+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера (6-сынып)

Закариянова Г.С,  Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қатынас және пропорция

Мектеп:

Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Закариянова Г.С.

Сынып: 6

Қатысқандар: 24 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера.

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

6.3.3.4 Дөңгелектің ауданының формуласын білу және қолдану

6.3.1.7 Шар мен сфера туралы түсінігінің болуы.

Сабақтың мақсаты

1. Дөңгелек,  шар және сфера ұғымдарын біледі, формуланы қолданып есептер шығара алады.
2. Дөңгелектің ауданы формуласын біледі және диаметрі арқылы ауданын есептей алады.
3. Берілгені бойынша күрделі есептерді шығаруда формуланы қолдана алады.


Сабақтың мақсаты

1. Дөңгелек,  шар және сфера ұғымдарын біледі, формуланы қолданып есептер шығара алады.
2. Дөңгелектің ауданы формуласын біледі және диаметрі арқылы ауданын есептей алады.
3. Берілгені бойынша күрделі есептерді шығаруда формуланы қолдана алады.

Бағалау критерийі

Дөңгелектің ауданын табу формуласын қолданып, есептер шығара алады.

Шар және сфера ұғымдарын біледі.

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән терминдер:центр, радиус, диаметр,  саны
Диалог пайдаланатын  сөз тіркестері: Дөңгелектің ауданы, шардың сфераның анықтамасы. Дөңгелектің ауданының анықтамасын айта алады. 

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы 1-құндылығы «Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана» негізінде еңбек және елін сүюге тәрбиелейді.

Пәнаралық байланыс

Геометрия

Алдыңғы білім 

Шеңбердің ұзындығы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

   8 минут

I.Ұйымдастыру:  Сәлемдесу. 

ІІ. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Шаттық шеңберінде оқушылар бір-біріне жақсы пікір білдіретіндей, жаңа ақпарат айтып, сәттілік тілейді

Оқушылармен бірлесе отырып, сабақ мақсаттарын, күтілетін нәтижені анықтау.

Топқа топтастыру

ІІІ.Үй жұмысын тексеру.  

(Жұппен тексеріледі)

Тақтадағы есептің шығарылуы мен тексеріп, салысырады.

«Бір минуттық әңгіме» әдіс-тәсілі арқылы

Топта үйге берілген тапсырмалар арқылы әңгімелеседі. Сол арқылы бір-бірінен ақпарат алу дағдысы қалыптасады.

Бағалануы: Бас бармақ

 

 

 

 

Үлестірме (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, дөңгелек)

 

 

 Сабақтың ортасы

 20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

2 (мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақты Bilimland электронды оқулығын қолдана отырып түсіндіру, тарихи мәліметпен таныстыру.

 

«Диаметр» термині гректің көлбеу, көлденең сызық ұғымдарын білдіретін «diametros» сөзінен шыққан. «Хорда» термині ішек, қыл, адырна ұғымдарын біріктіретін гректің «chorde» сөзінен шыққан. Вавилиондықтар мен ежелгі индиялықтар радиусты шеңбердің негізгі элементі деп есептеген. Ол кезде радиус ұғымы болмаған, оны «центрден басталатын түзу» деп атаған. «Радиус» термині алқашқы рет П.Рамус француз ғалымының «Геометрия» кітабында кездеседі, содан соң Ф.Виет те өз жазбаларында сол терминді пайдаланады

Топтық жұмыс

I-ші топтың 5 оқушысы тақтада өз нөмерлеріне сәйкес есептерін шығарады. Ал III-топ өз орындарында  есептерін  шығарып, тақтадағы оқушылардың жұмысын тексереді(бағалаушы топ).

I, III топ

  1. Велосипед доңғалағының диаметрі 60 см. Велосипед доңғалағы 5 айналым жасағанда қанша жерге барады?
  2. Дөңгелектің ауданы 125 π –ге тең болса, сол дөңгелектің диаметрін табыңдар.
  3. Шеңбердің ұзындығы 50 π –ге тең болса, дөңгелектің ауданын табыңдар.
  4. Диаметрі 15 см болатын дөңгелектің ауданын табыңдар.
  5. Қыры 20 см кубтың ішін радиусы 2 см неше шармен толтыруға болады?
  6. Радиусы 15 см болатын дөңгелектің ауданын табыңдар.
  7.  

II, IVтоп

  1. Айдын диаметрі 3476 км. Айдың экваторының ұзындығын табыңдар
  2. Дөңгелектің ауданы 147 π –ге тең болса, дөңгелектің диаметрі неге тең?
  3. Дөңгелек шеңберінің 0,4-іне тең. Оның доғасының ұзындығы 37,68 см. Дөңгелектің диаметрі неше сантиметр?
  4. Радиусы 25 см болатын дөңгелектің ауданын табыңдар

      5      Шеңбердің ұзындығы 20 π –ге тең болса, дөңгелектің ауданын табыңдар.            

6  Диаметрі 25 см болатын дөңгелектің ауданын табыңдар             

Бағалаланды:«Екі жұлдыз, бір тілек»

 Сергіту сәті «Өзіңді таны» ой сергіту жаттығулары

 

Білім деңгейін тексеру мақсатында «Серіктесті оқыту» жұптық жұмыс ұйымдастырамын.

I топқа: «Астана-Бәйтерек» монументінің шарының диаметрі 22 метр 2010 жылы 27 мамырда Өскеменде осы монументтің кішірейтілген көшірмесі орнатылды. Диаметрі 4 м болатындай шармен көмкерілген. Шардың ауданы қаншаға кіші екендігін табыңдар?

I топқа: Байтерек монументінің төменгі деңгейінде аквариум орналасқан. Оның табаны  радиустары 10 м және 9,3м  болатын концентрлі шеңберлерден жасалған. Аквариумның ішкі бөлігінің ауданың табыңдар?

III топқа:

Егер сыртқы дөңгелектің радиусы 13,7 см, ал ішкі дөңгелектің радиусы 8,1 см тең болса. Сақинаның ауданың табыңдар?

IV топқа:

Үлкен дөңгелектің ауданы 320 м2 тең, кіші дөңгелектің ауданы 40 м2 тең. Кіші дөңгелек, үлкен дөңгелектің қандай бөлігін құрайды.

 Бағалануы: «шаршы», «дөңгелек», «үшбұрыш»

 

Электронды оқулық

https://bilimland.kz/kk/
courses/math-kz/geometriya/planimetriya
/shengber/lesson/
donggelekting-zhane-onyng-bolikterining-audandary

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі карточка

Сабақтың соңы

(10 мин )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалауға арналған  тапсырмалар: 

Тапсырма. Киіз үйдің шаңырағының  диаметрлері 1м,  1,4 м болса, шаңырағының  құрайтын радиусын табыңдар.

Дескриптор:

1.Есептің шартын  түсінеді.

2.Шаңырақтың диаметрін біледі.

3.Шаңырақтың радиусын таба алады.

Тапсырма.  Егер киіз үйдің табанының радиустары:а)2,5м; ә)3м; б)3.5м болса, онда оның ауданын табыңдар. 

Дескриптор:

1.Есепті түсінеді.

2.Киіз үйдің табаннының радиусын біледі.

3.Оның ауданын таба алады.

 «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі 

Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? 
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде 
оқушылар ол келтірілген мысалдың шындық па, әлде жалған  ба екендігін анықтайды. 

  1. Дөңгелек радиусы 25, ауданы 625 π
  2. Дөңгелектің радиусы 14, шеңбердің ұзындығы 14π
  3. Дөңгелектің радиусы 24 π, ауданы 48 π
  4. Дөңгелектің радиусы 12 см, ауданы 144 π

Оқушылар тапсырманың дұрыстығын «+»  «-» белгілері арқылы өзін-өзі тексереді.

Үйге тапсырма: №102,103 есеп

 

 Бағалау

Рефлексия:

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау

көрсетуді қалай жоспарлайсың?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресің?

Бағалау – оқушы білімін

 тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс: денсаулық және қауіпсіздік. АКТ-мен байланыс, құрдылылықтармен байланыс

Сабақ бойынша

рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап

беріңіз.

Сабақ бойынша

рефлексия

Оқушылармен жеке тапсырмалар деңгейін  ескере отырып тапсырманы саралап беремін. «Серіктесті оқыту» жұптық жұмыс ұйымдастыра отырыпқолдауды қажет ететін оқушылармен оның мақсатына жету үшін тапсырмалар орындау барысында қолдау көрсетіліп ынталандырылады. «Бір минуттық әңгіме» әдіс-тәсілін, «Өзіңізді тексеріңіз» әдісін пайдалану арқылынегізгі тапсырмаларды түсіндіруде

көмек қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргіэуге біршама көңіл бөлінеді.

Критериалды бағалаудың қалыптастырушы  бағалауға арналған дискрипторлары бар тапсырмалар құрыстырылады. Әр тапсырманы орындағаннан кейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Мақсатқа сәйкестендіріліп  нақтылап бағаланып отырылады. Оқушының жеке ерекшелігі ескеріліп нәтижеге қол жету жолын айқындайды.Бағалау: « Бас бармақ.» «Екі жұлдыз, бір тілек.» «Шаршы.дөңгелек. үшбұрыш»

 

Геометрия пәнімен байланыс жасалады.

«Өзіңді таны»  ойсергіту жаттығулары

 Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы 1-құндылығы «Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана»

 

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге   назар аудару қажет?

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype