Семинарда мұғалім рөлі, белсенді және белсенді емес сынып, үздік сабақтың алты белгісі, ұжымдағы береке-бірлік, білім алу жүйесіндегі нәтижеге бағытталған бірлескен жұмыстар жайында жаттығулар өткізді. Білім саласына байланысты бірнеше бейне жазба көрсетіліп, талданды.
Семинар нәтижесі «Қызыл таспа» тренингі бойынша қорытындыланып, пікір таласпен түйінделді. Семинардың танымдық деңгейі зор болды. Жаңартылған білім жүйесіндегі өзгерістерге әр ұстаз өз пікірін білдіріп, жаңашылдықты қолдайтындықтарын, жаңалықтан қорықпайтындықтарын, бұл жүйеге өздерінің бейімделіп, төселіп қалғандарын айтып, ой бөлісті.
Майра Көкенқызы – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауда, оларға психологиялық қолдау көрсетуде өзінің жан-жақты білімді екендігін көрсетті. Ұжым мүшелері тренерге жүрекжарды алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.