+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектептегі мұғалім көшбасшылығы

Арыстангалиева Анар Алтыбаевна,   Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі, Миялы ауылы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы

S-нақтылық

 

Оқуға бағытталған көшбасшылық пен басқару идеясы туралы мұғалімдердің көзқарастарын қалыптастырамын,түсініктерін кеңейтіп,мұғалімдердің тәжірибесіндегі  мұғалім көшбасшылығы ұғымының маңыздылығын ашамын.

M –мақсат өлшемі

 Көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді жою жолдарын анықтайды..

A- қолжетімділік, қолдан келерлік болу керек

 

Топтаса жұмыс атқара отырып,мұғалімдер әріптестері арасында педагогтың маңызды кәсіби қасиеттерінің бірі-көшбасшылық ұғымы жөнінде ақпаратпен алмасады.

R-шындыққа сай қысқа да нұсқа берілуі

 Кәсіби  ақпаратпен алмасты

T- белгілі бір уақыт аралығымен шектелген

 

 Оқытушы көшбасшылығы туралы түсінік  қалыптасады,өз тәжірибелерімен бөліседі.

 

 

 

Күтілетін нәтижелер:

Мұғалімдер:

  -Топтаса жұмыс атқара отырып,басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады.

-көшбасшы түрлерінің ереекшеліктерін айқындай отырып,қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.

-Көшбасшылық түрлерін ажыратып,ой бөлісе алады.

Түйінді идеялар:  

Әр адам өз бойындағы көшбасшылық қабілетін жетілдіреді.

Кәсіби білім біліктері өседі.

Қолданылатын материалдар

(ресурстар)

 

  Интерактивті тақта,түрлі тұсті материалдар,үлестірме қағаздар,А-3 форматтағы ақ қағаздар,маркерлер,түсті суреттер.

Дерек көздері

 

МАН (мұғалімге арналған нұсқаулық ,109-113 беттер), ғаламтор

Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану (А. Әлімов, Алматы-2015)

 

Кезеңдері

Коучтың  іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

І.Топтық жұмысты ұйымдастыру

Топқа бөлуді ұйымдастырамын.

Батылдық,сенімділік,біліктілік,көрегендік деген сөздер жазылған түрлі түсті қағаздарды суыру арқылы топқа бөлу.

 Сурет қиындылары арқылы 4 топқа бөлінеді.Топ мүшелері неліктен осы сөзді  таңдап алғанын айтады.

ІІ.Жағымды психологиялық ахуал

Барлық қатысушыларға алдымен балаңүйрек саусақтарына қаламның басы мен ұшын ұстауларын сұраймын.Қаламды ұстаған күйлерінде отыруын,тұруын,шалқаюы  керектігін айтамын.Бұдан шығатын түйін:Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады.

Мұғалімдер жақсы көңіл күймен коучинг сессиясын бастайды.

      Миға шабуыл

Ассоциация жасау

«Құмырсқа қағанаты»бейнесюжетін көрсетемін .
Бүгінгі коучинг тақырыбы қандай болмақ.?

Әр топ мүшелері өз ойларын білдіреді

Коучинг тақырыбын болжайды.

Түйін

Таныстырылым.
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»

Слайдтан   таныстырылым арқылы көшбасшылық туралы өз пікірлерін білдіреді.

Топтық жұмыс

І-топ-«Ғауһарлар иерархиясы»,
ІІ-топ-«Әуе шары»стратегиясы,
ІІІ-топ-«Өзіндік ойын»
ІV-топ-«Флешбоун»әдістері бойынша берілген тапсырмаларды орындау

Топ мүшелері ақылдаса келе салыстырмалы талдау жасайды.Жұмыстарымен таныстырып,неліктен мұндай қорытындыға келгенін дәлелдейді

Бағалау

 «Мадақтау сэндвичі» әдісі


1 бөлік – позитивті комментарий,  не ұнады;
2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3 бөлік – келешекке (маған ұнады, бірақ келесі жолы) 

«Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы топтар бағалайды.

Көшбасшылық  қабілеттерді дамытуға бағытталған ойын

 

«Іскер көшбасшы» жаттығуы
Топтық жұмыс.
1-3-топ «Түсті қағазға жан бітіру».
2-4-топ»Қалдық заттардың екінші өмірі» 

Әр топ өзіне берілген тапсырманы өз шеберлігімен орындайды.Көшбасшы қорғайды.

Бағалау

Осы тапсырманы орындамас бұрын критерий құрғызамын.Сол критерий бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

Топ мүшелері қойылған критерий арқылы бір-бірін бағалайды.

Рөлдік ойын.
«Жағдаяттарға байланысты мен көшбасшы бола аламын ба?»

 Әр топ өзіне берілген тапсырмадағы көшбасшының рөлін сомдау керек.Яғни,әр топ жағдаятты көрініс ретінде қойып,мәселелерді шешу қажет.

-Сіздің ұжымдағы әріптестеріңіздің арасында ауызбіршілік жоқ.Осы жағдайды қалпына келтіру үшін көшбасшы ретінде сіз не істер едіңіз?
-Ұжым мен ата –аналар арасындағы қарым қатынасты нығайту үшін көшбасшы ретінде не істет едіңіз?

-Демалысқа шығып қайықпен серуендеген кезде қайықтың ішіне су кіріп жатқанын көрдіңіз.Көшбасшы ретінде не істер едіңіз?

-Сіздің тобыңыздың студенттері Әсетті группаласы ретінде қабылдамай жүр.Сіз көшбасшы оқытушы ретінде не істер едіңіз?

Топ мүшелері жағдаяттан шығу жолдарын  рөлдерге сомдау арқылы табады.

Бағалау

 

Топтар бас бармақ арқылы бір-бірін бағалайды

Кері байланыс

5 мин

 

Семинарға келу мақсатым

Семинардан алған

әсерім

Ұсыныс, тілектерім

 

 

 

 

 

 

 

Коучингке қатысушылардың пікірін Градусник кестесіне жазу

Рефлексия

 

Топта белсенділік танытқан топ мүшелерін марапатау

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype