Жалпы, ойынның оқу үрдісіндегі маңызы зор. Ойын ойнау арқылы баланың бойындағы ерекшеліктерін, бейімділігі мен қабілеттерін байқауға болады. Бұл мінездемелерді ескере отырып, соған сәйкес жұмыстар жүргізіліп отырылуы тиіс. Сабақ бойы оқушылардың өзіммен бірге жұмыс істеуіне аса зор мән беремін. Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті ойын болғандықтан, осы аталған әдіс арқылы тілді үйрету үрдісінде көп жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Қазақ тілі сабақтарындағы түрлі ойындар мазмұны жағынан өмірдегі алуан құбылыстармен сәйкес келеді де, ал ұйымдастырылуы жағынан баланың ықыласы мен ынтасын арттыратындай тартымдылыққа ие болады. Жалпы білім беретін орыс меткептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінде көрсетілгендей, ойындарды үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1.Шағын ойындар. Нақты тапсырманы ұғынып, оны орындау барысында бейім қалыптастыру үшін бір желістегі рөлдік ойындар
2. Ұзақ мерзімді дамытушы ойындар. Ұйымдастырущылық мерзімі бірнеше күн немесе бір аптаға дейін созылатын, арнайы тәрбиелік мақсатпен оқушының тілін дамытуға арналған ойындар
3. Грамматикалық ойындар. Грамматикалық анықтамаларды меңгертуге арналған ойындар.
Аталған топтамадағы ойындарды тақырып мазмұнына байланысты тапсырмалармен сабақтастырып, оқушының белсенділігі мен ынтасын арттыру мүмкіндігі жоғары. Ойын арқылы сабақтың қызықтыру мүмкіндіктеріне сүйеніп, үйрету процесіне эмоционалдық өзгерістер енгізу арқылы оқушылардың ынталылығын арттыруға болады. Енді әр мақсатқа бағытталған бірнеше ойын түрлерін айта кетейін:
«Таныдың ба?» ойыны. Ойынның мақсаты: Үй жануарлары мен құстары, жабайы аңдар мен құстардың қай жерде, немен қоректенетінін айту, әр түрлі дыбыстарымен таныстыру. Ойынның шарты: ненің дауысы? Не қалай дыбыстайды? үй жануарлары не істейді? деген сұрақтарға жауап беруге жаттықтыру.
«Не жоқ?» ойыны. Ойынның мақсаты: Белгілі бір тақырып бойынша сөздерді есте сақтау және жоқ сөздерді қазақ тілінде айту.
Ойынның шарты: Тақырып бойынша суреттер беріледі. Көздерін жұмған кезде, мұғалім бір суретті алып үлгеру керек, оқушылар көздерін ашып, не жоқ екенін айту.
«Өз жұбыңды тап» ойыны. Ойынның мақсаты: Сөз тіркестерін меңгерту.
Ойынның шарты: Оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркестерін жасау үшін өз жұптарын іздейді.
«Ойлан, тап!» ойыны. Ойынның мақсаты: Дыбыстарды қайталау, дұрыс айтып, қолдана білу.
Ойынның шарты: Балалардың қолдарына суреттер беріледі. Суреттердің астында сөздер берілген, олардың әріптері немесе буындары түсіп қалған. Соларды тауып, қою керек.
Әрине, ойынның түрлері өте көп. Бірақ, ең бастысы сабақтың мазмұны мен мақсатына сәйкес іріктеліп, таңдалып алынатын болса, әр ойынның нәтижесін көретініміз сөзсіз. Ойын элементтерін әр сабақта тиімді пайдалану оқушылардың танымдық қабілеттерін және физиологиялық қажетіліктерін қанағаттандырып, тілді үйренуге мол мүмкіндіктер жасайды. Әр сабақтарды саналы етіп, өнімді білім беруге зор ықпалын тигізеді.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің дамуы әрдайым педагогикалық басшылықты қажет етеді. Сөйлеу тілін дамыту мен байытуда жүйелі жұмыс қажет.
Жас балалардың тілін дамытудың бір жолы ол — көрнекілік пен ойын. Ойын арқылы түрлі тілдік жағдай туғызып, балалардың түрлі тақырыпта сөйлеуіне жағдай жасауға болады. Ойын кезінде баланың сөйлеуге ынтасы артады, көңіл-күйі өседі, сөйлеуге белсенді қатысады. Ойын баланың сана-сезіміне де әсер етіп, тәрбиелік мақсатын да орындайды.
Оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдар оқытуда қолданылатын көрнекіліктің мынадай түрін ұсынды, олар: демонстрация, иллюстрация.
Оқытуды демонстрациялық негізде ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың құбылысты және танымдық процесті, өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқыту процесінде проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді.
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылыас балалармен белсенді түрде сөздік қарым-қатынас жасайды.
Жеміс бағы.
Мақсаты: Жемістер туралы білімдерін жетілдіру алма,алмұрт-олар жеміс деп түсіндіру.Қызыл ,сары,сопақ,үлкен ,кішкене пішінге байланысты сөздерді дұрыс айтқызу. Шырыны, дәмі, қабығы дұрыс айтып үйрену. Ойлау қабілеттерін дамыту. Жемістер туралы түсінік беру. Сөздік қорын молайту.
Ойын: «Біздің жемістеріміз»
«Нені жинады?»
«Кімде не бар?»
«Жарыс».
Үй жануарлары. Мақсаты: Үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Ойыншық пішіндерін көрсетіп әңгімелесу. Осы жануарлардың адамға пайдасы диалог түрінде сөйлесу.Балаларды үй жануарларын сүюге қамқорлық жасауға үйрету. Балалардың ойын дамыту, сөздік қорын молайту. Ойын: «Ненің дыбысы»
«Ол не» «Үй жануарларына саяхат»
Көңілді гномдар. Мақсаты: Апта күндерін рет-ретімен дұрыс айтуға үйрету. Кеше, бүгін, ертең деген ұғымдары туралы білімдерін кеңейту. Балалардың логикалық ойларын, зейінін,тіл байлығын дамыту.
Ойын:
1) «Қандай гномик жоқ». Балалар көздерін жұмады,бір гномикті тәрбиеші тығып қояды.
2) «Рет-ретімен қой». Балалар тағы көздерін жұмады, тәрбиеші гномиктардың орындарын ауыстырып қояды. Балалар көздерін ашып рет-ретімен қою керек.
3) «Кеше, бүгін, ертең». Кеше, бүгін, ертең ұғымдарын айту. Егер бүгін дүйсенбі болса, кеше қандай күн. Балалардың сөздік қорлары дамиды, ойлау қабілеттері жетіледі, көңіл бөледі және моторикалары дамиды.
Дамытушы ойын «Кәмпиттер» Мақсаты: Бұл ойын шулата отырып бірдей дыбысты табу және де ойлау қабілеттері дамиды, зейіні, есте сақтауы, сонымен қатар есту арқылы, тындай отырып дыбыстардың ерекшеліктерін сезеді.Бала қаншалықты естісе, соншалықты тез түсінеді. Тілдері дамып, жаңа ойыннан жақсы әсер алады.
Ойын: Дәл сондай кәмпит тап. Ойынды екі бала ойнайды. Бір бала кәмпитті алып сілкейді, тағы бір кәмпитті сілкіп көреді. Егер дыбыстар бірдей кәмпитті тапса ойыншы екі кәмпитті алып, ойынды жалғастырады.Кәмпиттер біткенге дейін ойын ойнала береді.
Ғажайып қорапша. Мақсаты: Балалар қолдарына киіп қорапшада не зат екенің айтады. Ойлау қабілеттері дамиды.Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Ойын: «Қуыршақ серуенге барады»
«Не істеу керек?»
«Күн ыстық немесе суық»
«Не киеді»
«Киім дүкені»
Білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер елімізге қазақшаға жетік, сауатты, білікті мамандар қажет екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан тіл үйретудің тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Абалкова И, Игібаева А.К Интерактивті әдіс арқылы тіл мәдениетін дамыту / Б.Абалкова, А.К.Игібаева // С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары.- Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2004.- 141 б.
2. Қазақ тілі. Энциклопедия. — Алматы: ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақатау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет
3. Мендаяхова Қ. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми — әдістемелік негіздері.
4. Әбенбаев С.Ш.,. Құдиярова А.М, Әбиев Ж.Ә. — Педагогика. -А., 2003.
5. Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы. — Алматы, 1989
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс», – деп оның қоғам өміріндегі орны мен рөлін, қадір-қасиетін айрықша атап көрсетті.