|
Іс-әрекет кезеңі |
Мұғалімің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер:
Мотивация:
Негізгі бөлім: Лексика
Д/о «Көлеңкесінен таны»
Сергіту сәті:
Тыңдау:
Тыныс алу жаттығуы:
Распевка, дауыс жаттығуы:
Ән айту:
Ұсақ қол моторикасы:
Музыкалық–қимыл қозғалыс: «Тұлпарым» әнін қосу. Қорытынды:
Рефлексия: |
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қане, шеңберге түрып мына өлең жолдарын бірге айтайық. Қол алысып қане біз, Балалар, енді бір-бірімізге қарап күлкі сыйлайық, сонан соң біздің қуанышымызды қонақтарға сыйлайық. Балалар, сендер саяхат жасағанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше, мен сендерді жайлауға саяхатқа шығарамын. Ал жайлуға мына тұлпарлармен барамыз жәнеде өлең жолдарын айта отырып барсақ жылдам жетеміз екен. Логоритмика «Құлыншақ» О, міне, балалар, жайлауға жеттік. Қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар? Балалар, осы жайлауда жануарлар болады екен олармен танысу үшін жұмбақтар шешуіміз керек. Жұмбақ жасырылады: Кішкене ғана бойы бар, Төрт аяғы бар, Адамға серік, Кезікті бір жануар, Еріксе құйрығымен ойнайды, Батырға көлік болған, Дұрыс, балалар, жұмбақтарды дұрыс шештіңдер. Ал үй жануарларынан біз ет, сүт, май, құрт, қымыз, шұбат аламыз терісінен, жүнінен түрлі киімдер тігеміз. Ал енді, балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Шарты: Балаларға үй жануарларының көленкесін көрсетемін олар қай жануар екенін табуы керек. Балалар, бәріміз бір дем алып, сергіту сәтін жасап алайық па? Секеңдеген лағым, Ал, қанеки, орнымызға жайғасайық. Сендер үй жануарларымен таныс болдыңдар енді олар қандай дыбыстар шығарады кім біледі? Д/о «Ненің дауысы?» ол жерде мен сендердің дыбыстарды қалай ажырататындарыңды білгім келеді. Шарты: Үнтаспадан үй жануарларының үні қосылады. Балалар дауыстарынан тануы қажет. Балалар, сендер үй жануарларын дыбысынан таныдыңдар енді мен сендерге сұрақ қойғым келеді . Үй жануарлары немен қоректенеді? Қазір мен сендерге мына шөптерді таратып беремін. Біз осы шөппен тыныс алу жаттығуын жасаймыз.
Ендеше, осының бәрін музыка сүйемелдеуімен келтіріп көрейік. Ең басты дауыстарын «Көңілді баспалдақпен» айтайық. Міне, біз тыныс алу, дауыс жаттығуларын орындап алдық. Ендеше, мына үй жануарлары тұралы ән үйренейік. Ән «Тұлпарым» Балалар енді біз саусағымызға арналған жаттығуымызды жасап алсақ. «Су-Джок» добын беремін біраз жаттығу жасап алсақ. Жайлауға біз барамыз,
Балалар, қолымызға да жаттығу жасадық жайлауда үй жануарларымен таныстық енді орнымыздан тұрып, дене бойымызды жазып, тұлпарларымызға отырып, балабақшаға қайтайық.
Міне, балалар, бүгін біз жайлауға саяхат жасап үй жануарларымен және олардың пайдасымен таныстық. Сендерге жайлаудағы саяхатымыз ұнады ма? Балалар біз саяхат жасағанда қандай жануарларымен таныстық? Ал енді қараңдаршы, алдымызда ауылдың көрінісі тұр жанында сендер танысқан үй жануарлары осы жануарларды бір-бірден алып орнына орналастырсақ. Дұрыс, балалар, түйелерді қазыққа байладыңдар, итті үйшігіне қойдыңдар, жылқыларды ағаштарға байладыңдар. Мында дорба тұр оның ішінде апа сиырдың сүтінен құрт жасапты оны сендерге топқа барғанда таратып береміз. Осымен сабақ аяқталды. Қонақтармен қоштасайық. Сау болыңдар! |
Сәлеметсіз бе!
Балалар өлең жолдарына ілесіп шаттық шеңберде жаттығуды орындайды
Алақандарын жайып үрлеу иә
Тұлпарларға отырып өлең жолдарын айту.
Киіз үй, тау, шөп, су.
(Сиыр)
(Қой)
(Ешкі) (Ит)
(Түйе) (Мысық)
(Жылқы)
үйткені оған адамдар қамқорлық жасайды шөп, су, жем береді.
Ойын шарты бойынша тапсырманы орындайды. Иә.
Өлең жолдарына ілесіп жаттығуларды орындайды.
Сиыр мөнірейді, ешкі маңырайды
Балалар дауыстары арқылы үй жануарларын ажыратады.
Шөп, су, жем «Шөп» жаттығуы
Мө, му, мә, ав, мяу
Әнді бірге айту.
Саусақ жаттығуын жасау. Балалар тұлпарларына отырып, музыка сүйемелдеуімен балабақшаға қайтады.
Иә.
Үй жануарларымен.
Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй жануарларының атауларын білу керек.
Білді: Үй жануарларының мекен ету ортасы мен берер пайдасын білді. Игерді: Үй жануарларын қастерлеуді, қорғауды үйреніп игерді.