+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 24 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Еліміздің салттары туралы пікір

Хамзин Жиенбек Ерсұлтанович, "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

Бұл тақырыпты жазған себебім, биыл денсаулық және спорт жылы деп жарияланғаннан кейін, соған қосқан үлесім болсын дегенім. Егерде осы мақаланың әсерінен кемінде бір ана бесікке бөлеуден бас тартса ол да менің отандастарымның денсаулығына қосқан үлесім деп білемін.

Бесікке бөлеу.

Мен осы салтқа екі қолымен қарсылық білдіремін! Неге десеңіз, осы салт баланың денсаулығына көп зиян тигізеді деп санаймын. Біріншіден қимылсыз байланып қойған баланың қозғалуына мүмкіншілігі жоқ, ал қимыл жоқ жерде даму жоқ. Және соның себебінен баланың психологиясына қиянат жасалады.

Қандай нәрсе болса да, біз оның негізіне қараумыз керек деп ойлаймын. Әр нәрсе (оқиға) өз уақытында қажеттіліктен туындаған десем диалектика заңдарына қайшы болмас.

Егер тарихқа қарасақ, біз қазақтар көшпенділі халық болғанбыз, кәзір біз басқа ұлттар сияқты жерге байлаулымыз. Сол кездерде, көшіп бара жатқанда жаңа туған баланы бесікке бөлеген, ол баланың жанын сақтап қалу үшін жасалған әрекет деп санаймын. Мықты байланып тастаған бала шайқалған көлікте, ат үстінде болса да еш жеріне зақым келмейтіні мәлім.

Және егер бесіктің құрылысына қарасақ, ол қырынан дөңгелекке ұқсайды, ал бала осы дөңгелектің ортасына байланып жататыны байқалады. Сонымен бала бесігі соғыс жағдайында болсын, немесе басқа бір сәтсіздікте екпінімен құлағанда, ол дөңгелек секілді домалап, энергияны қирату жұмысына жұмсауға тойтарыс береді. Сол кездегі халқымның тапқырлығына тек таңғалуына болады!

Көш тоқтағанда баланы бесіктен босатып сылау жасайтын, одан кейін буындарын созғылайтын “өс-өс” деп.

Кәзіргі қарт адамдар бұл салттың түрін сақтап, ал мән жәйын ұмытты деп ойлаймын. Кәзіргі заманда баланы бесікке бөленудің қажеттілігі қанша?

1). Ананың баладан бос уақыты көбірек болады;

2). Киімі таза болады.

Ал зияндылығы туралы тағы қосайын. Қимылсыз бір орында бесікке бөленген баланың басының қаңқасы деформациялануы мүмкін. әрине бұл себептің біреуі. Айтып кететін тағы бір жай ол қазақ балаларының көбінің буындары неге ерте қатып қалады. Алдында айтып кеткенімдей баланы көш тоқтағаннан кейін сылап одан кейін созатын. Ал кәзіргі апалар жаңа туған баланы шомылдырғаннан кейін, денесін сүртеді де сыламастан соза бастайды “өс-өс” деп, және баланың қарсылығына қарамастан, өкшесін желкесіне жеткізуге тырысады және жеткізеді… Бұдан кейін көк еті созылған баланың өскеннен буындары “солай жаратылған” деп сілтей салады.

Әрине мен өз елімді жамандаудан аулақпын, керісінше көшпенділердің цивилизациясының салт дәстүрлеріне таңғаламын. Мен кәзіргі надандыққа қарсылық білдіремін. Өзіміздің қолымызбен өзіміздің болашағымызды денсаулықтан айыруға мен екі қолымен қарсылық білдіремін!

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype