|
Сабақтың барысы |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушылар іс-әрекеті |
Қолданылған көрнекіліктер |
|
1.Ұйымдастыру кезең |
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірліктерін тексеру |
Сәлемдесу, кезекші есебі, сабаққа әзірліктерін көрсету |
Интерактивті тақта, оқушылар алдында компьютерлер |
|
2.Өткен сабақты қайталап, бекіту |
Слайд бойынша сұрақ-жауап жүргізеді: -Абай Құнанбаев кім? Абайдың қандай шығармаларын білесіңдер? Абай шығармаларының тақырыптары қандай? Өлеңін оқыту |
Сұрақтарға жауап береді, өлең оқиды, Абай туралы білімдерін топтастандырады |
|
|
3.Жаңа сабақты түсіндіру |
Оқушылар жауаптарын (слайдтағы) бағалау. Абайдың жақын туысы – слайдтағы сөзді шешкізу: (Шәкәрім) Сабақтың тақырыбы, мақсатын айтқызады, міндеттерімен таныстырады. |
Слайдтағы сөзді шешеді, дәптерлеріне тақырыпты жазады. Мақсаттарын анықтайды. 1оқушы Ш.Құдайбердиев туралы даярлап келген мәліметтерін оқиды. |
Слайд-презентация «Шәкәрім Құдайбердіұлы» |
|
1-кезең: «Шәкәрім – Ұлы Абайдың талантты шәкірті» |
« Шәкәрім Құдайбердіұлы» слайд-презентациясын көрсете отыра, ақын өмірімен, шығармашылық жолымен таныстырады, бағыт береді. |
Мұқият тыңдап, қарайды, әңгімені қорытындылап, «Шәкәрім» тірек –сызбасын құрастырады. |
ноутбуктар |
|
2- кезең: «Поэзия әлемінде» |
Өлеңмен таныстырып, мәтінді таратады, оқытады. Сөздік жұмыс жүргізеді: Борышың –твой долг Айнымай –не сворачивая, не сходя Үйрен –учись Ақыл тұл –твой ум ничего не значит Мақтанға салынба- не будь тщеславным мансаптың тағы үшін –для трона власти Нәпсіңе билетпе – не давай властвовать тобою страсти Сарп қыл өлгеніңше-посвяти до последнего вздоха Жоба тап –найди выход Қайырылып келмейсің-не вернешьсяр, в эту жизнь Қауымға, өмірге –в этот мир Ғибрат алар із –пример, назидательный след |
Өлеңді сөздіктің көмегімен аударады, мұғалімнің слайдтағы аудармасымен салыстырады, кезектесіп дауыстап оқиды. |
слайдтағы «Адамдық борышың» өлеңінің мәтіні |
|
3-кезең: «Даналық әлемі» сұрақ-жауап |
-Өлең кімге арналған? -Ақын нелер үйренуге шақырады? -Жасыңнан нені сақтау керек? Келешек қамы үшін не істеу керек екен? Шын бақыт деген не? |
Сұрақтарға жауап береді: -Өлең жастарға арналған. -Ақын білім, өнер үйренуге шақырады. -Ар сақта дейді. -Келешек қамы үшін жол көрсет дейді -Шын бақыт- артыңда өлмейтін із қалдыру.
|
ноутбук, слайд
|
|
4-кезең: Шәкәрім шыңы. Ой тұжырымдау |
-Біз ұлы ақын сөзімен айтқанда білім мен өнер үйрендік пе? -Ол қандай білім, қандай өнер? -Халыққа еңбек қыламыз ба? -Келешек үшін не қыласың? |
Сұрақтарға жауап бере отыра өз ойларын айтады. |
|
|
5.Бекіту |
Сөйлемдерді толықтырып жазуларын сұрайды |
Ноутбуктегі Шәкәрім туралы сөйлемдерді толықтырады |
Слайдтағы сөйлемдер |
|
6. Бағалау |
Топ жетекшілеріне бағалатады |
Топ жетекшілері оқушылардың еңбектерін бағалайды. |
Бағалау парақтары |
|
7.Үйге тапсырма: |
«Адамдық борышың» өлеңін жаттау |
Үй тапсырмасын жазып алады. |
|
|
8. Рефлексия: |
«Шәкәрім шыңына» аттары жазылған стикерлерін жапсыруларын сұрайды |
«Шәкәрім шыңына» аттары жазылған стикерлерін жапсырады.
|
Слайдтағы «Шәкәрім шыңы», стикерлер |