+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ауа райы және метеорологиялық элементтер

Құсайова Аяужан Арыстанбекқызы, «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп лицейі» КММ-нің география пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

                                                   Қысқа мерзімді жоспар 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Атмосфера» Мектеп: Күні: 22.11.17
                                                                                   Мұғалімнің аты-жөні: ҚұсайоваА.А.
Сынып: 7 «В»                                                            Қатысқандар:         Қатыспағандар: 

Сабақтың тақырыбы:

Ауа райы және метеорологиялық элементтер

Оқу мақсаттары

7.3.2.4. «Ауа райы» ұғымын түсіндіреді. Температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Ауа райы, климат құраушы факторлар және ауа райының метеорологиялық элементтері туралы біледі.
Көпшілігі: Аймақтық компанент негізінде Өскемен қаласының жел өрнегін сызады және атмосфералық құбылыстарға сипаттама жасай біледі.
Кейбіреуі: Циклон және антициклон ұғымдарын сызба түрінде көрсетеді және синоптикалық карталар бойынша жұмыс жасайды.


Бағалау критерийі

Білу: Синоптикалық картаның басты элементі қысым мен температура туралы біледі
Түсіну: Циклон, антициклон ұғымдарының ерекшеліктерін түсінеді
Қолдану: Мәліметтерді қолдана отырып синоптикалық карта жасайды.
Бағалау: Синоптикалық картаның маңыздылығына баға береді

Тілдік мақсаттар

Оқылым-айтылым: Мәтіндегі ойды бірлесе оқиды, тапсырмаларды орындау барысында бір-бірімен пікір алмасады
Тыңдалым-жазылым: Зерттеу, талдау жұмыстарын жүргізіп, туындаған қиындықтардан шығу жолдарын қарастырады, терминдерді меңгереді

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау
Қарым-қатынас жасау қабілеті
Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау

Пәнаралық байланыс

Физика – қоршаған орта құбылыстарының заңдылықтары

Алдыңғы білім

Атмосфера және оның құрамдас бөліктері

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру:
І. Топқа бөлу: 1-топ: «Бұлт». 2-топ: «Жел». 3-топ: «Тұман»

ІІ. Жағымды ахуал қалыптастыру. Топтар бір бірлеріне сабаққа деген тілектер айтады.

1.Бұлт тобы, сіздерге бүгінгі сабақта сәттілік тілейміз.
Cloud group we wish you good luck today
2.Жел тобы, сіздерге терең ой, нұрлы ақыл тілейміз! Бұл Абай атамыздың сөзі.
Deep mind light mind. This is the word of our father Abai.
3.Тұман тобы, бүгінгі сабағымыздың сәтті шығуына бәріміз атсалысайық!
Let all of us succeed in secular employment.

Алдыңғы білім:
1-топ: «Бұлт»
1. Таза ауаның құрамы? (азот 78%, оттегі 21%, инертті газдар 1%)
2. «Аэрозол» және «Табиғи аэрозол» деген ұғымға анықтама беріңіз: (Аэрозол тропосферадағы сұйық және қатты күйінде кездесетін ауаның бөліктері; Табиғи аэрозол жерден желмен көтерілетін жанартаулық шаң, өрттен шыққан түтін, топырақ, су буының молекуласы)

2-топ: «Жел»
3. Атмосфера қандай қабат және атмосфераның қабаттарын атаңыз: (ауа қабаты. Қабаттары: Тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера)
4. Тропосфера қабатына сипаттама беріңіз:

3 топ: «Тұман»
5. Стратосфера қабатына сипаттама беріңіз:
6. Мезосфера қабатына сипаттама беріңіз:

 Дескриптор:

  • Атмосфера қабаттарын айтады;
  • Атмосфера қабаттарына жеке жеке сипаттама жасайды;
  • «Аэрозол» және «табиғи аэрозол» ұғымдарына анықтама береді.
  • Ауаның құрамын айтады.

Бағалау: «Ауызша қолпаштау» 

 

 

 

 

Оқулық
7-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

*  Оқушыларға «Ауа райы» атты бейнеролик көрсетіледі.
*  Осы бейнеролик бойынша оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

№1 Тапсырма:
1-топ: «Ауа райы және Климат» Венн диаграммасы арқылы салыстырады, анықтама береді.

2-топ: «Ауа райының метеорологиялық элементтері» бойынша кластер құру арқылы сипаттама береді.

3-топ: «Климат құрушы факторлар» туралы кластер арқылы көрсетеді.

Дескриптор:

  • Ауа райы мен климатты оқушылар ажырата алады;
  • Ауа райының метерологиялық элементтерін көрсетеді;
  • Климат құрушы факторларды анықтайды;
  • Климат құрушы факторларға қысқаша сипаттма береді.

Бағалау: «Блоб» ағашы

 

№2 Тапсырма:
1-топ: Аймақтық компонент негізінде Өскемен қаласының «Жел өрнегін» сызады.

  

2-топ: «Фишбоун» әдісі арқылы Өскемен қаласында болатын атмосфералық құбылысқа сипаттама береді.
1. Атмосфералық құбылыс: «Көктайғақ»
2.Берілген атмосфералық құбылыстың қалыптасу себебі:
3.Берілген атмосфералық құбылыстың зиянды әсері:
4.Осы атмосфералық құбылыстан сақтану жолын ұсынады:


«Фишбоун» (басы: құбылыс атауы: сол жақ қабырға: қалыптасу себебі; оң жақ қабырға зиянды әсері; құйрығы сақтану жолы)

3-топ: «Фишбоун» әдісі арқылы Өскемен қаласында болатын атмосфералық құбылысқа сипаттама береді.
1. Атмосфералық құбылыс: «Жел»
2.Берілген атмосфералық құбылыстың қалыптасу себебі:
3.Берілген атмосфералық құбылыстың зиянды әсері:
4.Осы атмосфералық құбылыстан сақтану жолын ұсынады:

«Фишбоун» (басы: құбылыс атауы: сол жақ қабырға: қалыптасу себебі; оң жақ қабырға зиянды әсері; құйрығы сақтану жолы)

 

Дескриптор:

  • Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, жер өрнегін сызады;
  • Атмосфералық құбылыстардың қалыптасу себебін көрсетеді;
  • Атмосфералық құбылыстардың зиянды әсерін айтады;
  • Атмосфералық құбылыстардан сақтану шараларын ұсынады.

Бағалау: «Бағалау қоржыны» 

№3 Тапсырма:
1-топ: «Циклон» және «Антициклон» ұғымдарына анықтама береді, салыстырады, сызба бойынша көрсетеді.

 

2-топ: Берілген мәліметтерді пайдаланып, Қазақстан аумағының қарапайым синоптикалық картасын жасаңыз. Тиісті изосызықтарды түсіріп, көрсеткіштерін белгілеңіз.

 

3-топ:  Берілген мәліметтерді пайдаланып, Қазақстан аумағының қарапайым синоптикалық картасын жасаңыз. Тиісті изосызықтарды түсіріп, көрсеткіштерін белгілеңіз..

 

  Дескриптор:

  • «Циклон» және «Антициклон» ұғымдарын салыстырады;
  • Циклон және антициклонды сызбаға салып көрсетеді;
  • Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, Қазақстанның картасына изотерма сызықтарын түсіреді;
  • Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, Қазақстанның картасына изобара сызықтарын түсіреді

  

 

 

Оқулық
7-сынып

Сабақтың соңы

 

 

Кері байланыс: «Сабақтан алған әсер»

 

 Бағалау: Мадақтау

 

 

 

 

Саралау – Сіз оқушыларға

қандай тəсілмен көмектесесіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?  

 

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

 

Пəнаралық байланыстар.

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану

 

 

*  «Блоб ағашы» (Әр топ өздерін бағалайды)
*  Ауызша қолпаштау
*  «Бағалау қоржыны» (топтар бір бірлерін бағалайды, яғни топтар бір бірлеріне бағалау қоржындарына смайлик арқылы бағалап кетеді)
*  «Табыс баспалдағы»

Физика – қоршаған орта құбылыстарының заңдылықтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ бойынша рефлексия 

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы жəне қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.
Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: 

2:

Осы  сабақтың  барысында  мен  сынып  туралы  немесе 
жекелеген  оқушылардың 
жетістіктері/ қиындықтары
туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар
аудару қажет? 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype