+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Менің әріптесім – 21 ғасыр педагогінің жарқын үлгісі

Бекбаева Бакыт Кабдыловна, Қ.Ақынов  атындағы орта мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  «Жаңа ауыл» ауылы, Тарбағатай ауданы

     Адам өміріндегі ұстаз орнын даналар ежелден өте жоғары бағалаған. Сонда ұстаз деп кімді айтамыз? Біреу екінші біреуді өзінен жоғары бағалап, білгір санап, содан үйреніп үлгі алса, оған сол ұстаз деп ойлаймын. Ой түйіні осы жерге тірелгенде өз басым қадірлейтін, өзіме ұстаз тұтатын «Мектеп» дейтін киелі ғимаратта жас ұрпақ алдындағы өзінің міндетін абыроймен атқарып жүрген жандардың бірі, менің әріптесім – Қабден Ақынов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нурсеитова Арайлым Қабарқызы туралы айтқым келеді. 

      Білгенге білім – байлық, бағасы артық,
     Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
     Үйренсең өнер-білім — өшпес мұра,
     Таусылмас тау кенінің қорласындай, – деп Омар Шораяқұлы айтқандай, «қазақ елінің тағдыры – менің тағдырым, елімнің тағылымы мол тарихы – менің тарихым» дейтін еліміздің көзі ашық, көкірегі ояу азамат ретінде келер ұрпаққа жүктелер міндет ауыр. Бұдан шығар қорытынды, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жарқын болашағы білімді болмақ керек. Ертеңгі күннің жарқын болуына ықпал етіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қоймай, бәсекеге икемді етіп тәрбиелеуі тиіс.

     21 ғасыр педагогінің жарқын үлгісі қандай болу керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсат жолында күш-жігерін аямай, қажыр-қайратын сарп ететін, жеке тұлға қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі екендігі айтпаса да түсінікті.
     Байырғы заманнан бері қарай ұстаздарға қойылып келе жатқан аса маңызды талап – адал болу. Ұстаз міндеті – тәрбиелеу, оқыту, үйрету. Адалдық – оның осы қызметінің басты кепілі. Ұстаздың адалдығы шәкірттеріне бағытталған. Ұстаз сезімтал, ол шәкіртінің әр қилы іс-әректіне барометр сияқты жауап беріп тұрса ғана тәрбиелеу ісінде іздену жолына түскен ұстаз бола алады.
     Арайлым Қабарқызы 2004-2009 жылы Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде математика мұғалімі мамандығын аяқтап, 8 жылдай қызмет өтілінде ауыз толтырып айтарлықтай, табыстары толағай II санатты мұғалім. Мектеп қабырғасында өзіндік бағыт-бағдары бар, өзіндік салмағы бар тұлға.
     «Оқушының жақсы болуы ұстазынан», – демекші дарынды балаларды қырағылықпен көре біліп, жетістіктерге жетуіне демеу болып, абырой-атақтарының да асқақтай берулеріне өз үлесін қосып келеді.
     Атап айтсам, 2017 жылы 11-сынып оқушысы Есіркегенова Дананы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ғылыми жобаға дайындап, Мәскеуде өткен халықаралық байқауда 3 орынға ие болды. Бұл қуаныш мектеп мерейін өсіріп қана қоймай, ауылымыздың, ауданымыздың мәртебесін биіктетті. Шекараның іргесіндегі кішкентай ғана ауылда осындай дарындылардың бар екенін дәлелдеді.
     «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» деп текке айтылмаса керек.

    Оның оқушылары республикалық қашықтықтан өткен олимпиадада бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып, аудандық пән олимпиадаларында, облыстық интеллектуалдық сайыстарда үнемі жүлделі орындарға ие болып жүр.
     Ұстаздық қызмет – нәтижесі дереу шыға қоймайтын ұзақ процесс, жалықпай жан-жақты терең ойлауды, баппен іс істеуді талап етеді. Абай да өз өлеңінде осыған меңзейді емес пе?
     Ақырын жүріп анық бас,

      Еңбегің кетпес далаға.
     Ұстаздық еткен жалықпас,
     Үйретуден балаға.
     Міне, бұл ұстаздар ұстанатын маңызды қағида. Осы Абай атамыздың қағидасын бұлжытпай орындап, жанына сапалы білім мен салауатты ақылды  серік етіп жүрген әріптесім — бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда интеллектуалдық өрісі кең, кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылық әлеуеті мол тұлға деп айтар едім. Себебі, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын Арайлым Қабарқызы аудандық «Үздік сынып жетекші – 2015» байқауында 1 орынды иеленіп, мектебіміздің сынып жетекшілерінің намысын қолдан бермеді.
     Сайыстарға асқан дайындықпен барып, жеңіспен оралған сәттердегі әріптесімнің қуанышты жүзін көрген мен сияқты жас маманға оң әсерін тигізері сөзсіз.
     Ұстаздық ету тек біреуге үйрету емес, өзінің де тоқтаусыз үйренуі. Абай сөзімен айтсақ, «замана, шаруа мінез күнде өзгереді» демекші, ұстаздық еткен адам үнемі білімін толықтырып тұруы міндетті қажеттілікке айналып отырғаны бәрімізге мәлім. Арайлым Қабарқызы ұстаздық қызметтің 8 жылында осындай белестерден өтсе, алдағы 8 жылда биік шыңдарды бағындыратын дәрежелі маманға айналатынына сенемін.
         Қорыта айтқанда, заманымен қоса күнде өсіп, өзгеріп отыратын шәкірттерін дұрыс түсініп, тура жолға бастауына жағдай жасай біліп, жаhандық жаңғыруда білім көшінен қалмай, 21 ғасыр педагогінің жарқын үлгісі бола білетін ұлағатты ұстаз деп айта аламын.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype