+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 24 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы «Отаным — тағдырым» базалық бағыты негізінде елжанды тұлға қалыптастыру

 Төкенова Әсел Нұрланқызы,  «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»  КММ-нің мұғалімі, Өскемен қаласы 

    Өзектілігі: Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім берудің бәсекелестікке қарсы тұру деңгейін арттыруға бағытталған диалогқа қатыса алатын ұлттық сана-сезімі мен азаматтығы, патриотизм деңгейі жоғары оқушыларды тәрбиелеу.Патриотизмгетәрбиелеуқазір жалпы білім беру стандартында да «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы арқылы кіріктірілген. Сондықтанда қазіргі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құрамдас бөліктері «Тәрбие және білім», «Атамекен» бағыттарында Елжанды тұлға қалыптастыруға ерекше мән беріліп отыр. Аталмыш тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жүргізу бүгінгі таңда қоғамдық сұраныстан туындаған, сондықтан да жоба тақырыбы өзекті.

 

Мақсаты: «Тәрбие және білім» атты кіші бағдарламасының «Отаным — тағдырым» базалық бағытының жаңа буын мектеп оқушыларын тәрбиелеудегімаңызын анықтай отыра, іс-тәжірибемен ұштастыру.
Жобаның міндеттері:
—  интеллектуалдық әлеуеттері жоғары, қоғамның әлеуметті белсенді мүшелерін тәрбиелеуде тәрбие жоспарына нақты қадамдар енгізу;
—  оқушыларды шешім қабылдарда саналы түрде әрекет етуге және білім-білік дағдыларын өмірде қолдана білуге бағыттау;
—  оқушыларды елтаным бағытында Қазақстанның тарихи, мәдени, табиғи мұрасын білуге, сақтауға тәрбиелеу;
—  сананың ашықтығы негізіндеқоғамдағы өзгеріске бейім жеке тұлға тәрбиелеу.
Жобаның болжамы:
—  оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің мазмұны ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, оқу-тәрбие мазмұны елжандылыққа тәрбиелейтін жаңа материалдармен толықтырылады;
—  елжандылыққа тәрбиелеудің озық тәжірибелері негізінде тәрбие шаралары ұйымдастырылады;
—  оқушылардың елжандылық қасиеттерін қалыптастыруда сынып жетекшінің моделі жасалады.
Жоба жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер. Нақты фактілік материалды талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру және басқа да жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді. Оқушылардан алынған кері байланыстар, сауалнамалар рефлексиялау.
Жобаның жаңашылдығы: елжанды тұлғаны тәрбиелеу барысында сынып жетекшінің зерттеушілік моделі жасалынып, «Отаным — тағдырым» базалық бағытын  тәрбие үрдісінде кіріктірудің міндеттері мен көрсеткіштері анықталды.
Зерттеу нысаны:«Отаным-тағдырым» базалық бағыты негізіндежалпы білім беретін орта мектептегі оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу үдерісі.
Зерттеу пәні: Тәрбие үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.
Қатысушылар: 8-«А» сыныбының оқушылары (13-14 жасар).
Жобаның сипаттамасы: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу», -екенін атап өтіп, «Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдаланукерек», — деген.Аталмыш мақсатты жүзеге асыруда жалпы орта білім беретін мекеменің ролі зор. Мектеп жаңа буын өкілдерін дайындауда заман сұранысын негізге ала отырып, қоғам қажеттілігін өтейді. Оқушылардың, болашақ жастардың, азаматтық сана-сезімін көтеруде,патриоттық əлеуетін жоғарылатуда мектептегі тәрбие процесінің дұрыс ұйымдастырылғаны жөн. Себебі мемлекетті нығайту факторы – жастар патриотизмі.Елжандылық тәрбиесі философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылыми еңбектерде патриотизм ұғымы арқылы көрініс табады.Патриотизм туралы түсініктер мәдени әртүрлілік және мәдениет сұхбатында М.М.Бахтин, В.С.Библер, К.Ясперс, қарым-қатынас философиясында Л.П.Буева, Е.Г.Злобина, М.С.Каган, этностар теориясы мен этникалық сәйкестікте Л.Н. Гумилев, Ю. С.Бромлей, В.А. Тишков, сондай-ақ, қазақстандық этнографтар Ж.Артықбаев, Х.Арғынбаев; мәдениеттанушы А.Сейдімбек, М.Ш.Хасанов, М.Х.Балтабаев, психологтар Ж.Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, философтар А.Н.Нысанбаев, Р.Б.Əбсаттаров, педагогтар К.Ж.Қожахметова, А.Қ.Құсайынова,  С.А.Ұзақбаев және т.б. отандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Оқушыларды мемлекет мүддесіне лайық елжанды тұлға етіп тəрбиелеу мемлекетті нығайтудың аса маңызды факторы болып табылады[1].
Оқушыларды тәрбиелеудежаһандық үрдіске сай құрылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Отаным — тағдырым» базалық бағытының негізгі индикаторларын зерделеп, жан-жақты үйлесімді тұлға тәрбиелеуді іс-тәжірибеге енгізу тікелей сынып жетекшілерге жүктелетіні анық.Сондықтан жобалық жұмысымды іске асыруды нақты жоспарлаудан бастадым.
Жобаны енгізу жоспары. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

Кесте 1–Жобаға қысқаша сипаттама

Мерзімі

Кезеңдері

Жұмысмазмұны

2016-2017оқужылы

Диагностикалық кезең:

7-сынып

—  «Елжандылық»ұғымыныңқұрылымдықмәнінанықтаумақсатындағығылымиәдіснамалықеңбектердің каталогын құру.

—  Оқушылардыңпедагогикалық-психологиялықсараптамадинамикасынзерделеу.

—  Жоба идеясы енгізілген тәрбие жоспарларын құру.

2017-2019 оқужылдары

Экспериментал-дыкезең:

8-9 сынып

—  Тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.

—  «Отаным – тағдырым» базалық бағытында жоспарланған тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс іс-шаралар өткізу.

—  Оқушыларды мектептегі өзін-өзі басқару ұйымыныңжұмысына, мектепішілік, қалалық іс-шараларға, сайыстарға қатыстыру.

2019-2020 оқужылы

Қорытындыкезең:

10-сынып

—  Атқарылған жұмыстың нәтижесін саралау.

—  Әдістемелік нұсқаулық шығару.

Қиындықтар аясы:
—  тәжірибе-эксперимент жұмысының бағдарламасын құрауда сынып жетекші ретінде еңбек өтілінің, тәжірибенің аздығы;
—  «тәрбие және білім» атты ішкі бағдарламасының «Отаным — тағдырым» базалық бағытын жүзеге асыруға қатысты әдістемелік құралдардың жоқтығы;
—  зерттеу нысанасы ретінде таңдап алынған оқушылардың жасөспірімдік кезеңге өтудегі психологиялық ерекшеліктері;
—  cыныптағы кейбір оқушылардың іс-шараларға қатысуға деген енжарлығы, құлықсыздығы;
—  мектептегі тәрбиеге қатысты шараларға баланың бас ұстазы болып табылатын ата-аналар қауымының белсенділік танытпауы.

2-бөлім. Мақсатты бағдарлар.
2.1.Күтілетін нәтиже: «Отаным — тағдырым» базалық бағытын тәрбие үрдісінде қолдану арқылы «Мәңгілік еліне» деген жауапкершілігі жоғары, қоғамдық шараларды өткізуге белсенді түрде ат салысатын елжанды оқушылар қатарының молаятындығы күтіледі.
Жастар елдің жаңа бет-бейнесін қалыптастыруға, жаңа идеялар ұсынуға жəне жаңғыртудың қозғаушы күші болуға тиіс. Жарқынболашаққабағдарретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда «Отаным – тағдырым» базалық бағытының индикаторлары оқушылардың руханитұрғыдан дамытып, интеллектуалдықдəрежесін жоғарылатады деп күтіледі.
Кесте 2 -«Отаным – тағдырым» базалық бағытының индикаторлары

№

Индикатор атаулары

2016-2017

2017-2019

2019-2020

1

Азаматтық сана-сезім және елжандылықтың көрсеткіші

79%

87%

95%

2

«Жас Ұлан» ББЖҰ-на» қабылдану

80%

90%

100%

3

«Жас Ұлан» ББЖҰ» тарапынан өткізілетін шараларға қатысу белсенділігі

55%

67%

87%

4

Әдеби оқулар мен лингвистикалық сайыстарға қатысу белсенділігі

77%

85%

93%

5

«Менің бастамам –менің Отаныма» сайысына қатысу деңгейі

45%

55%

77%

6

«Шексіз әлемдегі Қазақстан балалары» фестивалі

55%

67%

72%

7

Пікірталас алаңдарына қатысушылар саны

52%

66%

76%

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі жас жеткіншектің мектепке уәждемесін, оқу әрекетіне қатынасын, мінез көрсеткішін әлі де дамытуды кезең бойынша жүзеге асыру қажет. Осы мақсатта әрбір оқушыға өз мемлекетіне, оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілігін сезіндіретін әрекет жүйесін жасау керек.Ұлттық құндылықтардың бəрі жас ұрпаққа отбасынан, балабақшадан, мектептен берілері анық. Сондықтан ата-ана да, орта мектеп пен жоғары оқу орындарының ұстаздары да ұлттықтəрбиені бірінші кезекке қойғаны абзал.Өскелең ұрпақтың игілігіне бағытталған бағдарламалар мен жоспарды тәрбие процесінде жүзеге асыру сынып жетекшіге байланысты.Елжанды тұлғаны тәрбиелеу процесін нәтижеге бағыттап жүзеге асыруда мұғалімнің де жаңа форматқа орай сипаты өзгереді. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде мұғалім тұлғасы жасалды.

Сурет 1 – Үшінші жаңғыруда елжанды тұлға даярлайтын сынып жетекші моделі

 

Жауапты тұлға, сынып жетекші мақсатқа жету үшін  өзінің әрекетінен бұрын санасында ой тудырып, жаңғырып  отырса құба-құп болар еді. Әр оқушыны өзінің  тарихына, мəдениетіне, салт-дəстүріне терең бойлату үшін атқарылар жұмыстарда сынып жетекші өзінен бастауы қажет. Жоғарыда ұсынылған модельде көрсетілген тұлғалық ерекшеліктерді меңгеру үшін мұғалымнен талмай іздену талап етіледі.

Жобаны жүзеге асыруда қолданылатын құралдар, стратегиялар.Жобаны жүзеге асыру барысында сынып сағаттарынсындарлы тәсілдермен жүргізумен қатар, тәрбие үрдісін түрліше, жан-жақты дамыту міндетті болып табылады. Мысалы, тәрбиелеудезаманауи технология мүмкіндіктерін, электрондық кітаптарды пайдалану ұтымды.Пресс-конференция, іскерлік ойын, викторина, конкурс, жарыс, диспут, оқушы жобасы, эссе, фотокөрме, экскурсия, тренингтер, пікірталастар, дөңгелек үстел ұйымдастыру, қоғамдық, мәдени ұйымдармен байланыс жасай отырып тәрбие жұмыстарын жүргізу.  Оқушылардың азаматтық тәрбие деңгейі сауалнамалар, кері байланыс арқылы анықталып отырады.

2.1. Нәтижелілік (тиімділік) мониторингі. Қазақ жерінің тарихына, бай мәдениетіне, дәстүрлеріне, рухани-адамгершілік мұрасына ортақ болу сезімін оқушыларда жоғарылату үшін оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттері ескерілуі шарт. Жобаның диагностикалық кезеңінде оқушылардың педагогикалық-психологиялық ерекшелігіне сараптама жасалып, оны ескере отырып мақсатты бағдарларға негізделген  жұмыстар жасалды.

Халқымыздың баға жетпес құнды қасиеттерін жастайынан санасына сіңіріп өскен оқушылар есейгенде ұлтжанды азамат болып шығуы үшін сынып жетекшісі мектептегі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымымен» тығыз байланыста болу қажет.Себебі «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білімге және өзін-өзі жетілдіруге дегенқұштарлықты, өз ісіне жауаптылық көзқарасын, Отан  тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыру.

Жүктелген міндет жүзеге асуымен құнды. Мектеп қабырғасында өткізілетін шараларға оқушыларды тарту – республикалық деңгейдегі ұйымға жасалған баспалдақтың бірі. Мектепте ұйымдастырылатын түрлі шараларға оқушыларды қатыстыру оқушылардың жеке тұлға ретінде өзін­өзі таныту мүмкіндігіне ие болып, «адам–қоғам– мемлекет» үштігінің пропорционалды түрде даму үрдісін жылдамдата түседі.

3-бөлім. Негізгі мазмұны.

Жоба бойынша атқарылған шаралардың табыстылығы  мұғалім мен оқушы жетістігінен көрініс табады.

Тәрбие — халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін, жас ұрпақтың бойына сіңіру, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін мақсатты ықпалда жүзеге асатын іс-әрекет.Ғылыми-педагогикалық еңбектерді сараптай келе, елжандылық тәрбиенің принциптері 1) сабақтастық және үздіксіздік; 2) жүйелілік; 3) аймақтық; 4) икемділік пен баламалықанықталды.

Кесте 3 —  Оқушыларды елжанды тұлға ретінде қалыптастыру жолдары

Тәрбие сағатының тақырыбы

Мақсаты

Қолданылған әдіс-тәсілдер

Күтілетін нәтиже

«Мен – патриот-азамат»

Жаңа Қазақстандық

Патриотизмнің құндылықтары мен

мұраттары жүйесін иеленетін

білім алушы-патриот

тәрбиелеу.

Креативті матрица

«Мәңгілік Елдің»негізгі құндылықтарын меңгереді.

 

«Үш тұғырлы тіл саясаты – табысқа жетудің кепілі» 

Егеменді ел ұландарының бойынан табылуға тиіс бәсекелестік  қабілеттің өлшемі білім екенін ұғындыру.

Бес сұрақ, КӘМТ (күш, әлсіздік, мүмкіндік, тәуекел) 

Тамыры  тарихтың  тереңінен  бастау  алатын ұлт тілінің маңызы мен мүмкіншіліктерін көрсетеді.

«Олег Друженьков- интернационалист — жауынгер»

Олег Друженьков тұлғасы арқылы толеранттылықты меңгерту.

Пазл, тыңдап отырған үштік

«Елжанды тұлға» жайлы ұғымдары кеңейеді.

Наурыз-ұлыстың ұлы күні:«Наурыз-думан-2016»

Ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық  салт-дәстүрлерді шығармашылықпен көрсете білу.

Еркін әңгіме,

құндылықтар спектрі

Қазақ елінің салт-дәстүрлеріне  айрықша  іңкәрлікпен атсалысады.

Ата-баба мұралары негізінде жеткіншектерді елжандылыққа, өз халқына деген сүйіспеншілікке, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, еңбексүйгіштікке, елінің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиелеу міндеті басты назарда тұрғандықтан біздің мектеп-лицейде «Мәңгілік Ел» кабинеті жасалды.

Әр бала ұлттық рухани құндылықтарды ең алдымен отбасында ата­ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Сондықтан ата-ана мен мектеп арасындағы байланыста ұлттық  тəрбие бірінші кезекке қойылғаны абзал. Ата-аналармен өткізілген жиналыстарда «Бала тәрбиесі — отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі», «Бала тәрбиесіне байыппен қарайық», «Бала тәрбиесінде ата-аналардың жауапкершілігі» атты тақырыптарда баяндамалар оқылып, диалогтік сұхбат алаңы құрылды. Елжанды тұлға тәрбиесіне ата-ананың қосатын еңбегі көп. Жоба барысында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы кезергіні болдырмау үшін жұмыстың уақытын, мақсатын, барысын анықтап алған жөн.

Жобаны жоғары деңгейде іске асыру үшінтөмендегідей ұсыныстарды ескеруіміз қажет:

—  «Отаным-тағдырым» базалық бағытын жүзеге асыру үшін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған үндеулерін тереңдей зерттеп, сынып сағаттарында зерделеу;

—  «ХХІ ғасыр дағдысы» кең ауқымды құзыреттілігін меңгере отырып, құндылықтарды тек қана сынып сағаттарында ғана емес пәндерге де кіріктіріліп жүргізілуін бақылауда ұстау;

—  жақын шетелдердегі патриоттық тəрбиенің тəжірибесі мен қазақстандық патриоттық тәрбиені салыстыра келе,сыныпқа арналған Рухани жаңғыруға жадынама, сынып бұрышын жасау;

—  Елжанды тұлға тәрбиелеуде қосымша білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып мысалы, «Сөз-тілдің көркі», «Дарынды ұрпақ – ел болашағы», «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» тақырыбында әр түрлі шараларөткізу ұсынылады.

Қорытындылай келе,жоба дұрыс іске асыруда,оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеудің әдістемелерін негіздей отырып сынып сағаттары, оқу-тәрбие үрдісіне«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы «Тәрбие және білім»бағытындағы мақсаттар жүзеге асады. «Патриот болу — бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату», — деп мемлекет басшысы айтқандай, патриотизмге баулудың өзегі мектеп болып қала бермек.

«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» бұл табысқа жету үшін бәсекелестікке қабілетті болып, заманауи сұранысқа сәйкес ғылым мен техниканың тілін игеріп, әлемдік деңгейдегі талапқа ұмтылып, жастарымызда тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар қалыптасуы керек. Иә, бұл — болашақта ұрпақтың өзін-өзі ұлт деп танып, түйсінуі, азамат ретіндегі өз көзқарастары, ұстанымдары, құндылықтары жайлы жалпақ әлемге жар салары анық.

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Устав подпрограммы«Тәрбие және білім»в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру» 2017 жыл. — 28 б.
  2. «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында сөйлеген сөзі. – Астана қ., 2016.- 26 сәуір.
  3. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – Б. 17-18, Б 25.
  4. Мүтәлі Ә.Қ. Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты түркістан, 2008.  — Б. 12.
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype