+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 24 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Физика пәнінде АКТ модулі арқылы оқушылардың оқу мотивациясын арттырып білім сапасын көтеруге жағдай жасау

Муртазалиева Анаргуль Амангазиновна,  «Қ.Нұрғалиев атындағы №43  мектеп-лицейі» КММ-нің физика пәні мұғалімі,  Өскемен қаласы

     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті: ұлттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу» делінген [1]. «АКТ» деңгейлік бағдарламалардың жеті модулінің бірі, оны тиімді қолданса оқушының ішкі уәжін тудырып, оқуға деген ынтасын оятуға болады. Қазіргі мұғалімнің басты міндеті оқушыларға ХХІ ғасыр дағдысын игерту, бүгінде сандық технологияны қолдану өзекті.
     Өйткені, оқушылардың таным белсенділігі мен өзіндік ойлауын дамытушы, нәтижелерге негізделген жаңартылған білім мазмұнының негізгі талаптарына, білім беру жүйесінің стратегиялық бағыттарына сәйкес, мектеп-лицей мұғалімдерінің әдістемелік, инновациялық іс-әрекеттерін, сарапшы, зерттеуші дағдыларын, және өзіндік даму мәдениетін жетілдіруге, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға негізделеді. Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицей оқу-тәрбие  үдерісінде білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, талдау жасай алатын оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстанады. Сол себептен, менің «Физика пәнінде АКТ модулі арқылы оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, білім сапасын көтеруге жағдай жасау» ТЭЖ ізденіс тақырыбым туындады.

     Осыдан менің зерттеу жұмысымның қарама-қайшылығы мынада: қазіргі жағдайда компьютерлендіру процесі орындалды, бірақ осыған қарамастан, мектепте дәстүрлі оқыту процесі өзгеріссіз қалды. Өйткені мұғалімге арналған жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде оқытуды ақпараттандыру процесінің ғылыми-негізделген әдістемесі ұсынылған жоқ.
     Зерттеудің мақсаты: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жағдайында жеке тұлғаның танымдық ой-өрісін зерттеу қызметін калыптастыруға бағытталған оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік негізін анықтау.
     Зерттеудің міндеттері: Қазіргі акпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде мұғалімнің зерттеу қызметінің мәнін анықтау; Оқытуды ақпараттандыру процесі жағдайында мұғалімнің өзін-өзі өзектендіру диагностикасын, танымдық қызметінің қалыптасу әдістемесін   жасау; Оқушының жеке басының   дамуының диагностикалық картасын жасау.
     Зерттеудің болжамы: лицей сыныбында жеке тұлғаның танымдық ой-өрісін арттыруда мұғалімдердің зерттеу қызметінің қалыптасу нәтижелілігі мынадай жағдайда мүмкін: егер ғаламдық «Интернет» жүйесі мен электронды оқулықтардан жеке зерттеу тақырыбы бойынша ақпарат жинап, мәлімет базасын жасау арқылы пәндік-бағдарлы жұмысқа бағытталуды қамтамасыз етеді. Онда ұсынылған әрекеттің қызықты және жаңа формалары арқылы мотивтердің айқындалады, өйткені  тұлғаның зерттеу процесінің субъектісі ретінде жеке позициясы белсенді болады.
     Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы: АКТ жағдайында тұлғаның зерттеу қызметінің мәнін анықтау барысында лицей мұғалімінің зерттеу қызметінің критериалды моделі жасалынды, шарттары мен  көрсеткіштері негізделді; Оқытуды ақпаратгандыру процесі жағдайында мұғалімнің зерттеу  қызметінің қалыптасу әдістемесі жасалынды.
    Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби — тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген. Сонымен бірге кезкелген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі – жаңа формация мұғаліміне тәнбасты белгісі деп айтуымызға болады. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі дегеніміз — рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық — әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани — адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
     Эксперимент, іс-тәжірибе жаңа технологияларды қолдану, іс-тәжірибелерін жинақтау, тарату бойынша кеңестер беріліп, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп тұрады. Аталған жұмыстар ұжымдық, топтық, жекелей түрде жүргізіледі. Тәжірибелік эксперименттік жұмысымның айқындаушы эксперимент кезеңінде зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамын анықтап, оның теориялық негізделуін жүзеге асырдым. Алынған диагностикалық сауалнама кезінде оқушылардың физика пәндеріне қызығушылығын, білімді меңгеруінде түйсінетін мотивтерін олардың есеп шығаруға қарым-қатынасын анықтау арқылы тексердім. Нәтижесі бойынша физика пәнінен әр оқушының жеке басының дамуының диагностикалық картасын жасадым. Соның біреуін ұсынғанды жөн көрдім.

  Кесте 1 Оқушының жеке басының дамуының диагностикалық картасы

Оқушының аты-жөні Қаһарман Азамат

7-сынып

8-сынып

9-сынып

10-сынып

Болжанатын нәтиже

4

4

4

5

Алынған нәтиже

4

4

4

5

 анализ

о

о

о

о

 синтез

о

о

ж

ж

салыстыру

ж

о

ж

о

логика

ж

ж

ж

ж

Оқулықпен өзбеттік жұмыс

4

4

5

5

Тапсырманы өзіндік орындау

4

4

4

4

өзін-өзі тексеру

4

4

4

4

Диагностикалық жұмыстың нәтижесі (кірме, аралық бақылау, қорытынды)

50% 60% 50%

61% 52% 64%

48% 60% 52%

59% 67% 64%

    Жоғарыдағы кесте бойынша оқушының логикалық ойлау дәрежесі жоғары. Өзінің жіберген қателіктерімен жұмыс жасай алады. Тапсырманы өзбетімен жұмыс істеуі жақсы деңгейде.
     Ұсыныс: Кеткен қателіктерімен түзету жұмыстарын жүргізу керек. Деңгейлік тапсырмалар беру керек.
   Осы ұсыныс бойынша тәжірибелік эксперименттік жұмысымның қазіргі қалыптастырушы сатысында оқушыларға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар, оқуға, үйренуге деген ынтасын, білімге құштарлығын арттыру, өздігімен ойлау қабілетін қалыптастыру, сабақта белсенді іс-әрекет арқылы субъектінің құзырлығын қалыптастыру менің басты мақсатым.
      Күтілетін нәтиже: Өз бетімен ойлауы, өздігінен тұжырым, қорытынды жасай алуы, өзінің алған білімін өмірде қолдана білуі, АКТ қолдану пәнге деген қызығушылықты қалыптастырады.
      Менің тәжірибелік эксперименттік жұмысымның қазіргі қалыптастырушы сатысында көптеген жұмыстар атқарып келемін.
    Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта-ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болу керек. Жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді.
         Блум таксономиясы бойынша 5-этаппен жұмыс жүргіздім.
    
Ең алдымен, өзім үшін және жеке оқушылар үшін сабақтың мақсатын анықтаймын. Сабақтағы оқу материалын жоспарлағанда, тапсырмалар құрастырған баланың қызығушылығын «осы бүгінгі сабақта алған білім маған бұдан былай қажет» деген ой тудыратындай, оны ынталандыратындай жағдай жасауға тырысамын. Өз практикамда оқушылардың өзіндік, танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда инновациялық технологиялардың элементтерін, мысалы деңгейлік тапсырмаларды пайдаланамын. Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар өзін-өзі таниды, өз бетінше жұмыс істеп, білімін жетілдіру үшін ізденеді. Деңгейлік тапсырмалар арқылы баланың қабілетіне, шама-шарқына, мүмкіндігіне қарай жұмыс жүргізіп дамытамын. Осының барлығын АКТ құралдары арқылы өткізу оқушыны жалықтырып алмай, мотивациясын жоғарылатуға үлес қосты. Міне, осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін-өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі субъектіні қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің  даму деңгейлерін (Блум бойынша) анықтау үшін АКТ пайдалана отырып, 2015-2016 оқу жылынан бері жүйелі түрде тақырыптық тексерулер жүргізіліп келеді. Соның нәтижесі бойынша «оқушының білімінің жеке даму бағыты» маман ретінде мен ең алдымен физиканы оқыту үрдісін арнайы және мазмұндық жағынан саралай келе оқушының жоғары дайындық деңгейін қалыптастыру үшін:
1) физиканың ғылыми теориясын мектеп көлемінде толық меңгертуді;
2) зат құрылысы туралы нақтылылы ғылыми қөзқарас қалыптастыруды;
3) эволюциялықфизиканың элементтерін меңгертуді;
4) теориялық білімді  практикада  қолдана алуды;
5) сандық есептерді есептеу дағдыларын жоғары деңгейге жеткізуді көздеймін.
     Осы тұрғыда мұғалім физиканың мектеп курсындағы пәнаралық байланыстарының мүмкіндіктерін басты назарда ұстауы керек. Бұл оқушының ғылыми дүниетанымының жоғарыда аталған параметрлерге  сай деңгейде қалыптасуына, олардың ақпараттық, интеллектуалдық құзыреттіліктерінің дамуына жеткілікті емес. Сол себептен, 7-сыныптан бастап оқушының есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін ауызша есептерді шығарту арқылы, сыныптан тыс сабақтарда тәжірибелер жасату мен жеке даму траекториясы» анықталып, салыстырулар жүргізілді.

2-кесте. Оқушылармен атқарылған шығармашылық жұмыстардың нәтижесі

р/с

Марапат аты

Кімнен, не үшін

1

«Әлемге физикалық көзқарас» қалалық олимпиада ІІ орын алып, оқушыларды  дайындауда белсенділік көрсеткені үшін Алғыс хат.

С.Аманжолов ат.ШҚМУ  МФТ факультетінің деканы Б.К.Ахметжанов

2

 қалалық олимпиадаға 10-сынып оқушыларын  дайындауда белсенділік көрсеткені үшін Алғыс хат.

Д.Серікбаев ат.ШҚМТУ АТжЭФ  деканы Е.М.Тұрғанбаев

3

«Технология процесса обучения как условие качественного массового оброзования» Пилоттық жоба. Құрмет грамотасы.

Президент НЦИ, доктор пед.наук, профессор Г.К.Нургалиева

   Зерттеудің практикалық құндылығы:  Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жағдайында зерттеу  әрекетінің жаңа формалары мен әдістерін анықталды. Орта жалпы білім беру жаңа стандарты мен «Дарын» Қазақстан  Республикасының білім және ғылым Министрлігі бағдарламасына сәйкес  физика пәні бойынша оқушылардың білім деңгейін арттырудың әдістері анықталды.
   Қорытындылай келе, соңғы үш жылда білім сапасының 86% артқанын байқадым. Ақпараттық ғасырда интеллектуалды қызметтің дамуы компьютер және қазіргі коммуникация құралдарымен тығыз байланысты. Бұл технологияландыру адамның іскер белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал жалпы айтқанда, ғылым мен көзқарасқа түбегейлі әсер етеді. Ақпараттық технология білімді өңдеумен анықталынып, қоғамның материалдық және рухани жағдайын өзгертеді.

 Қоданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім» Заңы, 2007 жыл, 13 бап, 4-тарау, 16 бап, 4-тарау (2015. 24.11 өзгерістермен).
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «E-learning» электрондық оқыту бөлімі
3. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. — Алматы, 2001.  — 65б.
4. Педагогикалық әдіс тәсілдердің инновациялық технологиясы //Педагогический мир. — 2014 ж. — №4.
5. О.Т.Солтанбекова. Формирование коммуникативной компетенции будущего учителя. — Семей, 2006. 437-440 с.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype