Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар — бұл оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ыкыласы жок балалар .
«Әуелі адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі…» (Әл -Фараби ) – дегендей, балаға әуелі білімнен бұрын, тәрбие берілуі тиіс .
Әдетте, бала мектепке дейінгі және оқу кезеңдеріндегі есу, даму жағдайынан өтеді. Сол кездерде жанұядағы тәрбиеде кеткен кемшіліктер мен оқу-тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып, баланың қалыпты жағдайдан ауытқуына себепші болады. Атап айтканда, ересектер тарапынан баланың саналы деген талап-тілек, мұқтаждыктарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктер байқалып жатады. Өкінішке орай, жанұя біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. Дұрыс жауап болса да, бала тәрбиесіне қырағылық жасай алмай қалатындары да кездеседі.
А.С. Макаренко: «Тәрбие — баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие — тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде», — деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Девиантты жүріс-тұрыс пен мінез-құлыққа душар болған балалармен жұмыс түрі мен технологиясы — алдын алу және қатарға қосу немесе бейімдеу болып табылады. Бейімдеудің бірнеше түрі бар, олардың бірі — психологиялық бейімдеу. Психологиялық жолмен бейімдеу — баланың сана сезімінде терең орын алып қалған «менің ешкімге қажетім жоқ», «менің қолымнан ешнәрсе келмейді» деген ойдан арылтып, ақыл кеңес беру, иландыру жолымен өзіне деген сенімін арттыру, ақыл-кеңес беруі керек.
Қиын балаға жасалынған қандай бір педагогикалык ықпалдар болмасын, оған іштей қалай қарайды? Осы мәселе педагогтың есінен шықпауы тиіс.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала — жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып калмақ» деп түйін жасайды.
Сондай-ақ, қиын балаларды тәрбиелеуде баланың жас ерекшелігіне мән берудің зор маңызы бар. Олардың 13-14 жасқа аяқ басқандағы бір ерекшелігі, жора-жолдастарымен онша сұхбаттасуға, әсіресе кешке қарай қыдыруға әуестігі басталады. Сондай сәтте жолдастары кім, қай жерде болады, немен айналысады, түнге қарай мектеп режимінде белгіленген уақытта аспау сияқты тәртіпті ескермеген ата-анаға баласын уысынан шығарып алу қиын емес. Ал өз бетімен жүрген, әсіресе түн жарымға дейін көше торыған қаңғыбастар коғам, заң тәртібін бұзуға бейім келеді немесе баланың сондайлардың ықпалына тез түсуі де ғажап емес. Соның салдарынан бала жанұя ортасында адамгершілік қадір-қасиеттері мен эстетикалық талғамдары, логикалык ой өрісі жағынан өмір талабына сай өріс ала алмайды. Оған дәлел, педагогикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша үнемі ұрыс-жанжал, төбелес, бірін-бірі жәбіреу кездесіп тұратын жанұяларда өскен балалардың 40-43 пайызы, ішімдік орын алған орташа ескен балалардың 30 пайызы, жезөкшелік пен моральға қайшы әдеттермен айналысатын ата-ана өсірген балалардың 12 пайызы «қиын бала» аталады. Оларға тән қасиеттер — дөрекілік, катыгездік, ұрлық, жалқаулық, қиқарлық, тағы басқа жағымсыз мінездер қалыптасады .
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторларды атап айтар болсам: 1) отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы , яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата-ананың біреуінің болмауы т.б. жағдайлар себепті болады; 2) мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, кызығушылығы мен талап-тілегін ескермеуге мүмкіндік берген. 3) жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынан, яғни балалардың тұратын ықшамаудандарында әр түрлі үйірме жұмыстары мен спорт секцияларына тиянақты тартылмауы, бос уақыттарын дұрыс ұйымдастырылмау салдары да негіз болған; 4) жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау. Еңбек ету арқылы өзін тәрбиелеу процессі жүреді. Өмірге деген көзқарасы жақсы қалыптасады. Осындай әдет отбасында қалыптасу керекті; өзі-өзі бағалау, ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптастырылады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналасындағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластыққа лайык екенмін деп санайды. Ал егер, керісінше, оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрысып, жаратпай жатса, оған өзіне лайық емеспін дегеннен басқа түк калмайды және бұл жағдайда баланын реакциясы әр түрлі (апатия, ценизм) шектен шыккан арсыздық (агрессия т.б.)
Қиындықты шешудің негізгі жолы — отбасында қолайлы қарым-қатынасты орнату. Мінез-кұлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек. Баланың жеке қасиетінің психикасынын дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзкарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ нәтижелі жұмыс кажет.
Біз, педагогтар, әсіресе, қиын топқа түрге жататын балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алып отыруымыз шарт, олардың ақыл-ой функцияларын дамытуға әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және мөлшерді меңгертуге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарымен өзара катынастарын жақсартуға көмек қолын тигізуі керек. Осындай оқушыларға педагог тарапынан гуманистік қасиеттер мен этикалық талап тілектер коя білетін педагогтік шеберліктер қажет .
Көбінесе, баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланысты. Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл — отбасы кемшілігі. Көріп отырғанымыздай, «қиын» топтағы балалар, тамыры терең кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі болды. Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары жайлы айтар болсақ:
1. Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2. Әрбір оқушының адамгершілік сынды таякiрибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3. Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволык талап-тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру
4. Кейбір қиын оқушылардың оку-тәрбие процесінде ұжымдык омір қарым-қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде сол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу тәрбие процесінде ен қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу аркылы көздерін жеткізеді. Осындай топтағы балаларға жекелей жұмыс, педагогикалық әдістемелер қажет.
Әлеуметтік педагогтың жұмысындағы ең белгілі әдістерінің бірі – бақылау әдісі. Баланын іс-қимылын, сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау. Жүйелі және нәтижелi жұмыс аркылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса, сөзінде береке болмаса, ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде сабақта, әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл аударып, жүйелі жұмыс жүргізу керек.
Әңгімелесу әдісі – бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкі дүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу. Сауалнама жазу арқылы бала туралы ақпарат жинау. Сауалнаманың мазмұнына негізгі проблема ғана болуы тиіс.
¾ Ойы
¾ Мінезі
¾ Әлеуметтік-демографиялық жағдайы
¾ Белгілі бір бағыт бойынша қызығушылығы
Сұрақтар мынандай түрде болуы мүмкін :
¾ сұрақ (дайын жауаптардан керегін бала өзі таңдайды )
¾ өз бетімен жауап беру, тура жауаптар, жанама жауаптар
Сұхбаттасу әдісі — алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Бұл әдісте мына жағдайларды есте ұстаған абзал:
¾ қарапайым жағдайда сөйлеу, баланын үнемі болатын ортасында сұхбаттасу;
¾ жауап беру мүмкіндігін ескеру;
¾ белгілі бір уақыт ішінде жауап беру керектігін айту;
¾ үшінші адамның көмегінсіз әңгімелесу.
Тест әдісі — стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Дамыту, графикалык ассоциациялық тестер болуы мүмкін. Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет. Құжаттарды тексеру бұл әдісті үнемі қолдануға болады. Құжаттар мынандай түрде кездеседі:
¾ жеке, жанұялық не сыныптық т.б.
¾ алғашқы (бақылау не әңгімелесу кезінде алынған жауап).
¾ соңғы (сараптаудан өткен нәтиже),
¾ негізделген және негізделмеген.
Бұл әдісті қолдану бала туралы ақпараттарды тез арада жинауға көмектеседі, бірақ ақпараттын кейбір түрлері белгілі бір уақытқа ғана жарамды болды, оны жаңартып отыру кажеттігі туындайды. Қорытындылай келе, қиын балаларды тәрбиелеуде педагогиканы оқыту үрдісіне пайдалана отырып, тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту кажет. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлыктан арашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп. Ата-бабаларымыз әдептілігімен өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жаткан нәрестенің дұрыс ана тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін, ертегілер айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағынын жаксы адамзат болып өсуіне зор ықпалын тигізері анық.
«Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп каласың», -деп Қ.Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан болса, олар өз ана тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз .
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу — басты міндет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі :
1. Қазақстан мектебі. 2002 ж .№1
2. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстары. 2007 ж. №5
3. М.Жұмабаев «Педагогика»
4. Немов РС «Психология» Алматы 2003 ( 198-201 бет) .
5. Мектептегі психологиялық қызметтің жүйесінің мазмұны. Тараз 2002
6. Шевандрин Н.И. «Психодиагностика, коррекция и развитие личности» М., 1998 г.
7. Жұмабаев Ә. Мектептегі психологиялық қызметтің жүйесінің мазмұны // Тараз ж — ды — 2002 ,
8-116 8. Керимов Лк Трудный подросток и его перевоспитание. Алма-Ата: КазГПУ имени Абая, 1991.75 л .
9. «Қазакстан мектебі » журналы . №1 , 2002 ,
10. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы. №5, 2007. 1. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1992.