+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Үй жануарлары

Тлегенова Л.Е.,  «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ-нің  «Балапан» шағын орталық тәрбиешісі, Ұлан ауданы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық  картасы

Мақсаты:
1. Балалардың үй  жануарлары туралы және олардың төлдері жайлы айта білуі және алған білімдерін тереңдету.
2. Сурет бойынша сөйлем құруға, өлең жолдарын  айту арқылы тілдік, сөздік қорларын байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Білім  беру саласы:  Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
3. Үй жануарларын  күтіп-баптауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, суретпен жұмыс, топтық жұмыс.
Билингвалді компонент: Сиыр-корова — cow, қой-овца — sheep, жылқы-лошадь-horse, түйе-верблюд — camel, ешкі- коза-goat
Қолданылатын технология: Ойын технологиясы, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекіліктер: Үй жануарлары және төлдерінің суреті,слайд көрсету, аудио, видео.   

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық  қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

  

Үйымдастыру ізденушілік 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия 

 

Шаттық шеңбері:
Балалар, «Амандасу — адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»сондықтан да, алдымен амандасып алайық.
-Өте жақсы.                                                        

-Балалар шеңберге тұрайық:

Бағалау: Балалар  сендердің алдарыңда 3 түсті асықтар орналасқан. Бұл сендердің жұмыстарыңа беретін бағаларың. Егер берілген тапсырманы жақсы орындасаңдар – қызыл асықты, орташа орындасаңдар – көк түсті, ал егер мүлдем орындай алмасаңдар – жасыл түсті асықты таңдайсыңдар.

1. Жұмбақ шешейік:

  • Кішкене ғана бойы бар
    Айналдырып киген тоны бар.(Қой )
  • Кезікті бір жануар
    Үстінде екі тауы бар(түйе)
  • Басында екі таяғы бар
    Төрт аяғы бар
    Бірақ тағы сақалы бар( ешкі)
  •  Төрт бұлағы – сүт, баға білсең –құт(сиыр)
  • Мінсең – желдей жүйткиді,”Ер қанаты” деседі  ( жылқы -Бұл қандай жануарлар?
  • 2. Сұрақ-жауап:

-Балалар тағыда қандай үй жануарларын білеміз?

-Неліктен қой, сиыр, ешкіні үй жануарларына жатқызамыз, олар туралы не білесіңдер?

-Неге мысық пен итті үй жануары деп атайды?

 

3.Дидактикалық ойынТақырыбы:  «Артығын тап»                                      Мақсаты: Балалардың үй жануарларынан алынбайтын өнімдерді табу.

-Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар.Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май,қаймақ,құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамға пайдасы өте көп. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. (слайд арқылы суреттер көрсету)

4.      Сергіту сәті:

Тіктеп титтей құлағың
Құлын  былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын
Қозы  былай жүреді.
Алға созып мойынын
Ойнақтайды ботақан
Көкке қарай мұрынын
Шүйіреді бұзауқан

5. Тапсырма:Төлдерін тап

Мақсаты: Үй жануарларының төлдерін табу арқылы балалардың сөздік қорларын молайту.

Шарты:  Топ бойынша суретте балалар төлдерін теңестіріп, түсіндіреді.

  • Тапсырманы толық орындадық  деп ойласаңдар, бағалап жіберіңдер

6. Дыбыстық, сөздік жаттығу:

Мақсаты:  Үй жануарларының дауысын есту арқылы, оның атын атауға үйрету.

Барысы: дыбысты естиді, сол арқылы қай үй жануары екенін сөзбен айтып жеткізеді.Ешкі — ме — ме бақырады, сиыр — мө — мө мөңірейді, жылқы — е — е  кісінейді, түйе — бө — бө боздайды, қой — мә — мә деп маңырайды.

—          Кім осы жануарларға байланысты тақпақтар біледі?

 

 

 

 

Тапсырманы толық орындадық  деп ойласаңдар, бағалап жіберіңдер

Балалар неше — қызыл асық, неше — көк, неше – жасыл асық жинағандарыңды санаймыз

Қане, балалар, орнымыздан тұрып жылулық шеңберін құрайық. Жылы тілектер айтайық.

Асықтың санына байланысты балалардың қаншалықты сабаққа қатысқандарын айту.

Бүгін қандай жануарлар туралы айттық?

Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?

Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танысты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз

Асықтың 3 түріне байланысты, жұмыс түрінен  кейін өздері бағалап отырады.

Балалар жұмбақтың жауабын шешеді.

 

Қой

Түйе

Ешкі

Сиыр

Жылқы

 

 

 

Үй жануарлары.

 

Балалардың жауаптары.

Өйткені олар тек үй жағдайында өмір сүреді адамдарға қызмет етеді.Балалар жауаптары бойынша бағалайды.

 

Ойын ойналады.

Балалар пайдасын айтады. Орындарынан тұрып өз ойларын жеткізіп, қорытындылайды.

 

Сергіту сәтін жасайды

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  жеке отырып  орындап, аяқтаған соң қорытынды жасайды

 

 

 

 

Түйенің баласы — бота, сиырдың баласы — бұзау, қойдың баласы — қозы, ешкінің баласы — лақ, жылқының баласы — құлыншақ

Балалар қол көтеру арқылы жануарлардың дыбысын естіп, атауын толық айтады Ешкі — бе – бе,Сиыр — мө – мө,Жылқы — е – е,Түйе — бө – бө,Қой — мә – мә,

— Балалар білген тақпақтарын айтады.

Балалар асықтардың түсін таңдау арқылы өздерін бағалап, қорытындылайды.

Балалар орындарынан тұрып, шеңбер құрады, тілек айтады.

Үй жануарлары

Қой, сиыр, ешкі, жылқы, түйе, ит, мысық.

Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар сабаққа белсене қатысып,қызығушылық танытады

Әрбір балаүй жануарларының және олардың төлдерін, пайдасын, қажеттілігін біледі. оларды бір-бірінен ажырата алады.

Меңгерген дағдылары мен іс-әрекеттері: Үй жануарлары мен төлдерін атап айтуға, сурет бойынша толық сөйлем құрастыруға, дыбыстарын келтіріп айту дағдылары қалыптасады.Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдері қалыптасады.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype