+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 1 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Елімнің еркіндігі — тәуелсіздік

Шарипказина Динара Кабдолдановна, «Опытное поле орта мектебі» КММ-нің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі, Глубокое ауданы

Мақсаты: Тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру мақсатында сабақта олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, әнұран, ту туралы білімдерін қалыптастыру. Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Балалар, біз бүгін төл мерекеміз тәуелсіздік мерекесін атап өтпекпіз. Біздің Отанымыз Қазақстан – тәуелсіз, егеменді мемлекет. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 28 жылда көптеген өзгеріске ұшырады. Нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де, білімді өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүлдіршіндер сендерсіңдер. Сәби күлкісімен, ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Күндер өтті кешегі

Жігер құм болып жасыған

Несіне оны жасырам

Әнұранымыз бүгінгі.

Әнұранды орындау:

Жүргізуші: Ежелден-ақ жақсылықты алладан күтіп болашаққа үмітпен қараған кең пейіл халықпыз. Сол пейілге орай, қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Осы қазақ халқының жері болашағы, үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев т.б. аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Кәусар:

Тәуелсіздік таңы атты,

Барлық әлем жаңарып.

Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады:

Зере:

Тәуелсіздік жолында,

Талай, талай тер тамған.

Билігі өз қолымда

Еркіндігім елтаңбам

Айша:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Ақнұр:

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Мирас:

Ақ ниетті алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі мақтаны.

Жүргізуші:

Шалқы қазақ шалқитын заман келді,

Текке қанын төккен жоқ бабаларым,- демекші, осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәнгі жасасын.

Би: «Алға, Қазақстан!»

Нұрдос:

Аспанындай мөлдірмін,

Жайлауымдай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін,

Гүлдерімдей нәзікпін.

Қырмызы:

Отан деген — атамекен,

Отан деген — туған жер.

Отан – ана,

Отан – өлкең

Қазақстан – туған ел!

Нұржігіт:

Отан –сенің ата – анаң,

Отан – досың бауырың.

Отан – өлкең астанаң,

Отан – аудан, ауылың

Жүргізуші:

Бақытым Республикам Қазақстан!

Көгінде ақ когершін, қаздар ұшқан.

Соған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.

Ән «Әрқашан, күн сөнбесін!»

Жүргізуші:

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық,

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашан да біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін де құрбандық

Айдын:

Мой Казахстан!

Моя страна!

Мой край степной!

Моя отчизна!

Пришли инные времена

На смену прошлой горькой жизни.

Альбина:

Жайдарлы желім бар,

Жемісті белім бар.

Ерлікке баулитын,

Егемен елім бар.

Аяла:

Ислам:

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына ,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста,

Ғасырларға жалғастырып елдікті.

Үлгі бізге аталардың ерлігі.

Ұлағаты өнегесі еңбегі,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

Би: Тәуелсіздікке арналған би шашу, обруч биі

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе, бүгінгі тәуелсіздігімізге арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік » атты ертеңгілігіміз өз мәресіне келіп жетті.

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын алыбым!

Тәуелсізідігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype