Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отырады, деңгейлік курсын және тренерлік курсын оқып шәкірттерін, ұстаздарды оқытып, алған білімдерімен бөлісіп интербелсенді әдіс тәсілдерін үйретті. Оқушылары оның жаңалықтарыма, жаңа тәжірибесіңе қызығушылықпен жауап береді. Осылайша оның шабыты пайда болды: «оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, оқушыларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет, сонда ғана осы мамандыққа лайықтымын » деп айтып отырады.
Өз мамандығы жайлы әріптесім ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол — өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бет пердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы керек және оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі, жылда білімімді жетілдіру курсынан үлкен білім алып қайтады. Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін интербелсенді әдіс- тәсілдерді қолдану,слайд көрсете отырып жаңа сабақты түсіндіру кезінде оқушыларға шабыт беру.
Мәтінмен жұмыс кезінде осы тақырыпқа сай топқа бөліп «жигсо», «ыстық орындық», «қар кесегі» т.б кері байланыс әртүрлі страгетиялар түрлерін, интерактивті тақтаны пайдаланып қызығушылығын арттыра,заман талабына сай сабағын береді.Ол әр баланы талантты, дарынды деп санайды. Өзінің 28-жылғы іс -тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде оқушыларымның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткізеді. “Өмір бойы білім алу-әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет!” \Н.Ә.Назарбаев\
Кайнбаева Сауле Кумаровна сабақ жүргізу әдістерін жетік біледі. 2014 жылында републикалық методикалық №3 «География және табиғат» журалына «Қазақстанның астаналары» атты, өзінің апталықта жүргізген ашық сабағын жариялады. 2016 жылы Қашықтықтан Республикалық олимпиадаға география пәнінен қатысып 1-орын, биологиядан 1-орын алды. 2017 жылы тренерлік «Тәжірибелі рефлексия» курсын оқыды.Мектепішілік, аудандық ,республикалық байқаулар да, білім мен тәрбие жұмыстарын жүйелейтін сайыстарда жүлделі 1,2 орындарға ие болды. «Жылдың география мұғалімі-2017» аудандық мұғалімдер сайысында 3-орын, Аудан әкімі С.Чукаевтен мақтау қағазымен марапатталды.
Ал мұғалімнің басты мақсаты — өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамытады. Мектепішілік, аудандық білім мен тәрбие жұмыстарын жүйелейтін сайыстарда оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Аудандық «Зерде» байқауда 2015 жылы Қырықбаева Айгерім мен Нурболқызы Айзере 2-орын алса,2016 жылы Тоқтаубаева Шырайлы 3-орын алды. Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Тоқтаубаева Шырайлы 3-орын иеленді. Оқушысы Қаликешова Әсира гуменитрлық колледж,Өскемен орталық кітапханада «Мен өлкемді зерттеймін» атты жас зерттеушілердің байқауына қатысып, 2-ші орын жеңімпазы атанып, мақтау қағазын және сыйлықпен марапатталды. Рамазанова Мерейлі оқуда үздік және Сәрсен Аманжолов университетін биология-экология мамандығын үздік бітіріп және магистураны қызыл дипломмен аяқтады. Абайдың осы өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен адал еңбектің ақталғаны ғой ?! Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады.
Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр адам — өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды.
XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті деп санайды. Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде тұлға болып табылады. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.Өйткені қазіргі жас буын-еліміздің келер күнгі келбеті.Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет.
Әріптесім Кайнбаева Сауле Кумаровна мынадай қасиеттерін даралап көрсеткім келеді: — Дүниетанымдық көзқарасы білімді жоғары, сенімі – мықты, қызметке сүйіспеншілікпен қарайды, ұйымдастырушылық қабілеті — заманға сай жаңашыл ұстаз . Оның осындай даралық қасиеттері ұстаздық бақытқа жеткізеді.Кайнбаева Сауле Кумаровна –өз Отаның, өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қарап, іске батыл кірісіеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
«Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң — бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай оның, өмірлік қағидасы – «ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау,барлық жанды және елің жақсы көретін, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу». Осы өлең жолдары әріптесім Сауле Кайнбаева Кумаровнаға арналғандай:
Қайғырмайды өзі үшін,
Біздер үшін қуанып,
Қызарады біз үшін,-деп Қадір Мырза Әли айтқандай,ұстаз еңбек етуден талмайды,қиындыққа мойымайды,шәкірттерінің жетістіктеріне куә болған сайын,шабыттана түседі.

Кайнбаева Сауле Кумарқызы 1995 жылдан бері мектепте қызмет жасап келеді. Ғылыми-теориялық даярлығы жеткілікті. 2014 жылы «География пәні мұғалімдерінің құзыреттілігі арттыру» тақырыбы бойынша үш айлық «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында курстан өтті. Сабақ жүргізу әдістерін жетік біледі 2014 жылында републикалық методикалық №3 «География және табиғат» журалына «Қазақстанның астаналары» атты, өзінің апталықта жүргізген ашық сабағын жариялады. 2013 жылы Шығыс Қазақстан Облысының №2 Күршім аудандық соты аудан көлемінде ауылдық орта мектептер оқушылар арасында өткізілген «Мен өз құқығымды білем бе ˀ » атты эссе- шығарма конкурсына қатысқаны үшін 9 сынып оқушысы Сағатбеков Ерасыл алғыс хатпен марапатталды.2012 жылы оқушысы Қаликешова Әсира гуменитрлық колледж,Өскемен орталық кітапханада «Мен өлкемді зерттеймін» атты жас зерттеушілердің байқауына қатысып, 2-ші орын жеңімпазы атанып, мақтау қағазын және сыйлықпен марапатталды. Ауданық география пәнінен биыл өткен олимпиадан 9 сынып оқушысы Нағашыбаев Ерасыл 3-ші орын алып марапатталды. Өзінің проблемалық тақырыбын шешуді жүзеге асыру үшін көп ізденеді. Оқушылардың іскерлік дағдыларын дамытуға көп көңіл бөледі. Өз методикасын жаңалықтармен, озат тәжірибелермен толықтырып отырады. Мектептегі педагогикалық кеңесте «География пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері», «Әлем өзгереді, біз де өзгереміз» тақырыбында баяндамалар оқыды. Сыныптарда әр түрлі тақырыптарда ашық сағаттарын өткізіп, оқушылардың таным белсенділігін арттырады. Мәселен, 5сыныпта өзкізген «Жануарлардың алуан түрлілігі» тақырыбында ашық сынып сабағы, 7 сыныпта «Оңтүстік Американың пайдалы қазбалары » атты ашық сабағы оқушылардың қызығушылықтарын оятты.
6-сыныпта өткізген «Құрлықтағы таулар» тақырыбындағы ашық сабақтары жоғары бағаланды. Оқушыларды сыныптан тыс шаралары «Ойын сабақ», «Жарыс сабағы», «Ізгі жан, Сара туған күніңмен» мақсатында, өткізілген сабақтар жаңа педагогика, яғни өзгерген сабақтар, топқа бөлу,7 модульды кіріктіріп,бағалау түрлерін оқушылардың меңгергенің көріп, сабағы өте жоғары деңгейде өтеді, АКТ –ны жақсы меңгерген. Кайнбаева Сауле Кумарқызы жан- жақты, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.Ата-аналарға беделді, сыйлы ашық- жарқын мұғалім.
