«Қиын» балалар кім және оның нақты анықтамасын қалай тұжырымдауға болады деген сұраққа ғалым психологтардың зерттеу нәтижесінде көздері жеткен мәселелеріне сүйенуге болады. Мәселен: В.Трифанов зерттеулеріндегі «қиын» бала анықтамасы – күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. А.Фортунов «қиын» бала ұғымына үлгірмеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. В.А.Сухомлинский қиын балаларға тән мінез ызалылық, ашуланшақтық, дөрекелік, бірбеткейлік, ұрыс-жанжалға жақын, айқай-шу шығарып айналасындағыларға маза бермейтіндер, теріс ықпалға тез түсетіндер тобын жатқызады.
«Қиын» баланың шығу себептеріне XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары мен ағартушылары да назардан тыс қалдырмаған. Мәселен, Ж.Аймауытов, Ә.Жұмабаев, мектептің «қиын» оқушыларымен жұмыс жүргізу жүйесін жасады. Сондай-ақ ғалым-педагог Л.К.Керімов «қиын» балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын ұсынды.
Ғалымдардың анықтамасына сүйенсек, «қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, қозу күйін дәрі-дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәрбие бұзушы жасөспірімдер жатады. Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, анамальды қажеттілік, екіншіден, тұрақты жаман қасиеттердің жиынтығы, үшіншіден, ата-аналарымен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары, төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіздігі.
Белгілі психолог ғалым К.К.Платонов жеке адамның психологиялық болмысын төрт салаға бөледі:
1.Баланың темпераменті және жыныстық ерекшеліктері мен жас ерекшелігі (физиологиялық ерекшеліктер);
2.Жеке адамның дамып қалыптасуына негіз болатын психологиялық құбылыстар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығушылық, мінез, әдет- биологиялық ерекшеліктер;
3.Баланың күнделікті өмір тіршілігі, білімі, әдет-дағдысы, икемділігі;
Менің ойымша мінез құлықтағы қиындық — бұл шексіз ұғым, тәрбиелік, педагоктік әсерге қиындықпен көнетін , психологиялық қайталанбайтын ерекшелік. Оның үстіне психолог мамандар ақыл-ойы зақымданған балалар мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормасын, қарым-қатынас дағдысын меңгеруде үлкен қиындыққа кездеседі. Қорыта айтқанда ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері нормаға қарағанда анағұрлым кеш байқалады, ал кейбіреулерінде мүлдем қалыптаспайды деп тұжырым жасайды. Бәлкім солай да шығар, бірақ менің ойым:
Ұстаз кекшіл болмай кеңпейілді кешірімді, мейірімді, сабырлы ұстамды болғаны жөн. «Қиын» деген оқушының өзі бұзылған бала емес екенін ескеру керек. Сондықтан қиым баламен жұмыс жасаудағы менің қолданатын әдістерім төмендегідей:
- Психологиялық түзету кезеңінде төзімділік қажет.
- Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс- әрекеттерін білу керек.
- Мейірім мен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.
- Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу.
- Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет..
- Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін ,тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет.
Осы жайттарды ескере отырып тәрбиеленуі қиын баланың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке зерттеулер жүргізіп, кеңес беріп жүйелі жұмыс жүргізу қажет деп ойлаймын.