Сондықтан форумды тұрақты негізге ауыстырып, жаңа қоғамдық институт құру қажет». Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттері, жұмысының құрылымы мен ұйымдастырылуы, қызметінің негізгі бағыттары Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Ережеде және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856 Жарлығымен бекітілген Ассамблея Стратегиясында айқындалған.
Осыған орай Алматы қаласы Халықаралық білім беру корпорациясында ең алғаш рет атақты архитектор Космериди Спиридон Георгиевичтің басшылығымен Студенттер ассамблеясы жұмысын бастаған еді. Қазір де ЖБПФ ассистент профессорі Н.Т.Нурпейсованың ұйымдастырылуымен ассамблея жұмысын жалғастыруда. Ассамблея мақсаты Қазақстанның түрлі этностық топтары жастарының Қазақстан халқының ұлттық бірлігі, Елбасының этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді нығайту жөніндегі саясаты негізінде топтасуы мен дамуы болып табылады. Пандемия кезінде де ХБК Студенттер ассамблеясы жұмысын тоқтатпай, онлайн режимінде әр түрлі кездесулер, челлендждер өткізуде. Сөз соңында, барлық Қазақстан студенттеріне әр жоғары оқу орындарындағы студенттер ассамблеясына қосылып, бір жұдырықтай жұмылып жұмыс істеуге шақырамыз!