+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Менің отбасым

Кенжехан Сайрангүл, №20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжайы» КММ-нің «Бәйшешек» тобының тәрбиешісі, Өскемен қаласы

Өтпелі такырып:  «Менің отбасым»
Апталық тақырыбы:  «Үйдегі қауіпсіздік шаралар»
Кіріктірілген білім беру салалары: «Таным» және «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Абай бол, балақай!»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Балаларды үйдегі қауіпсіздік ережелері туралы  түсінік беру. Күнделікті тіршілікте кездесетін қауіпсіздік ережелері  туралы білімдерін  зейін қойып тыңдата  отырып, ойларын еркін жеткізу сөздік қорларын  молайту арқылы балалардың қиялын,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достыққа,сүйіспеншілікке, өзін- өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

 Көрнекілік және қажетті  құралдар: Үтік, розетка, киімдер, су, күн, қоян, аю суреттері.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Тілдердің үштұғырлылығын жүзеге асыру:  Үтік-утюг-iron.

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы
КІРІСПЕ:
Тәрбиеші балалармен шеңбер бойында тұрады.
Тәрбиеші:
— Ал кәне, балалар досымыздың қолынан ұстап достық шеңберіне тұрайық.
Қуан, шаттан! Алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін де күн!
—  Бүгінгі күліп шыққан күн секілді менің көңіл-күйім өте жақсы, сендердің көңіл күйлерің қалай
Балалар:
—   Жақсы
Тәрбиеші:
—  Ендеше осы жақсы көңіл-күйімізбен, келген қонақтарымызбен үш тілде сәлемдесейік:
Қайырлы таң!
Доброе утро!
Good morning

Тәрбиеші:
—  Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:
—  Күз мезгілі
Тәрбиеші:
—  Күзде ауа райы қандай болады?

Балалар:
—  Күн салқындайды, жел соғады, ағаштың жапырағы сарғаяды.

Тәрбиеші:
—  Ағаш тірі табиғатқа жатама,әлде өлі табиғатқа жата ма?

Балалар:
—  Тірі табиғатқа жатады өйткені ол өседі.

Тәрбиеші:
—  Жарайсындар балалар.
— Олай болса қазір мен сендермен «Сиқырлы қорап» деген бір ойын ойнайын. Сендер білесіңдер ғой, бұл ойынның қалай ойналатынын ия.
—  Дұрыс, қорап ішіндегі заттарды қолымызбен ұстап, атын атап беруіміз керек.
     Балалар қораптың ішінен кішкене көлік,  шаршы, бананды тауып алады. Соңында қораптың ішінде үтік қалады. Балалар оны таба алмады.

Тәрбиеші:
—  Қораптың ішіндегі бұл не зат екен?
—  Барлық үйде бар, аналарымыз қолданады екен.
—  Олай болса қане орнымызға отырып басқа да қызықты ойындар ойнап көрейік, мүмкін бір шешімі болар.
Тәрбиеші  балаларды  орындарына отырғызып, кезекпен тапсырмаларды ұсынады.

І-ші тапсырма: «Тілді жаттықтыру».
Тәрбиеші:
—  Олай болса кішкене  жаттығу жасап алайық.
Та-та-та, сақалды ата.
Ыз-ыз-ыз, әдемі қыз
Ке-ке-ке, асқар әке.
На-на-на, асыл ана

ІІ-ші тапсырма: «Сурет бойынша  жұмыс».
Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы суретке аударады.

Тәрбиші:
—  Мынау не?
Балалар:
— Розетка
Тәрбиеші:
— Түсі қандай?

Балалар:
—  ақ

Тәрбиеші:
— Розетка не үшін қажет,біз оған нелерді қосамыз.
Балалар:
— Шаңсорғыш,теледидар, ұялы телефон және т.б

Тәрбиеші:
—   Ал мынау нелер?

Балалар:
-Киімдер, кәне атайықшы, кофта, көйлек, шалбар.

Тәрбиеші:
— Балалар сөйлем құрайықшы.

Балалар:
— Менің әкемде шалбар бар.Маған анам әдемі көйлек сатып алып берді. Апайымда ақ түсті кофта бар.

Тәрбиеші:
— мына суретке назар салайықшы не көріп тұрсыңдар.

Балалар:
— Су

Тәрбиеші:
—  Су бізге не үшін қажет?

Балалар:
—  ішеміз, жуынамыз, кір жуамыз, шай қайнатамыз.

Тәрбиеші:
— Өте дұрыс айтасындар. Олай болса кім айтады, су туралы қандай тыйым сөздер бар. Айдана сен тұрып айта ғойшы, тағы кім айтады. Айнел сен тұрып айтшы.

Тыйым сөздер:
«Суды төкпе».
«Суды текке  шашпа».

Тәрбиеші:
— кәне осы су туралы тақпақ білеміз бе, Раяна сен тұрып айта ғой.
Раяна:
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолынды жу.
Су дегенің осы,
Тазалықтын досы.

Тәрбиеші:
—  Балалар сиқырлы қораптағы затты тоққа қосамыз екен, киімдерді әдемі болдыртатын, су құятын , қандай зат болуы мүмкін.

Балалар:
—  Үтік.

Тәрбиеші:
— Дұрыс айтасындар, мұндағы жасырылған зат үтік екен. Үтіктің қандай пайдасы бар. Үтіктің түсі қандай?

Балалар:
— Көк

Тәрбиеші:
— Үтіктің қандай пайдасы бар?

Балалар:
—  Киім үтіктейміз.
Тәрбиеші:
—  Балалар  тоққа қосқанда ол қайтеді 

Балалар:
— ыстық болады.

Тәрбиеші:
— Ыстық үтікті ұстаса не болады?

Балалар:
— Қолымыз күйіп қалады.

Тәрбиеші:
-Балалар ыстық үтікті ұстауға болмайды.Ересектер жоқ кезде тоққа қосуға болмайды! Өйткені тоқ соғады.Кәне балалар бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырысқа,
Келе жатты жұмысқа.
Допты алды қолына,
Допты қойды жолына.
Оңға қарады,солға қарады,
Тау екен деп ойлады.

Тәрбиеші:
— Жарайсындар балалар орынымызға отырайық.
ІІІ-ші тапсырма: «Үтікті сипаттау»
Балаларға  қоян мен аюдың суреттері таратылып беріледі, сол арқылы екі топқа бөлінеді.

Тәрбиеші:
— Балалар тапсырманы дұрыстап тыңдап алыңдар. Аю тобы қоян тобына, ал қоян тобы аю тобының қалай тапсырманы орындағанын айтып беретін боласыңдар. Тапсырма төмендегідей:

—         Үтіктің түсі қандай?

—         Неден жасалған?

—         Егер дұрыс жауап берсеңдер бас бармақтарыңмен жоғары  қаратып  көрсету.

—         Ал егер қателесіп жатса басбармақты төмен қаратып көрсету.

Қоян тобы мен аю тобының жауабына тәрбиеші кері байланыс жасайды.

Тәрбиеші:
— Дұрыс айтасыңдар. Сендердің бағаларыңа қосыламын. Өйткені екі топта үтіктің түстерін дұрыс атап, оның неден жасалғанын айтып бере алдыңдар. Сондықтан мен де былай бағалаймын.

Олар дұрыс айтқан үшін.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Тәрбиеші:
—    Кәне, балалар, бүгінгі ойында өзіңді қалай бағалайсын. Алдарында  күліп тұрған, ренжіп тұрған күндер тұр. Мен күліп тұрған күнді аламын,өйткені көңіл күйім өте тамаша. Өздеріңе ұнаған күндерді алыңдар.Өте жақсы.
Қонақтарға сау бол айтайық.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype