+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жаңартылған білім — болашақтың кепілі

 Турканова Нургуль Табараковна, «А.Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен қаласы

           Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Осыған орай 2016-2017 оқу жылының 1 қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектептері білім берудің жаңа жүйесіне көшті. Еліміздің орта білім аймағында болып жатқан жаңалығы бізді де бей-жай қалдырмағанын жасырмаймын. Бұл бағдарламаның өзгешілігі даярлық сыныбынан бастап балаға спиральді білім беру болып табылады. Тақырыптар әртүрлі деңгейлерде қайталанып, келесі деңгейде алдыңғыға қарағанда анағұрлым тереңдетіліп оқытылып, күрделілігі артып отыратынын естігенде менің ішкі дүниемде бір қуаныш пайда бола бастады. «Қайталау – білім анасы» деген сөзі бар емес пе? Бала жылдан жылға қайталап, тапсырмалары бірте-бірте күрделеніп тұрса, балаға оқу үдерісінде қиынға соқпайды.

         Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
       Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.
        Бейімділік — оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.
       Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа білім беру — жаңа ізденіс, тың жаңалықтар мен мезгіл сұранысына сай көзқарас  арқылы жүзеге асыруды талап етіп отыр. Ақпарат алмасу, интеллектуалды өнімдер мен идеялар күн санап белсенді түрде үдей түскен шақта жас ұрпаққа білім беру жауапкершілігі арта түсуде. Облыс көлемінде ұстаздардың ізденіспен жұмыс істеп, шығармашылығын шыңдауға, инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалудаБүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.      Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.  Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады.  Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай»демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді.  Қазақ халқының біртуар тұлғасы А.Байтұрсыновтың «Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі», деген сөзімен кез келген дамыған немесе дамушы мемлекеттің болашақтағы сенімді тірегі білімді де іскер жас ұрпақ екендігін айқындай түсті. Сондықтан да қандай да бір мемлекетке болмасын өз ұрпағын болашаққа саналы тәрбие мен сапалы білім иегері етіп дайындауда білім беру жүйесін әрдайым заманға сай жетілдіріп, даму бағытын айқындап отыру керектігі баршамызға айқын.
       Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші  (негізгі) деңгей. 2012ж
  2. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.2016ж
  3. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype