Оқу мазмұнындағы сабақтастықты жүзеге асыру жаңа мен бұрыннан таныс білімдердің өзара байланысына жол ашып, сүйенуді, іріктеліп алынған оқу материалын қолдануды және одан әрі дамытуды қажет етеді. Мектеп курсында анықталған интеграл тақырыбының оқытылу қажеттілігі осыдан шығады. Бұл тақырып мектеп курсында оқытылып, жоғарғы оқу орынында жалғасын табады.
Анықталған интегралдың қолданылуын оқытуды зерттей отырып, оның геометрияда, физикада, механикада, экономика есептерінде қолданылуын қарастыру оқушылардың мамандық таңдауына зор мүмкіндік береді.
Егерде мектеп математика курсындағы анықталған интегралдың қолданылуын оқытуды педагогикалық дидактиканы басшылыққа ала отырып белгілі бір жүйемен жүргізсек, онда оқушылардың ақыл-ой қабілеті дамиды және де ой өрісі кеңейеді. Сонымен қатар математиканың өмірдегі қолданылуын дұрыс ұғынар.
Анықталған интегралдың экономикада қолданылуы.
Егер Кобба-Дуглас [2] функциясында еңбек шығынын уақытқасызықты тәуелді, ал қаржы шығыны өзгеріссіз деп есептесек, онда ол мына түрде болады:
![]()
Сонда Т жылда шығатын өнім көлемі мынаны құрайды:
(1)
Есеп: Кобба-Дуглас функциясының түрі мынандай болғанда
![]()
4 жылда өндірілген өнім көлемін табу керек.
Шешуі: (1) формула бойынша өндірілген өнім көлемі Q мынаған тең:
![]()
Бөліктеп интегралдау әдісін қолданамыз:
![]()
![]()
Демек:
![]()
Жауабы:
![]()
Физика мен механика есептерінде анықталған интегралдың қолданылуы.
Көптеген физика мен механиканың есептерін анықталған интегралды пайдаланып шешуге болады. Бұндай есептерді шешу барысында жалпы физика мен жоғарғы математика пәндерінің арасындағы байланысты қалыптастыруға, оқушылардың ізденісін және фундаментальді ғылымдарға деген қызығушылықты қалыптастыруға болады. Осыған орай физикалық есептерді шешу үшін анықталған интегралдың қолданылуын қарастырамыз.
- Материалды дене
жылдамдықпен қозғалысын, осы дененің t₁=t₂
уақыт аралығында жүріп өткен жолын анықталған интеграл көмегімен анықталады.
(
мектептегі физикадағы формула, мұндағы )
.
- Егер материалды дене
күш әсерімен OX осі бойымен
нүктеден
нүктеге дейін қозғалса, онда
күш әсерімен атқарылған жұмысты анықталған интеграл арқылы есептеуге болады.

Анықталған интегралдың геометрия, физика, механика, экономика есептеріндегі практикалық қолданысын көрсету арқылы:
- Мектеп оқушылардың білім жүйесі және ойлау қабілеті кең түрде дамиды.
- Математиканың қолдануы кең түрде қамтамасыз етіледі.
- Математиканың мектеп курсындағы практикалық мәні мен оның көп қырлығын көреміз, яғни негізгі объектілері нақты өмірдің сандық қатынасына негізделгенін білеміз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Жолымбаев О.М., Берікханова Г.Е., Бахтинова Э.Т., «Жоғарғы математика»., Алматы.: 2004-338 бет.
- Кангужин Б.Е., Спанова Р., Жолымбаев О.М., Кульджабекова Б.А., «Экономикадағы математика»: Оқу құралы. Алматы: «Эверо» Баспаханасы. 2002-194 бет.
- Асқарова М. «Туынды және интеграл» Алматы: Мектеп.1987-119бет
- Баврин И.И. Высшая математика.:Учеба. Пособие для студентов хим-биол.фак.пед.ин-тов.-М: Просвещение, 1980.-384.