Үйірме жұмыс істеп келе жатқан уақыттан бері балабақша бүлдіршіндері айтыс өнерімен балабақшаішілік сайыстарда, Наурыз мерекесінде,балабақшада ұйымдастырылған аудандық іс-тәжірибе тарату семинарларында, 1-Маусым балаларды қорғау күніне орай орталық мәдениет үйінде өнерлерін көрсетіп келеді.
Қарт Тарбағатай тауының табиғаты, тарихы, аңыз-дастандар жайлы айта отырып туған өлкеге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін тәрбиелеуде туған жер, өлкеміз жайлы жыр толғаған жергілікті ақындар оның ішінде Ә.Мәселұлы, С.Сағдолдиннің шығармашылығымен таныстыруда жұмыс түрлері ұйымдастырылған, айтыс өнерін насихаттауда тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатылған. Біздің мақсатымыз, азаматтық парызымыз ұмыт қалып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жандандыру, халқымыздың ұлттық құндылықтарын, асыл мұраларымызды дарынды да тәрбиелі балалардың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізу.
Айтыс өнерін насихаттап алғашқы қарлығаштары болған «Балауса» мектеп-балабақшасының оқушылары Мотышев Мирас пен Мәдениетова Жұлдыз. Мотышев Мирас қазіргі уақытта әншілік өнерімен көзге түсіп жүрген азамат. Одан кейінгі толқын ұрпақ балабақша тәрбиеленушілері Дәулетұлы Самат пен Баянқызы Әдия, Аманжолова Аружан мен Аянұлы Арман, Мырзабеков Мағжан мен Жұмаш Мерейлі. Балабақшада өткен аудандық іс-тәжірибе тарату семинарында «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты айтыс өнерін балабақша бүлдіршіндері Сайлауханов Дінасыл мен Байдаханова Мәдина көрсетті. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарбағатай-туған жер», балабақша жанынан жылыжайдың ашылуына орай «Жылыжай бізде ашылды» атты тақырыпта бүлдіршіндер сәбилік көңілмен жырлады. Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбында Кәрібек Ануар мен Арылбекова Аймарал балабақша жетістіктерін жырлады.
Құрметті оқырман-әріптестер, облысымыздың бірден-бір педагог қауымының іс-тәжірибесін тарататын басылым арқылы сіздердің назарларыңызға бүлдіршіндердің өнерін төменде ұсынып отырмын.
***
«Балабақша танымал жақсы істерімен» айтыс
«Балдырған» ересектер тобының тәрбиеленушілері Кәрібек Ануар мен Арылбекова Аймарал
1.Аймарал
Бүгінгі мынау айтысқа,
Тауып келген уақытты,
Ата-аналар, қонақтар,
Біздерменен бақытты.
Ей, Ануар сен менің,
Қарсыласым, жақтасым.
Аудан, ауыл біледі,
«Балаусаның» бақшасын.
Өнеріңді көрейін,
Сөзден маржан терейін.
Отырсың-ау шыдамай,
Кезегіңді берейін.
2. Ануар
Армысың Аймаралдай қарсыласым,
Бұл кезең тәуелсіздік нарқы басым.
Екеуіміз де балабақша баласымыз,
Өмірден көп қой біздің аласымыз.
Өсеміз апайлардан тәрбие алып,
Бәсеке ешкімменен жоқ таласымыз.
Өзіңе қарайыншы мойын бұрып,
Қақпанға түсіретін дұзақ құрып,
Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасын,
Көрші, кәне менімен жарыстырып!
3.Аймарал
Айналған балабақша панамызға
Теңейтін аяулы екінші анамызға
Жарқын болашаққа бастаған
Дәстүрлі Президент Жолдауы
Нұр құйды сәби жаңа санамызға.
4.Ануар
Бұл сөзіңе мен дағы қосыламын.
Елбасымыз Президент атамыз.
Әркез балалар қамын ойлаған.
Дәстүрлі Президент Жолдауында.
Балабақша жағдайы ерекше назарында
Мың алғыс Президент атамызға!
5.Аймарал
Нұрсұлтан атамыз-таудай биік алып,
Көп үміт күтеді сізден халық.
Жақсылық, шарапатыңыз тиіп елге
Жуырдағы тікелей сұхбатыңыз
Біліп жатыр оны да елі танып.
6.Ануар
Президенттің дәстүрлі Жолдауында
Ана тілі де басты назарында
Жолдауды жүзеге асыруда
Тіл туралы қандай шара өтіп жатыр?
Айта отыр мына отырған халқымызға.
7.Аймарал
Тіл біздің санамыз да, арымыз да
Оған мысал тіл дамыту сабағы да.
Тілімізді жақсылап оқимыз ғой
Қазақ деген намыс бар қанымызда.
Ануар, өзің қане айта отыр
Тіл туралы сенің қандай пікірің бар?
8.Ануар
Ана тілін ардақтап құрметтеуде
Бақшамыз танымал жақсы істерімен.
Небір қызықты сайыстар өтіп жатыр.
Естелік көп балалық кездерімнен.
Егеменді елдің ертеңі қалай болам?
Ана тілім, егер сені білмесем?
9.Аймарал
Қосыламын сөзіңе басымды иіп
Тіл туралы не айтсаң да кетер сыйып
Тіліміздің мәртебесін жоғары ұстап
Жүрейікші бата алып оқып-сүйіп.
10.Ануар
Айтыс деген қазақтың төл өнері,
Берері көп халықтың көп көрері.
Тілдің әр кез мерейін арттыратын.
Жаса айтыс, жасай бер тіл өнері!
* * *
Орталық мәдениет үйінде өткен балабақшаның шығармашылық мерекелік бағдарламасында ұйымдастырылған «Балабақшам-саябақ» атты айтыс
«Балдырған» ересектер тобының тәрбиеленушілері: Кәрібек Ануар мен Бақытбекқызы Еңлік
1.Ануар
Сәбилерді аялап,
Кең құшағын жаяды-ақ.
Бүлдіршіндер мекені,
Балабақшам – саябақ.
Бүгінгі мынау айтысқа,
Тауып келген уақытты.
Ата-аналар, қонақтар
Біздерменен бақытты
Қарсыласым Еңлік
Кәне, айтысты бастайық.
Мақтанарлық жай болса,
Айтып-айтып тастайық
2.Еңлік
Ей, Ануар сен менің,
Қарсыласым, жақтасым.
Аудан, ауыл біледі,
«Балаусаның» бақшасын.
Өнеріңді көрейін,
Сөзден маржан терейін.
Отырсың-ау шыдамай,
Айтарыңды ашық айт,
Сөз кезегін берейін
3. Ануар
Бақшамыздың мекені
«Шәкәрім» ата көшесі
Самаладай жарқырап
Шам шырағы жанғаны
Басшымыздың арқасы
Ділдабек ата келгелі
«Жасыл елге» айналдық.
Тағы атамыз бастады
Тың ойларды тастады.
Тарихта бұрын болмаған
Тарбағатай елінде
Ақжарымның төрінде
Үш тілде «кел» деп шақырған
Мәдениеттің жарғысы
Ашылды «Гүлдер дүкені»
4.Еңлік
Екі бірдей «Жылыжай»,
Жемістерін беріп тұр.
Таңдандырған көркімен,
Келген, кеткен қонақты.
Алуан түрлі көкөніс,
Нәрлендірген тамақты
Қос «Жылыжай» салдырған
Аудандағы басшымыз
Ділдабектей атаға
Сәбилердің атынан
Үлкен алғыс айтамыз.
5. Ануар
Кім көрмейді асылды
Жайнаған бақ жасылды.
Жаңа жақсы үлгіде
Бөбекжай топтар ашылды.
Облыстың бұйрығы
«YAlEO» орталық ашылды.
Орталыққа лайық деп
Самал әпке басшымыз
Бақшамызды таңдады
6.Еңлік
Ануар, ойың дұрыс қой
Бағдарлама «Балапан»
Бізге жайды алақан.
Жылы жайлы ұяда
Біз бақытты балақан.
Ана тілін құрметтеп
Үштілділікті қостаймын.
Ағылшын тілін ертеден
Үйренемін бақшадан.
7.Ануар
Алтын ұям ақ ордам
Білім ұям бақ ордам.
Орындап ата-ана тілегін
Орталық онда ашылды.
Ауылдағы үш мектеп
Оқушыларын қамтыды.
Зейнеткер ұстаз апайлар
Терең білім үйреткен.
8.Еңлік
Тыныш ашық күн аспан
Бірлігіміз жарасқан.
Балабақша ұжымы
Құмырсқадай ұйымшыл
Жылыжайды жайнатқан.
Қазанын еңбек қайнатқан.
9.Ануар
Бізбен бірге осында
Өткен албырт жастығы
Құсайнова Алмагүл
Балабақша басшысы.
Балабақша ауласын,
Гүлдендіріп жөндеді.
Бұл да үлкен мақтаныш,
Сені менен мендегі.
Егеменді еліме,
25 жыл толғанда,
Елбасымыз сыйлаған,
Жарқыраған медальмен,
Алмагүлдей апайдың
Бағаланды еңбегі.
10.Еңлік
Міне, бүгін өзіңмен
Айтысуға мен келдім.
Мәңгі елдің ұрпағы
Қазақ елі жасасын!
Бес жасқа сен де келіпсің,
Елгезек, ерке еліксің.
Адыңда айқын сара жол,
Ақылды бол, адал бол.
Еңбегіңді ел ұқсын.
11.Ануар
Ар-намыстан жаралған,
Тіршіліктен нәр алған.
Әке-шешем ақ ордам,
Ұрпақ өсіп таралған.
Ұйқымызды қандырған,
Бағымызды жандырған.
Еңлік, сен екеуіміз
Тобындамыз «Балдырған»
12.Еңлік
Айтса бітті басшылық
Тілегін жерге тастамай
Байбалам сап үйге кеп
Орындатпай қоймаймын.
Ата-анамыз бақшаға
Ризалықпен қарайды.
Бақша үйіне жылы алғыс
Жасайды ылғи қолғабыс
13.Ануар
Кім білмейді ойласаң,
Ұстаз қымбат екенін.
Бәрінен де тым ыстық
Балабақша мекенім.
Тәрбиеші апайлардан
Тәлім-тәрбие аламыз.
Туған елін ойлайтын
Азаматтар боламыз.
14.Еңлік:
Кім білмейді ойласаң,
Достық қымбат екенін.
Бәрінен де тым ыстық
Балабақша мекенім.
Тауық жылы қуаныш
Басы болды береке.
Мамыр көктем айында
Бүгін бізде мереке.
15.Ануар:
Егеменді ел болып,
Дархан тойды тойладық.
Жер бетінде тыныштық.
Болса екен деп ойладық.
Балабақша панамыз
Толысады санамыз.
Елімізді қорғайтын,
Біз де азамат боламыз.
Достықты да сақтаймыз,
Әділдікті жақтаймыз.
Отан-ана сенімін
Біз бірігіп ақтаймыз.
Бүгінгі таңда XXI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеуде «Балауса-Балғын» ясли-бақшасында «Атамұра» үйірмесі 1999 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. «Атамұра» қоғамдық сөз өнері үйірмесінің өзекті тақырыбы: «Айтыс өнеріне, тіл шешендігіне баулу».