+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 24 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Дүйсенова Гүлсаян Дүйсенқызы, Өскемен қаласы әкімдігінің «Құмаш Нұрғалиев атындағы №43 мектеп- лицейіні» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

«Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»-деп Абай атамыз айтпақшы, ұлт болашағы –ұрпақ тәрбиесі екенін жақсы білеміз.Көкірегінде өмірге деген құштарлығы, ізгілікке деген құлшынысы бар жас буынды еліміздің, өңірдің тарихымен, дәстүрімен тәрбиелеу - ұстаздық парызымыз.

Жас ұрпақты тәрбиелей отырып, олардың ерік-жігерін, білім-біліктілігін, өнерін шыңдау алану күн тәртібінен түспеуі тиіс.

Мәңгілік ел болу – өз елінің мәдениетін, өнерін, салты мен дәстүрін жақсы білу, насихаттау, ертеңгі күнге апару, мәні мен мазмұнын меңгеру.

Кезінде халқымыздың біртуар ұлы Нәзір Төреқұлов жас ұрпақ тәрбиесі туралы айта келіп, «Ұлттың бұған дейін жасағанын өзінен әсте аямаңыз…» деген екен. Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан өзіне тән әлеуметтік және мәдени мұрасы баршылық.

Соның бірі-халқымыздың ұлттық педагогикасы. Ұлттық педагогика дегеніміз- ол қазақ поэзиясының бөлінбес бір бөлшегі іспетті қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, табиғат құбылыстары, аспан әлемі, жеті амал, табиғат болжамдары, ырымдар, жұмбақтар.

Өмірде әр тақырып саласына байланысты қажетті ырым-тыйым сөздер кездеседі. Солардың көбінің жауабын айта алмай қиналамыз. Төмендегі осындай ырым-тыйым сөздерінің түсініктемесіне көңіл қойсақ:

-Қарлығаштың ұясын бұзсаң — өрт шығады, апат болады деп түсіндірген.

-Құмырсқаның илеуін бұзсаң — аяғың ақсақ болып қалады деген ырыммен құмырсқаны сақтап, орман-тоғайдың өсуіне жағдай жасауды ойластырған.

-Итке кет деп айтпа, себебі жеті қазынаның біріне санаған, берекең, ырысың кетеді деп санаған.

-Тұзды баспа — астың иманы, төресі деп киеліге санайды.

-Аттың жүгенін аттама — төрт түліктің пірі жылқыны ерекше қасиет тұтқан. Жылқы мінсе көлігі, жесе асы,жолға шықса серігі болған.

Міне, осындай өмір ережесін еске ұстаған тәрбиелі балалар ешқашан жаман әдеттерге бармайды деп ойлаймын.

Өз тәжірибемнен бір сабақтан үзінді

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың тыйым сөзі-халықтың тәрбие көзі».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының әр түрлі рәсімдерімен,ырым-тыйымдарымен таныстыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, әдептілікке,дәстүрді сақтауға және қастерлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастырып тілдерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер,интеративті тақта

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Жаңа сабақ. 1. Кіріспе бөлім.

-Балалар, біз бүгін ата-бабалар еліне саяхатқа шығамыз. Кез-келген адам саяхатқа барғанда сол жердің елімен, жерімен танысады.Біздің ата-бабамыздың болашақ ұрпағына асыл мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет ғұрыптары бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ынтымақ, бірлікті ту еткен. Болашақ ұрпағының білімді, тәрбиелі болуын армандаған.

(Оқушылар сөзі).

1-оқушы: Туған соң адам боп, білімсізден надан жоқ.

Ел дәстүрін білмесең, жұрт айтады надан деп.

2-оқушы: Ата-бабаң ардақты, жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді, ата жолын жалғапты.

Саяхатымыздың бірінші аялдамасы:

Шығыс Қазақстан облысымыздың атақты ақыны Абай атамыздың жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге үйрететін «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі

Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол

«Адам болам десеңіз…»

деген екен. Олай болса мынандай тыйым сөздер айтып көрейік.

(тыйым сөздер айту)

Үлкеннің алдын кесіп өтпе, оған жол бер.

Анаңа ауыр сөз айтпа.

Әркімді келемеждеп, мұқатпа.

Кісіге қарап есінеме, есіней қалсаң қолыңмен аузыңды қалқала.

Көрініс: Фариза Оңғарсынова. «Сәлем беру».

Бұл көріністе халқымыздың ата-салтын, әдептілікті, үлкенді сыйлай білудің,мәдениеттіліктің бар екенін көреміз.

Саяхатымыздың екінші аялдамасы:

«АС-АДАМНЫҢ АРҚАУЫ..»

деп бекер айтылмаған. (тыйым сөз айту)

Нанды төңкеріп қойма, бір қолыңмен сындырма.

Ас ішкен ыдысты төңкеріп қойма, қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды.

Тамақты жатып ішпе.

(Оқушылардың ойын айтқызу).

Сонымен өзін-өзі сыйлау, басқаны сыйлау, денсаулықты сақтай білу керек.

Саяхатымыздың үшінші аялдамасы.

«Өнерлі бала-сүйкімді, жақсы бала-сүйікті».

(тыйым сөз айту)

Оқушылар орындауында ән: «Кім дейміз?».

Сыйлап үлкен ағаны, сәлем берген баланы

Кім дейміз?

-Әдепті екен бұл дейміз.

Таудай биік талабы, жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

-Үлгілі екен бұл дейміз.

Өтірік сөз айтпаса, уәдесінен қайтпаса

Кім дейміз?

-Шыншыл екен бұл дейміз.

Кітап, дәптер, қаламы, кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

-Ұқыпты екен бұл дейміз.

Бұғынбаса қорғалап, болса үлкенге қолғанат

Кім дейміз?

-Еңбек сүйгіш бұл дейміз.

Төртінші аялдамамыз: «Ер қазынасы – ескі сөз, ел қазынасы – ескі сөз, тіл қазынасы ескі сөз» деген бұрынғылардан қалған мақал.

«Мақал-мәтел» жарысы.

«Сыйламаған жолдасын, сыйлай алмас өз басын.»

«Өнерлі бала-сүйкімді, жақсы бала-сүйікті».

Келесі аялдама: М.Әлімбаевтың «Тыйым сөз тәрбиесі». (Интеративті тақтадан оқу)

Қазақ халқының өз ұрпағын жамандықтан сақтай отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеп отырған.

«Ұнасын ұнамасын, бұзба құстың ұясын.

Ұқсама тентек балаға, пышақтың жүзін жалама.

Шаршасаң сәл-пәл аялда, бірақ та жерді таянба.

Құр бет алды ермекке, құр бесікті тербетпе.

Жақтыр мейлің жақтырма, нанды жерге лақтырма.

Жоқ әдетті шығарма, түнде көлден су алма….

Қорытынды: Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Қазақтың тыйым сөздерінде» ата-бабамыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары бар екенін байқадық.

Әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды, ұнасымды ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап жаңғыртудан қашпайық.

Әдебиеттер:

  1. С.Кенжеахметұлы «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», Алматы «Ана тілі», 1994ж
  2. С.Кенжеахметұлы «Ұлттық әдет-ғұрыптың бізге беймәлім 220 түрі» Алматы, Санат, 1998ж
  3. С.Кенжеахметұлы «Қазақ халұының тұрмысы мен мәдениеті» Алматы, 2006,2007ж

 

 

 

 

 

 

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype