+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Сиқырлы бояулар» үйірме жұмысын ұйымдастыру оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланудың негізі

Абызбаева Нұрбақыт,  «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-нің бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі, Өскемен қаласы

«Баланы бір затпен таныстырмақшы болсаң, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, оны балаға алып келіп көрсет, көрсетіп қана қоймай, сол заттың суретін салғыз, әрі суретпен ғана қанағаттанба балшықтан мүсін жасауға үйрет», - деп Мағжан Жұмабаев бекер айтпаған. Оқушының бойына көркемдік танымдығын, іскерлік-шеберлігін, ұқыптылығын қалыптастырудағы суретшілер үйірмесінің маңыздылығы зор. Оқушының білімін тереңдетуге, шығармашылығын, еңбекке деген қызығушылығы мен талпынысын, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамының деңгейін жоғарлатуда бейнелеу өнері үйірмесінің орны ерекше. Осы тұрғыда Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде көптеген ізгі істер өз жалғасын табуда. 2015-2016 оқу жылынан бастап бастауыш мектептің 1-2 сыныптарына арналған «Сиқырлы боялар» атты авторлық бағдарламамның негізінде  өнерге бейім, дарынды оқушылармен үйірме жұмысын жүргізіп келемін.

 Бұл үйірмеде оқушылар қазіргі заманауи жаңа бағыттағы, сабақтан тыс уақытта істеуге болатын өнер түрлерімен кеңінен танысып, бейнелеу өнерінің әр түрлі техникаларында жұмыс істеп үйрене отырып шығармашылық қабілеттерінің дамуы,  қолөнер, сызу,  жануартану, өсімдіктану, математика,  дүниетану,  көркем еңбек,  т.с.с. пәндермен тікелей байланысты екенін аңғарады. Бала оқу процессінде алған білімін үйірмеде іс-жүзінде қолданып келеді. Сыныптан тыс үйірмелер оқушының сабақта алған білімін, әрі қарай дамытудың негізгі  жолы болып есептеледі. Мұның өзі түптеп келгенде баланы шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға, шеберлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.

Қазіргі оқу технологиясы барысында бала тек үйренуші ғана емес, өзіндік  ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесінде болуы керек. Белсенді оқу, керісінше,  оқушылардың  белсенді жұмыс істеуі арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын,  демек,  оқушылар тек тыңдаумен  айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсетеді.  Қызметтің мұндай түрлері оқушылардан өздері тапқан ақпаратты талдау және түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлау дағдыларын қолдануды талап етеді, болашақта өз дағдыларын жақсарту мақсатында басқа нәтижелерді бақылауды және талдауды қажет етеді.

Оқушылар үйірме сабақтарында тек қана тыңдап қана қоймай, талдау жасап, сурет салу жолдары мен өңделу технологиясына  өз ой – пікірлерін, ұсыныстарын айтуға дағдыланды.

Осылайша әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, өнер түрлерімен таныса отырып, баға берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырды. Жас ерекшеліктеріне байланысты 1-2 сынып оқушыларынан 1 топ, 3-4 сыныптан 1 топ, 5-6 сыныптан 1 топ жинақталды. Бейнелеу өнері үйірмесін топтастыруда қатысушы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеруді талап етеді. Үйірме құрамы 10-12 қатысушыдан топтастыруға болады. Алайда, жоғарғы сыныптан үйірме жұмыстарына қатысуға қызығушылық білдіретін оқушыларда кездеседі. Бұл оқушылар сурет салуға икемдері бар, дарынды балалар болуы мүмкін. Дарынды балалармен жеке жұмыстар жүргізіп, кәсіптік бағдар бере отырып, мамандық таңдауына жәрдемдесуге болады.  Үйірме жұмысының нәтижесі мен жетістігі ретінде тоқсан сайын немесе жарты жылдық, жылдық, мектепішілік және көрмелер өткізу жоспарланды. Көрмелер ұйымдастыру бейнелеу өнерінің мектептегі эстетикалық тәрбие беру аясын кеңейтеді. Сонымен қатар қалалық, облыстық, Республикалық, Халықаралық балалар шығармашылығының байқаулары мен түрлі көрмелеріне іштей немесе дистанциондық интеренет сайыстарына қатысып өз мүмкіншіліктерін шыңдау арқылы нәтижесін көре алды.

Атап айтсақ осы жуықта Өскемен қаласы әкімдігінің «Балалар көркемөнер  мектебі» КМҚК ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілген  «Люблю тебя, мой край Родной!» атты Халықаралық – олимпиада —  байқауының  қалалық айналымында қатысып ең үздік әлеуметтік плакат номинациясы бойынша 1, 2, 3 орынды иеленсе, «Алтын Ұрпақ»   Өндірістік –білім беру орталағының ұйымдастырылумен өткен «Алақанмен мен саусақпен сурет саламыз» атты Республикалық суреттер сайысында бір топ оқушылар жүлделі орындарды иеленді оның ішінде 1-2 сынып және 3-4 сынып және 5-6 сынып оқушылары да өз еркімен өз шығармашылықтарымен жүлделі орындарды иеленді. Ресей Федерациясы, Башкирияның Уфа қаласында өткен  «Гжельские узоры» атты Халықаралық суреттер көрмесінде  оқушыларымыздың жұмысы елеусіз қалмады атап айтсақ Советова Жұлдыз І-орын, Тоқымбай Разия І-орын, Асан Назерке І-орын, Аскербекова Айша ІІ-орын,Советова Нұрай ІІ-орын, Сейтбекқызы Арайлым ІІ-орынды иеленді.

Дамыған 30 елдің қатарындағы елдермен бірге іргелі ел болуға, ұлт болуға, мемлекеттік тілді, халқымыздың тарихы,  мәдениетін, өнерін білетін, қазақтың жанын  ұға алатын, елінің саясатынан хабардар өз саласының бәсекеге төтеп бере алатын нағыз маманын дайындау қазіргі  Елбасымыздың алдымызға қойған басты міндеті. Сондықтан бұл жерде балаларды өнермен сусындататын бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің білім мен кәсіптік деңгейлері өте жоғары деңгейде болуы басты шарт.

«Баланы бір затпен таныстырмақшы болсаң, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, оны балаға алып келіп көрсет, көрсетіп қана қоймай, сол заттың суретін салғыз, әрі суретпен ғана қанағаттанба балшықтан мүсін жасауға үйрет», — деп Мағжан Жұмабаев бекер айтпаған. Оқушының бойына көркемдік танымдығын, іскерлік-шеберлігін, ұқыптылығын қалыптастырудағы суретшілер үйірмесінің маңыздылығы зор. Оқушының білімін тереңдетуге, шығармашылығын, еңбекке деген қызығушылығы мен талпынысын, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамының деңгейін жоғарлатуда бейнелеу өнері үйірмесінің орны ерекше. Осы тұрғыда Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейінде көптеген ізгі істер өз жалғасын табуда. 2015-2016 оқу жылынан бастап бастауыш мектептің 1-2 сыныптарына арналған «Сиқырлы боялар» атты авторлық бағдарламамның негізінде  өнерге бейім, дарынды оқушылармен үйірме жұмысын жүргізіп келемін.

Бұл үйірмеде оқушылар қазіргі заманауи жаңа бағыттағы, сабақтан тыс уақытта істеуге болатын өнер түрлерімен кеңінен танысып, бейнелеу өнерінің әр түрлі техникаларында жұмыс істеп үйрене отырып шығармашылық қабілеттерінің дамуы,  қолөнер, сызу,  жануартану, өсімдіктану, математика,  дүниетану,  көркем еңбек,  т.с.с. пәндермен тікелей байланысты екенін аңғарады. Бала оқу процессінде алған білімін үйірмеде іс-жүзінде қолданып келеді. Сыныптан тыс үйірмелер оқушының сабақта алған білімін, әрі қарай дамытудың негізгі  жолы болып есептеледі. Мұның өзі түптеп келгенде баланы шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынуға, шеберлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.

Қазіргі оқу технологиясы барысында бала тек үйренуші ғана емес, өзіндік  ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесінде болуы керек. Белсенді оқу, керісінше,  оқушылардың  белсенді жұмыс істеуі арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын,  демек,  оқушылар тек тыңдаумен  айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсетеді.  Қызметтің мұндай түрлері оқушылардан өздері тапқан ақпаратты талдау және түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлау дағдыларын қолдануды талап етеді, болашақта өз дағдыларын жақсарту мақсатында басқа нәтижелерді бақылауды және талдауды қажет етеді.

Оқушылар үйірме сабақтарында тек қана тыңдап қана қоймай, талдау жасап, сурет салу жолдары мен өңделу технологиясына  өз ой – пікірлерін, ұсыныстарын айтуға дағдыланды.

Осылайша әр түрлі шығармаларды зерттей отырып, өнер түрлерімен таныса отырып, баға берумен өз бойларында келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық этикалық бағалы қасиеттерді қалыптастырды. Жас ерекшеліктеріне байланысты 1-2 сынып оқушыларынан 1 топ, 3-4 сыныптан 1 топ, 5-6 сыныптан 1 топ жинақталды. Бейнелеу өнері үйірмесін топтастыруда қатысушы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеруді талап етеді. Үйірме құрамы 10-12 қатысушыдан топтастыруға болады. Алайда, жоғарғы сыныптан үйірме жұмыстарына қатысуға қызығушылық білдіретін оқушыларда кездеседі. Бұл оқушылар сурет салуға икемдері бар, дарынды балалар болуы мүмкін. Дарынды балалармен жеке жұмыстар жүргізіп, кәсіптік бағдар бере отырып, мамандық таңдауына жәрдемдесуге болады.  Үйірме жұмысының нәтижесі мен жетістігі ретінде тоқсан сайын немесе жарты жылдық, жылдық, мектепішілік және көрмелер өткізу жоспарланды. Көрмелер ұйымдастыру бейнелеу өнерінің мектептегі эстетикалық тәрбие беру аясын кеңейтеді. Сонымен қатар қалалық, облыстық, Республикалық, Халықаралық балалар шығармашылығының байқаулары мен түрлі көрмелеріне іштей немесе дистанциондық интеренет сайыстарына қатысып өз мүмкіншіліктерін шыңдау арқылы нәтижесін көре алды.

Атап айтсақ осы жуықта Өскемен қаласы әкімдігінің «Балалар көркемөнер  мектебі» КМҚК ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілген  «Люблю тебя, мой край Родной!» атты Халықаралық – олимпиада —  байқауының  қалалық айналымында қатысып ең үздік әлеуметтік плакат номинациясы бойынша 1, 2, 3 орынды иеленсе, «Алтын Ұрпақ»   Өндірістік –білім беру орталағының ұйымдастырылумен өткен «Алақанмен мен саусақпен сурет саламыз» атты Республикалық суреттер сайысында бір топ оқушылар жүлделі орындарды иеленді оның ішінде 1-2 сынып және 3-4 сынып және 5-6 сынып оқушылары да өз еркімен өз шығармашылықтарымен жүлделі орындарды иеленді. Ресей Федерациясы, Башкирияның Уфа қаласында өткен  «Гжельские узоры» атты Халықаралық суреттер көрмесінде  оқушыларымыздың жұмысы елеусіз қалмады атап айтсақ Советова Жұлдыз І-орын, Тоқымбай Разия І-орын, Асан Назерке І-орын, Аскербекова Айша ІІ-орын,Советова Нұрай ІІ-орын, Сейтбекқызы Арайлым ІІ-орынды иеленді.

Дамыған 30 елдің қатарындағы елдермен бірге іргелі ел болуға, ұлт болуға, мемлекеттік тілді, халқымыздың тарихы,  мәдениетін, өнерін білетін, қазақтың жанын  ұға алатын, елінің саясатынан хабардар өз саласының бәсекеге төтеп бере алатын нағыз маманын дайындау қазіргі  Елбасымыздың алдымызға қойған басты міндеті. Сондықтан бұл жерде балаларды өнермен сусындататын бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің білім мен кәсіптік деңгейлері өте жоғары деңгейде болуы басты шарт.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype