+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Бастауыш сыныпта дамыта оқыту негізінде оқушының жазбаша тілін дамыту

Мисина Сауле Аскербаевна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Өмір бойы білім алу - әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деп бекер айтпаған. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда деп Елбасының биылғы жылғы Жолдауында айтылып өткендей, қазіргі кезде оқушының коммуниктивтік дағдыларындамытуда тиімділігі жоғары интербелсенді әдістер мен құралдарды қолдану қажеттілігі туындап отыр. Оқушылардың коммуниктивтік дағдыларын, функционалдық сауаттылықтарын, өздігінен іздену, зерттеу, сыни талдау, бағалау дағдыларын дамыту – жаңартылған білім мазмұнының негізгі мақсаты болып отыр.

Психолог Л.С. Выготскийдің айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі- бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуіде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Қазіргі кезде цифрлық технологияларды дамыту және адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам қарқынмен дамуына байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе болуына байланысты, бағдарламаны іске асыру барысында оқушылар алған білімдерін өмірде, әлеуметтік ортада қолдана алуға өзгермелі өмірге бейімделуіне, бастамашылдықты, сыни ойлауды дамытуға және жас ұрпаққа стандартты емес шешімдерді қабылдауға үйретеді. Дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, тіл және әдебиеттік оқу пәндерінде оқушылардың, коммуникативтік дағдыларын, функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

Дамыта оқытудың басты мақсаты – баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Бастауыш мектеп — оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын да дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Бастауыш сынып сатысының ерекшелігі мектепке қабылданған оқушылардың дайындық деңгейінің, психологиялық, физиологиялық жағынан әр түрлі болуында. Сондықтан бастауыш мұғалімінің қызметі әр баланың жеке ерекшелігіне қарай жағдай жасау үшін тұлғалық, бағдарлы болуға тиіс. Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі болады. Дегенмен әр бала бір нәрсеге бейім болады. Бейімділік — оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін «дайын» білім көзі болмай, керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Бұрынғы догмалық әдістерден арылып, тиімді әдістемелік жолдарды қажетіне қарай пайдаланып отыру тәжірибеге айналып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелді қолдану керек. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтқан.

Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты — болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге, өз Отанын, ел-жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі – алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі. Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық-психологиялық өзгешеліктеріне байланысты. Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға, ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді. Дұрыс , сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына , буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады. Оқушыларды сауатты жазуға «Әліппені» оқытудың алғашқы кездерінен үйрету керек, ол үшін графикалық диктант жүргізген жөн. Мақсатына қарай оларды өткізудің тәсілдері түрлі-түрлі. Жақсы оқи алатын бала таза да, сауатты жаза біледі, ал, жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді. Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады. Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы дұрыс айтылуын қадағалаймын. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызыпкөруі арқылы қалыптасады. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – диктанттарды қолдана білу. Мәселен оқушылардың білім сапасын жақсартуда, ой-өрісін кеңейтуде, алған білімдеріндегі кейбір олқылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін диктанттарды пайдалану мен үшін өте тиімді. Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың, әсіресе диктанттың маңызы зор. Тек диктант түрлері грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергенін және нелерді шала білетінін байқатады. Сондықтан диктант қай сыныпта болмасын, неғұрлым жиі алынса, оқушылардың сауаты соғұрлым табысты болмақ.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойлау қабілетін дамыту туралы «Ойлау-жанның өте бір қиын, терең ісі»,-деп атап көрсете келіп, мұғалім баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді. Бастауыш мектеп оқушысы үшін дамытатын жаттығулардың кешенді орындауы олардың танымдық іс-әрекетінің барлық түрлерін қамтиды. Дамытатын танымдық жаттығулардың мақсаты: мектептегі оқытудың интеллектуалдық потенциалын көтеру, және әр сабақты оқушының танымдық құқықтарын меңгеруге бағыттау, тапсырманың шешу жолдарын талдау, тапсырманың орындалуына түрлі тәсілдер іздеу, өзінің шешімін құрбыларының жұмысымен салыстыру өзінің дәлелдеген шешімін үйрету болып табылады. Оқушы бойындағы шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқу мен білім алуға деген ұмтылыс күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, ішкі дүниесінің сыртқы ортамен байланысы дамып, дүниетанымы арта түседі. Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:

1.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;

2.Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

3.Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырма. Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын:

1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, рөлге бөліп оқытып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;

2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;

3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;

4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;

5. Қиялдау арқылы сурет салғазу, ролмен ойнату;

6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.

7. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

8. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

9. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

10. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

11. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

12. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

13. Образға кіру.

Сыныбымдағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.

Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде үздіксіз қолданамын. Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырып-салма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру. Осы шығармашылық жұмыстардың ішінен «образға кіру» түріне тоқталсам: жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Кітаппын (Лақпын, Қасықпын, Дәптермін, Орманмын, Көлікпін, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызамын. 3 оқушының әңгімесі: Мен-Дәптермін. Мен дүкендерде сатыламын. Мені судай жаңа бетімде сатып алды. Менің таза,жылтыр бетіме оқушылар жазу жазып үйренеді.Ақылы бар бала мені күтіп ұстайды.Ал кейбір ұқыпсыз балалар бетіме артық шимайлар салып,май қолымен ұстайды мені. Сонда мен қатты қысыламын. Мен балалардың дұрыс, қатесіз жазғанын ұнатамын. Мені ұқыпты оқушы қаптап ұстайды. Мен әр түрлімін,есепке және жазуға арналғанмын Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.

Сонымен бірге коммуникативтік біліктіліктері дамиды (ақпарат беру, ақпарат жасау), ақпараттық проблемаларды шешуі (ақпаратты табу, жүйелеу, өңдеу, бағалау және ақпаратты ұсынудың әр түрін пайдалана алады).Оқушының бойында дербес танымдық іс-әрекет өрісіндегі құзырлылық,күнделікті тұрмыстық ортадағы құзырлылық қалыптасады.

Тіл және әдебиеттік оқу пәні «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын жүзеге асыруда, оқушы бойында кең ауқымды ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындықтан жобада сабақтарда қолдану жолдары баяндалады. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білу тиіс.

Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп барып, ол жаңа білімді меңгеруге әрекеттенеді.

Егер оқушылардың коммуникативтілік дағдыларын дамытуда мұғалім дамыта оқыту технологиясын жүйелі түрде сабақтарда қолданса, онда аталмыш пән бойынша оқыту процесінде оқушылардың пән бойынша білім, білік, дағдысы дамиды, сол арқылы өз мақсатына жетуі, сын тұрғысынан ойлану арқылы өз іс-әрекетін рефлексиялауы және ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар, 4К моделі: креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілік дамиды және командада жұмыс істей білуі, қоғам өміріне белсене араласуы күтіледі. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде де тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады. Мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарын дамытуда дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылыққа баулу, өзін-өзі реттеуге үйрету және интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға қол жеткізіледі.

Оқушылардың танымдық қабілеттерінің даму деңгейлерін анықтау үшін тақырыптық тексерулер жүргізіліп келеді.Соның нәтижесі бойынша оқушының білімінің жеке даму бағыты мен жеке даму траекториясы анықталып, салыстырулар жүргізілді.

Осындай көрсеткіштер бойынша талдау жасай келе оқушылық, алгоритмдік білім деңгейі жоғары болғанымен эвристикалық, шығармашылық деңгейлерін арттыруда оқытудың жаңа тәсілдерін әздестірудің қажеттілігін аңғаруға болады. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған республикалық, облыстық, қалалық олимпиадалар мен сайыстарға белсенділікпен қатысып, сынып оқушылары өз шығармашылық қабілеттерін ұштаумен бірге, жыл сайын өз жетістіктерін жоғарғы дәрежеде көрсете білді. Оқушы үшін әрбір сайыстың қажеттілігі зор.

Тіл және әдебиет пәні бойынша сынып оқушылары оқу бағдарламасын меңгерді. Әр оқу жылында білім сапасы, сыныптың білім деңгейі жақсы. Оқушылардың оқуға деген ынталары жоғары, ата-аналардың жауапкершілігі зор. Білім сапасының өзгеріп отыруы оқушылар санына бағдарламаның күрделенуіне де байланысты. Сондықтан әр пәннің білім сапасының көрсеткіші өзгерді. Білім сапасын арттыру мақсатында тоқсандық демалыстарда, оқу жылының соңында оқушыларға жаздық тапсырмалар берілді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының 2016-2019 жж. арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. — Астана. — 2016.
  2. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»/ Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан.
  3. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы: Қаулы (№ 832). — Астана: Қазақстан Республикасы Үкіметі 25 маусым 2012
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype