+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 24 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Заманауи тәрбие технологиясы

Тлеубердинова Венера Муратбеккызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ, МДТжТӘ кафедрасы, PR SMM маманы

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, тәрбие бағытында да заманауи технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.

Болашақ құзыретті мамандарды өсіріп, дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Жаңа заман маманы ертеңгі еліміздің болашағы. Кәсіби құзыретті маманды қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің басты мақсаты «Қазақстан – 2050» − Мәңгілік Ел Стратегиясына қол жеткізудің іргетасы болып табылатын мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтар ескеріле отыра анықталды.

Тәрбие технологиясы – тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы. Бұл дамыту, оқыту және тәрбие процестеріне ықпал ететін тәсілдердің бірі.

Педагогикалық технологиялар түрлі негіздемелер бойынша ерекшеленуі мүмкін:

— туындау негізіне қарай (педагогикалық тәжірибе немесе ғылыми тұжырымдама бойынша);

— мақсаттары мен міндеттеріне қарай (білімді қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу, дербестігін дамыту);

— педагогикалық құралдардың мүмкіндігіне қарай (әсер етудің қандай құралы жақсы нәтиже береді);

— тәрбиешінің технологиялар көмегімен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай (диагностикалық қызмет, даулы жағдаяттарды басқару қызметі);

— балаға деген көзқарасына қарай.

ХVII ғасырда ең алғаш оқыту технологиясының концептуалдық негізін Я.А.Коменский қалыптастырды. Оның басты принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік арқылы сапаға жету, көрнекілік, теорияның тәжірибемен байланысы, оқушылардың жас ерекшеліктері мен дара ерекшеліктерін ескеру. Оқыту технологиясы сыныптық — сабақ жұмысын ұйымдастыру арқылы іске асады. Оқыту технологиясының басты белгілері: бір жас мөлшеріндегі оқушылардың тұрақты құрамы мен олардың дайындық деңгейлері ескеріледі; жылдық жоспар мен оқу бағдарламасы негізінде оқыту жүргізіледі; әр оқу пәнінің сабақтары тақырыптарға бөлінеді; тұрақты сабақ кестесі жасалып, мұғалім оқуды ұйымдастырады.

Оқыту мақсатына байланысты жеке тұлғаны дамыту белгілі білім, білік және дағдыларды меңгертуге негізделеді. Дәстүрлі оқыту технологиясы екі топқа бөлінеді: 1) иллюстративті – түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелер көрсету, еңбек операцияларымен таныстыру, экскурсиялар, т.б.) арқылы мұғалім түсіндіреді және оқу материалдарын көрнекі түрде көрсетеді; 2) репродуктивті әдіс: мұғалім білім мазмұнын, іс-әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешу үшін тапсырмалар құрастырады; оқушы оқу материалдарын есіне (сұрақ-жауап, есептер шығарады, т.б.) түсіреді.

Оқыту технологиясының артықшылығы: оқыту материалын қисынмен беріп, оны дұрыс ұйымдастыру; оқушыға мұғалімнің эмоциялық деңгейде ықпал етуі; оқуға бөлінген қаржыны дұрыс пайдалану.

Оқыту технологиясының кемшіліктері: біркелкі оқыту; сабақ уақытын тиімсіз пайдалану, оқушылардың бірімен-бірінің қарым-қатынасын шектеу; оқушының даралық ерекшелігін ескермеу; оқушы іс-әрекет белсенділігінің төмендігі, оларды сөйлетпеу; оқушыларға орта өлшем деңгейінде қарау; даралап оқытуға назар аудармау; мұғалім мен оқушы арасындағы нашар кері байланыс.

Сыныптық сабақ технологиясы оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың басқа формаларымен толықтырылады: Ақпараттық технологиялар; қарым қатынас технологиясы.

Ақпараттық технологияларға компьютерлік оқыту технологиясы жатады. Арақашықтықтан оқытатын технологиялар әр түрлі оқушыларға үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы ретінде білім алуға мол мүмкіндіктер жасайды. Қазіргі деңгейде дамыған коммуникациялар ақпарат тасқынын меңгеруге үлкен мүмкіндіктер ашып отыр.

Қарым-қатынас технологиясы. Педагогикалық процесті жүзеге асыру үшін педагогикалық міндетті шешуді көздеу керек. Біріншіден, педагогикалық міндетті шешуге екі субьект (педагог пен тәрбиеленуші) қатысады. Екіншіден, көзделген міндетті жүзеге асырумен бірге тәрбиеші өз ісіне сырт көзбен қарап, өз ісін бағалай білуі тиіс. Үшіншіден, педагогикалық міндет үнемі оқыту міндетімен диалектикалық тұрғыдан тығыз байланысты болғандықтан, тәрбиеленушінің оқу міндетін шешуімен байланысты. Педагогикалық міндет педагог басшылығымен, оқушының іс-әрекетін белсендірумен жүзеге асады.

Қорытындылай келе, мұғалімнің басты мақсаты пән арқылы балалардың адамгершілік-рухани білімін көтеру. Өйткені қазіргі таңдағы білім беру өзін өмірде толық жүзеге асыратын функционалдық сауаттылығы жоғары тұланы дамыту болғандықтан, әр маманның өз білімін үнемі жетілдіруі, ең бастысы, бойында адамгершілік-рухани білімі ойынан, ісінен және сөзінен нақты көрініс тапқаны маңызды.

Мұғалім өз қызметінде басты сабақ – бұл өмір сабағы екенін негізге алуы және балаларды өмір сүрудің негізгі қағидаттары мен бұлжымас заңдылықтарын терең танып, орындай білуге үйретуі балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, олардың азаматтық ұстанымдарының, отансүйгіштік сезімдерінің және кемел мінездерінінің қалыптасуының кепілі болмақ.

Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір қоғам мүшесі өз мінез кемелдігіне қол жеткізе отырып, ойының, сөзінің, ісінің бірлігін терең сезініп, білімін жетілдіруге ұмтылады. Білім берушілермен жүргізілетін әдіс-тәсілдердің барлығы оқушы бойындағы адамгершілік-рухани білімді дамытуға ықпал етеді.

Қоғамдағы өзара сүйіспеншілік, сыйластық, жоғары азаматтық ұстанымды дамыта отырып, біз балаларымыздың қауіпсіздігін де қамтамасыз ете аламыз.

 «Ар ілімі оқылса» – деп халқымыздың рухани Ұстазы Шәкәрім атамыздың арманы білім беру жүйесінде адамгершілік-рухани білімнің кең қанат жаюуымен жүзеге асады деген сенімдеміз. Шәкәрім қажы:

Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр,

Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр.

Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен

Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.

Олай қылмай, билесе бәрін ақыл,

Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл,

Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,

Адамды сонда адам деген мақұл – деп ұрпақ тәрбиесінде ақылдың тән үшін емес жан қамына қызмет етіп, таза еңбекпен қоғамның мүддесіне өз өмірін арнай білудің маңыздылығын айқындайды. Ұлы ойшылдардың тағлымды ойларының өскелең ұрпақ тәрбиесіне берері мол.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype