+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 26 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Не білдік, не үйрендік?

Нұрғалиева Бибигуль Мамырхановна, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім  беру-тәрбиелеу орталығы» КММ-нің тәрбиешісі, Өскемен қаласы

Білім бөлімдері: «Көркем әдебиет», «Айналамен таныстыру», «Экология».
Білім саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Сабақтың мақсаты:
1. Балалардың халық ертегілері, ертегілер кейіпкерлері туралы түсініктерін белсендіріп, жыл бойы алған білімдерін бекіту.
2. «Сипаттамасы бойынша тап», «Қай зат не үшін қажет?»,  «Ертегіні ата», «Кейіпкерлерді ертегісіне қайтар», «Жыл мезгілдері», «Өлі және тірі табиғат», «Жануарларды мекені бойынша ажырат», «Ыдыстарды ата» д/о арқылы баланың фонематикалық және перцептивті қабылдауларын белсендіру, логикалық ойлау элементтерін қалыптастыру, зейіннің тұрақтылығын, көлемін, ауыстырымдылығын арттыру.
3. Балалардың өз ойларын жеткізіп айтуды үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Демонстрациялық құрал-жабдықтар: аудио құрал («Ертегілер», «Қызыл телпек» әуендері), кітап көрмесіне арналған ертегі кітаптар, слайд, ертегі кейіпкерлері (қасқыр, түлкі, тырна, аю, қоян, Қызыл телпек, аңшы, бауырсақ, ата мен апа), «Қызыл телпек» 3 бөлікті  қима суреті, үй және жабайы жануарлардың муляждары, тірі және өлі табиғатқа арналған заттық суреттер (күн, көбелек, су, құс, тау, гүл), үйшік пен ағаш, бөлменің суреті, үйдің суреті, ыдыстардың заттық муляждары, ойыншықтар көрмесі (пирамида, доп, қуыршақ, машина)

Таратылатын құралдар: Айна (бала санына сәйкес).
Сабақ түрі: қорытынды сабақ.
Сабақ типі: кіріктіру сабақ.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:  сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, салыстыру, топтау.

Сабақ барысы: 

Сабақтың құрылымы

Мұғалімнің
іс-әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

І.Ұйымдастырушылық кезең

Психологиялық дайындық (2 мин)

 

 

 

 

ІІ. Қайталау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сергіту сәті

 

 

 

 

ІІІ. Бекіту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ІV. Қорытынды

 

 

 

 V. Күтілетін нәтиже

Шаттық шеңбері:

«Балабақша үйіміз»

Ертегілер кітаптарының көрмесі. Тәрбиеші балалармен ертегілерді қайталап, кейіпкерлерді атайды, мінездеме береді.

«Ертегілер» әуені қосылады.
— Балалар, бұл әуен не туралы?

«Ертегіні ата» д/о

Мақсаты: логикалық ойлау элементтерін қалыптастыру, перцептивті қабылдауды белсендіру

Барысы: педагог кітап көрмесіндегі ертегілерді атауды ұсынады

«Кейіпкерді ертегісіне қайтар» д/о

Мақсаты: топтау ойлау операциясын белсендіру, қабылдау, зейінді дамыту

Барысы: педагог «Бауырсақ» және «Қызыл телпек» ертегі кейіпкерлерін ажыратуды ұсынады. (Әуен естіледі).

Жолда балалардың алдынан түлкі шығады. Түлкі өзінің қулығын асырмақшы болып, жұмбақтарын жасырады (жыл мезгілдеріне байланысты анимациялық слайд көрсетілімі)

«Жыл мезгілі» д/о

Мақсаты: логикалық ойлау элементтерін қалыптастыру, зейіннің тұрақтылығын қамтамасыз ету

Барысы: Педагог балаларға жұмбақтар жасырады. Түлкі келесі айласын асырғысы келеді.

«Жануарларды мекені бойынша ажырат» д/о

Мақсаты: көру арқылы қабылдауды, зейін көлемін арттыру, логикалық ойлау элементтерін қалыптастыру.

«Тірі және өлі табиғат» д/о

Мақсаты: жалпылауды, топтауды үйрету

Барысы: Педагог тірі және өлі табиғат бойынша заттық суреттерді топтауды ұсынады.

Барысы: «Балалар, қарайықшы, жабайы жануарлар мен үй жануарлары бір – бірімен

араласып кетіпті. Сондықтан, біз оларды мекені бойынша ажыратайық

Сергіту сәті аудио құралдың көмегімен түлкімен бір жасайды.

Түлкі өзінің тағы бір айласын асырмақшы болып, бір ертегі кейіпкерін жасырады. Бұл кейіпкерді табу үшін балалар Қызыл телпектің қима суреттерін құрастырады. («Қызыл телпек» ертегісінің әуеніне ауысады)

Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қызыл телпек балаларды үйіне шақырады.  (Педагогтың балалармен бірге үйдің құрылысын талдау)

Қызыл Телпек балаларға өз бөлмесін көрсетеді.

«Қай зат не үшін қажет?» ойыны

Мақсаты: балалардың зейінін тұрақтандыру, логикалық ойлау элементтерін қалыптастыруды дамыту

Барысы: педагог жиһаздың қызметі туралы сұрақтар қояды.

Қызыл телпек балаларды өз дастарханына шақырады.

«Ыдыстарды ата» ойыны

Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын және ауыстырымдылығын қамтамасыз ету

Қызыл телпек ойыншықтар бұрышына шақырады.

«Сипаттамасы бойынша тап» д/о

Мақсаты: логикалық ойлау элементтерін қалыптастыруды жалғастыру

Барысы: Педагог балаларға ойыншықтар туралы жұмбақ жасырады.

Аяғы  бар,  жүрмейді,
Аузы   бар,  күлмейді.
Айнымайды  бөпемнен,
Тек   сөйлеуді   білмейді (қуыршақ)

Ұрсаң, ұшып жоғары

Жерге түсер домалап. (доп)

 

Қызыл телпекпен рефлексия «Айна»

Балалар, біз айнадан кімді көре аламыз?

Кәнекей, айнадан көрінген бала, бүгінгі сабақта қайда саяхатқа барды?

Жолында ол қандай ертегі кейіпкерлерін кезіктірді?  Бала сұрақтарға қалай жауап қайтарды?

Ертегі кейіпкерлерімен қоштасу.

Біледі: Оқу жылы барысында өткізілген ертегілер бойынша жеке кейіпкерлерді атау, жеке лексикалық тақырыптар: жыл мезгілдері, ыдыстар, жиһаздар, ойыншықтар, үйдің құрылысы, үй және жабайы жануарларды ажырату, өлі және тірі табиғатты ажырату туралы білімдер

Игереді: берілген тақырыптар аясында білімдерін жинақтау, нақтылау

Меңгереді: сұрақтарға өз бетімен жауап беру, тақырыптар бойынша  ұсынылған тапсырмаларды (жасерекшеліктері бойынша) толық орындайды

 

 

 

 

  

Ертегі туралы

 

 

Балалар кітап көрмесіндегі  ертегіні атайды

 

 

 Балалар «Бауырсақ» және «Қызыл телпек» ертегі кейіпкерлерін ажыратады

 

 

 Балалар жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтарды шешеді.

Орманда шатасып қалған жануарларды мекені бойынша ажыратады.

 

  Балалар заттық суреттерді өлі және тірі табиғат бойынша жинақтайды.

 

 

 

 

 

Қызыл телпекпен амандасады

 

Үйдің шатыры, қабырғасы, терезесі, есігі болады.

 Балалар жеке жиһаздардың тұрмыстағы қызметтері туралы айтады

 Жеке бала отырып, бір ыдысты алып, оның бөлшектерін атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Әр бала өз атын атайды.

Балалардың жауаптары

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype