|
Оқу іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы
|
— Балалар, қараңдаршы, Амансың ба? Көк аспан. Амансың ба? Жер ана. Амансың ба? Достарым. Сендерді көріп қуандым. |
Шаттық шеңберін жасайды. |
|
Ұйымдастыру ізденіс
|
— Өте жақсы балалар екенсіңдер! — Қандай табиғат құбылыстары болады? — Қыста адамдар қалай киінеді? — Балалар, қыста қандай ойындар ойнамыз?
— Қандай аңдарды білесіңдер? — Олай болса, балалар, аңдардың ізімен орманға барайық, — деп із арқылы орманға бару. — Балалар, қараңдаршы біз қайда келдік? — Орманға келдік. — Аппақ қар жауған екен. Орманда қандай аңдар мекендейді? Аңдардың дыбыстарын естірту. Суреттерін көрсету. — Балалар, ағаштар не жамылған? Жылтыраған аппақ қар жамылған. -Шыршаның түсі жазда да қыстада өзгермейді екен. -Шыршаның түсі қандай? -Жасыл болады екен. Қарағашқа қарайықшы, оның жапырақтары бар ма? Жапырақтары күзде түсіп қалған. Мына ағаш балалар Емен. Емен ерекше күтімді қажет етпейді. Топырағының құнарлы болғаны дұрыс. Бастапқыдағы қақаған аяз бен ызғарлы суыққа төзімді болуы үшін емен көшеттерінің тамырын терең егу қажет. Көбейтілуі Емен ағашы жаңғағы арқылы көбейеді. Сопақтау келген жаңғағының сыртында қоңыр түсті, қатты, жылтыр қабығы болады. Осы кезде қарағайдың түбінен «Тиін» шыға келеді. Жел улеп кетеді, музыка қосылады. Мен тиінмін, тиінмін, -Балалар бұл қандай жануар? -Тиін — әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін жануар. Тиіннің қорегі емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, Тиін Жұмбақ жасырады. — Қане, мен сендерге аңдар туралы жұмбақ жасырайын. 1.Сылдырдан қорқады, (қоян) 3. Жеміс- жидек жегенім Балалар сізге аңдар туралы тақпақтарын айтпақшы. Айта қойыңдар. Інжу: Қорбандаған аюдың, Айару: Ұзын құлақ сұр қоян Тиін: балалар тақпақтарын жақсы айтады екенсіңдер Жарайсыңдар! Тиін, сау болыңыз. — Балалар, менің сендерге арнаған сыйлығым бар, бұл сыйлықты сендерге топтарыңа барғанда апайларың береді. — Сау болыңдар, — Қане, балалар бақшамызға қайтайық. — Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, Сергіту сәті Жел соғады бетіме, Балалар, сендер орманнан не көрдіңдер? Қандай ағаштар көрдік? Олай болса, «Қара ағашты жамылған қар» жапсыру ойынынын ойнайық. Тақтада талдың суреті көрсетілген оған қардың суретін жапсырту. Дидактикалық ойын. «Қара ағаш жамылған қар» ойыны Мақсаты: Балалардың жапсыруға деген қол икемділіктерін қалыптастыру. Барысы: Балалардың алдарында ағаштың суреті берілген суретке ақ қар жапсырту. |
— Қыста ауа-райы суық болады. — Қар жауады, боран соғады. — Жылы киінеді. Қардан аққала жасап, қар лактырып, шана теуіп ойнаймыз. қасқыр, аю, қоян, түлкі — аңдардың
Қасқыр түлкі, қоян, аю.
Шырша
Жасыл
— Аппақ, сиқырлы қар жамылған.
— Қасқыр, түлкі, қоян.
Тиінға көңіл бөледі.
Жұмбақты шешуге тырысады.
Тақпақтарын айтады
Тиінмен қоштасады.
Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Ағаштар
Қызыға жапсырады.
|
|
Рефлексиялық түзету
|
— Балалар, біз қайда саяхатқа бардық? Мадақтау. -Тиін бізге қандай сыйлық беріпті? -Бұл не, балалар? берген жаңғақты балаларға тарату. |
— Орманға саяхатқа бардық. — Ұнады. -Тиін, қасқыр, түлкі, қоян.
|
Күні:16.01.2018ж.