаққан дыбыс естіледі.
Алтын күз:-Бұл кім екен? Кіріңіз, бүгін бізде бәрі қонақ.
(Осы кезде есік ашылып, Бағбан ата кіреді)
Бағбан ата: Амансыздар ма, шырақтарым!
Алтын күз: Сәлеметсіз бе, ата!
Бағбан ата: Туған күніңмен,Алтын күз! Мерекең құтты болсын. Жылдан жылға байып, Қазақстан жерімізді көркейтіп жүр.
Алтын күз: Рахмет, ата.
Бағбан ата: Алтын күз,біз сізге тосын сый әкелдік. Соны қабыл алыңыз.
(Көрініс көрсету)
Жүргізуші: — Бір күні кішкентай қыз бала ойнап жүріп,шөп арасынан қып-қызыл жидек тауып алады.
Қыз:- Қараңдаршы қандай дәмді (жеп алады).
-жидек, рахмет саған! – дейді.
Су: — Сен маған алғыс айтасың?
Қыз: — Бұл кім өзі? (судың сылдырлаған дыбыстары)
Су: — Мен сумын, мен ол жидекті суардым соның арқасында үлкен әрі тәтті болып өсті.
Жер: — Ал, менше? Маған кім алғыс айтады.
Қыз: — Бұл кім?
Жер: — Кім болушы еді мен жермін, жидекті топырағымда өсірдім, қоректендірдім.
Күн: — Мағанда рахмет айтуларың керек, менің сәулелерім болмаса оны кім жылытып, қып-қызылғып пісіреді.
Қыз: Жер,Су,Күн, барлықтарыңызға рахмет! Сіздердің арқаларыңызда мен тәтті жидек жедім.
Бағбан ата: Ия, Алтын күз, бұл көрінісіміз сізге ұнады ма?
Алтын күз: Ия, ата ұнады.
Жүргізуші: Бишілердің бишілері,
Би дегенде тұра алмас.
Көңілді би билеп берсе,
Халқым қалай қуанбас.
Би «Камбой»
Жүргізуші: Ел жұртынан бақпен байлық сұрайтын
Қыздар елге қылығымен ұнайтын
Ақылдарына көркі сай
Тал бойында өнерлі деп
Қыздарымызды биін тамашалайық
Би: Жаңбыр
Жүргізуші:
Ән: Жас дәуірдің түлегіміз
Алтын күз: Бүгінгі туған күнім есте қаларлықтай ерекше өтті.
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз
Тілектермен нығайсын мерекеміз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс
Осыменен аяқталды мерекеміз.
Балалар: Қош сау бол, Алтын күз.