«Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» демекші, үлкен жетістіктерге ұстаздардың жалғыздан-жалғыз, өз күшімен ғана жетуі мүмкін емес екенін барлығымыз түсінеміз. Осы сәтте ұстаздарға көмек қолын созатын көмекшілердің бірегейі «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ көптеген курстарды ұйымдастыруда. Міне осындай курстардың бірі ШҚО Зырян ауданында да ұйымдастырылды. Курс мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жұмыс атқарып жүрген педагогтарға арналды. Бұл курсты өз мамандығының нағыз шебері, әр ұстаздың бойына сенімділік пен жігер күшін ұялата алатын, тілінен бал тамған, заманауи білім беру үлгілерін жан-жақты меңгерген тренер п.ғ.к. Нұртазина Еркежан Мұратовнаның әр сабағы өте қызықты, түсінікті, адамды жалықтырмайтындай етіп ұйымдастырылып отырды. Еркежан Мұратовна сабақтарын қызықты ұйымдастырумен қатар, тыңдаушылардың арасындағы достық қарым-қатынастың орнауына да ықпал жасады. Зырян ауданындағы ұйымдастырылатын курстардағы орнайтын қиындықтардың бірі курстардың тек орыс тілінде ғана ұйымдастырылуы еді. Дегенмен, тренеріміз екі тілде де еркін сайрап, кез-келген тақырыпты жетік түсіндіре алды. Ұстаздардың біліктіліктерін арттыру үшін еңбек етіп жүрген Нұртазина Еркежан Мұратовнаға ШҚО Зырян ауданы педагогтарының атынан шексіз алғыс білдіреміз.