Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын бағалаудың PISA жобасында үш бағытқа басымдық берліген: оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. PISA жүргізетін зерттеуде білім алушылардың ойлау, аргументтеу, мәселені анықтау мен шешу, модельдеу, нәтижеге қол жеткізуде түрлі әдістерді қолдану тәрізді біліктері бағаланады.
Функционалды сауаттылықты зерттеудің бағалау технологиясы әлемнің 60-тан астам елінің 15 жастағы оқушыларының біліми жетістіктерін анықтаудың алты деңгейін ұсынады. Ең жоғары баға — 5-6 деңгей – өз еркінше ойлай білу, талдау жүргізіп жеке болжам жасау, 4-3 – жаңа ақпаратты сіңіру үшін білімдері мен біліктерін қолдана алу қабілеттері, 2 -оқулық емес қарапайым жағдайларда білімдері мен дағдыларын қолдана білу, 1 деңгей – элементарлық білімнің төмен деңгейі және тапсырмаларды дұрыс орындаудың болмашы мүмкіндігі.
Зерттеудің үш бағытының барлығына бірдей білімді қолдану дағдылары мен біліктерін жинақтауға нақты талаптар қойылған. Әрбір деңгейге халықаралық шкала балдарының белгілі бір саны сәйкес келеді. PISA жобасы осылайша мектеп оқушыларының біліми жетістіктерін критериалды бағалаудың теңдессіз моделін бекітті.
6 деңгей – 708 б.
5 деңгей – 633 б.
4 деңгей – 559 б.
3 деңгей – 484 б.
2 деңгей – 409 б.
1 деңгей – 335 б,
Қазақстан Республикасы халықаралық білім қауымдастығының бір бөлшегі ретінде білім беру үрдісіне жаңашыл көзқарас қалыптастырып келеді. Еліміздегі білім беру реформаларының басты мақсаты – білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ» бекітілді. 2016 жылдан бастап Қазақстанда жаңартылған білім мазмұны кезең – кезеңімен енгізілуде. Ағымдағы оқу жылында 2, 5 және 7-сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны бағдарламалары бойынша оқуға көшті. Жаңартылған оқу бағдарламасы оқушылардың функционалдығын дамытатын, олардың өзіндік іздену, талдау, интерпретациялау және біліми жетістіктерін табысты қолдану дағдыларын қалыптастыруды, практикаға бағытталған, құзырлылық педагогикаға бет бұруды көздейді.
2016 жылы мұғалімдердің жаңа бағдарламамен жұмыс істеу дағдылары мен біліктерін қалыптастыратын курстар жұмысын бастады. Педагогикалық шеберлік орталығы (ЦПМ) ҚР БҒМ бекіткен, біліктілікті арттырудың 22 бағдарламасын әзірледі, ПШО, БАҰО «Өрлеу» АҚ, Алтынсарин атындағы ҰБА, жоғары оқу орындары, Назарбаев зияткерлік мектептері мен еліміздің жалпы білім беретін мектеп қызметкерлерінің ішінен 1221 бапкер дайындалды. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып, қазақ, орыс және ағылшын тілі, өнер, музыка, технология және дене тәрбиесі, математика, биология пәндерінің мұғалімдері кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Функционалды сауаттылықтың негізі – тілдерді меңгеру. Оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруда сабақты құрылымдаудың маңызы зор: мұғалім – оқушы – оқылатын материал – оқыту құралдары. Оқыту стратегиялары – білім беру мақсаттарына қол жеткізудегі мұғалім жұмысының жалпы бағыттары. Мұғалім, оқу және оқу материалының өзара ықпалдастықтарын ретке келтіру үшін келесі стратегиялар қолданылады:
— интерактивті – оқу үрдісінің барлық қатысушыларымен ашық пікірлесу;
— пассивті – оқушы тыңдайды;
— активті – мұғаліммен өзара ықпалдастық.
Белсенді (активті) оқыту – бұл үрдіс барысында оқушылар өздерінің ойлау мүмкіндіктерін жаңа идеяларды қарастыруға, қойылған тапсырмаларды шешуге және тәжірибе жүзінде қолдануға жұмсайды, оқушылар мұғалімнің ойына ілесуден де жоғары әрекетке жетеді. Олар оқып, жазып, талқылап, мәселелік тапсырмаларды шешулері тиіс. Оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болу үшін оқушылар жоғары ойлау үрдісіне қол жеткізулері қажет. Жоғары деңгей дегеніміз – анализ, синтез, бағалау. Белсенді оқытуда оқушы орындау барысында шын мәнінде ойланатын тапсырмалар қарастырылады. Оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамыту үшін белсенді оқыту стратегиялары қолданылады. Белсенді оқытудың кез келген стратегиясында уақыт регламенттеледі, нұсқаулық жетекшілікке алынады, біліми іс әрекетке жайлы орта құрылады.
Оқу стратегияларын игеру негізі білімберу тәжірибесінен бастау алады. Оның мнемоника ережелері және оқытудың Сократтық әдісімен сабақтасатын көне тарихы бар. Антикалық дәуірдің өзінде ақ индивидумның ішкі психикалық қабілеттерін түсіну мен қолдануға негізделген оқытудың нәтижелерін, үрдісін басқару, жақсарту және түсіну тәсілдері іздестірілді. XX ғасырдың ортасында оқу стратегияларын қарастыратын зерттеулер саны артты. Алғашқыда зерттеулер сыртқы тәртіпті талдауға ғана бағытталғанымен, уақыт өте келе когнитивті және метакогнитивті стратегиялар да қарастырыла бастады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы оқушылардың біліми жетістіктерін бағалаудың жаңа нұсқасын ұсынады. Олар қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалаудың кең тараған түрі – ауызша бағалау (ауызша кері байланыс). Мұғалім тапсырманы жақсы орындағаны үшін оқушыны мақтап, ауызша кері байланыс жүргізеді, оқушы берілген материалды немесе ақпаратты жақсы меңгергенін түсінеді. Мұғалім оқушыға тапсырманы орындау барысында жіберген қатесін көрсетеді. Жұмысына ешқандай белгі қоймаса да оны бағалайды. Нәтижесінде оқушы жоғары жетістіктерге жету үшін не қажет екендігін түсінеді. Өзін өзі бағалау үрдісінде оқушы өзінің оқуы бойынша ақпарат жинайды, оны талдайды және өзінің прогрессі жөнінде қорытынды жасайды. Оқушы тақырыпты игеру алдында және жұмысты бастамас бұрын танысуы тиіс жұмысты бағалаудың критерийлерінің болуы – өзін-өзі бағалауды жүргізудің міндетті шарты.
Білім беруге реформа жасауда келесі қағидаттар негізге алынған: мұғалімдер мен оқушылардың құқықтарын қорғау; білім беру сапасын жоғарылату; білім берудің жаңа мазмұнына көшудің жүйелілігі және оны жүзеге асыруда білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығының өзара ықпалдастығы.