+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Менің сүйікті үй жануарларым (өз тәжірибесінен әңгіме құрау)

Дюсекенова Г.А., Аягөз қалалық  «№7 бөбекжай-балабақша»КМҚК тәрбиешісі, Аягөз ауданы

Күні: 14.02.2018 ж.
Білім беру саласы:  Коммуникация
Бөлімі:  Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Менің сүйікті үй жануарларым» (өз тәжірибесінен әңгіме құрау)
Мақсаты:
Білімділік: Үй жануарларымен таныстыру, маңызы туралы түсінік беру. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту. Таным орталағында геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажырата отырып үй жануарын құрастыруды үйрету. Өнер орталығында мақтаны домалақтау арқылы қойдың жүндерін жасау тәсілін үйрету;
Дамытушылық: Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балалардың логикалық ойлау қабілетін,тіл байлығын,сөздік қорын молайту.Ғылым орталығында сүт өнімдері туралы ұғымдарын кеңейте отырып, олардың дайындалу жолдарын түсіндіру. Өнер орталығында  саусақ моторикасын дамыту. Ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың үй жануарына деген сүйіспеншілігін арттырып, оларға қамқор болуға баулу.Балалардың бір-бірімен тіл табысып, ұжымда жұмыс  жасай білуге үйрету.

Көрнекіліктері: ферма, үй жануарлары, үлестірмелі материалдар.

Әдіс  тәсілдері: түсіндіру,көрсету, сұрақ  -жауап, жұмбақ, ойын, мадақтау, қорытындылау.
Билингвальды – компонент: көктем –весна-sprinq,уй жануарлары – домашные животние- domestic animals,  сиыр- корова-cow, бұзау-теленок- calf, қой -овца -sheep, қозы- ягненок-lamp,түйе — верблюд-camel, бота – берблюжонок — colt, ешкі – коза — goat,лақ – козленок -kid,ит — собака -dog, күшік-щенок-pappy, мысық- кошка- cat,жылқы –лошадь -hors,құлын – жеребенок-foal.
Сөздік жұмыс: төрт түлік мал
Пәнаралық байланыс: қарапайым математика, жапсыру, қоршаған орта
Ғажайып сәт: ауылға саяхат ,әже 

Оқу қызметінің кезеңдері:

Тәрбиешінің  іс-әрекеті:

Балалардың  іс-әрекеті:

Мотивациялық — қозғаушылық

-Сәлеметсіңдер ме,балалар?!
-Гуд мониң , чилдрен?!

Шаттық шеңбері:
Амансың ба,алтын Күн!
Амансың ба,жер Ана!
Амансың ба,достарым?!
Сендерді көрсем қуанам!

Здравствуй,Солнце!
Здравствуй,Земля!
Здравствуй,планета Земля!
Здравствуй,наша большая семья!

Good morning, good morning! 
Good morning to you. 
Good morning, good morning! 
We are glad to see you 

 

 

 

 

Шеңберге тұрады, қимылмен көрсетіп, екі тілде қайталап айтады.

 

Ұйымдас-тырушылық-ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ғажайып сәт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Дидактикалық ойын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Дыбыстық жаттығу

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Д/о:

 

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?  (скажите, какое сейчас время года?)         

— Көктем айларын  атаңдаршы?

— Қазір қай  ай?  (Какой сейчас идет месяц?)                                           

 — Бүгін аптаның қай күні?                            

— Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері болады?(А какие изменения в природе происходит весной?)

-Балалар, өткен оқу қызметін еске түсірейік: мен жұмбақ жасырамын, жауабын табыңдар:

Адамға серік,
Күзетке берік.
Ол не?

-Балалар, иттің баласын не деп атаймыз?
-Балалар, суреттегі күшік туралы әңгімелейік.

-Күшіктің көңіл күйі қандай?

-Ол неліктен көңілсіз, жабырқаулы деп ойлайсыңдар?

Мүмкін өзінің атын ұмытып қалған шығар? Ат қояйық.

-Балалар, ит қандай жануар түріне жатады?

-Балалар, оқу қызметіміздің тақырыбы үй жануарлары туралы.

Үй жануарлары қайда тіршілік етеді?

— Ал біздер қайда тұрамыз?

— Қаланың аты қалай?

— Ал сендер ауылға барғыларың келе ме?

Ауылға саяхатқа бару. («Қошақан» әні қосылады)

— Балалар, көзімізді жұмып, ауылдағы ата-әжемізді, олардың ауласында жайылып жүрген үй жануарларын көз алдымызға елестетейікші.

-Қане, көзімізді ашамыз, айналамызға қарайық біз бүгін әженің үйіне қонаққа келдік.

Әже: Менің құлыншақтарым келіп қалыпты ғой!Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

Ауылда үй жануарлары тіршілік етеді.

— Ал енді, балалар, қандай үй жануарын көріп тұрмыз?

Тәрбиеші: — Мынау түйе

Түйе төлі ботақан

Мөлдіреп көзі ойнаған

— Мынау жылқы

Жылқы төлі құлыншақ

Тұяғы жерге ұрыншақ

— Мынау сиыр

Сиыр төлі бұзау

Сүйкімді әрі асау

     — Мынау қой

Қойдың төлі қошақан

Өріске қашқан қорадан

 — Мынау ешкі

Ешкі төлі лақ

Тыныш тұрмайды ол бірақ

—  Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке  жатады.

Д/О: «Дыбысын тап»

1. Жануарлардың дауыстарын тыңдап, қай жануар екенін айтады, сол жануардың суреті шығады слайд бойынша.

— Қане, мынау ненің дыбысы? ( балалар жауап береді, әрі қарай жалғастыру)

— Адамдарға қандай пайдасы бар?

Сиыр – сүт, қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, құрт жасаймыз
Жылқы – жүк тасиды, қымыз, ет, терісінен киім тігеді.
Қой – жүнінен киім тоқиды, ет.
Ешкі – түбітінен киім тоқиды, ет,сүт
Ит – үйімізді, малымызды күзетеді.
Мысық – тышқан аулайды.

Түйе – жүк тасиды, шұбат, жүнінен киім тоқиды, ет.

 Ие – ие – ие
Шөгіп жатыр түйе,
Құ-құ-құ
Құлындайды бие

Дәптермен жұмыс: Үй жануарларына жатпайтын жануарларды анықтап, оларды қоршап сыз.

 «Мейк ә сокл» видео арқылы сергіту сәті:

 

-Балалар, қолдарындағы белгілер арқылы  4 топқа бөлінейік:

1.Көркем әдебиет орталығы;
2.Таным  орталығы;
3.Ғылым орталығы;
4.Өнер орталығы

— Балалар, «Көркем әдебиет» орталығына қош келдіңдер!Мнемокесте арқылы әңгіме құрастыру.

            «Менің сүйікті үй жануарым»

Мен жазда ауылға әжеме қонаққа бардым. Әжем маған үй жануарларын таныстырды. Үй жануарларына сиыр,қой,ешкі,түйе,жылқы жататынын білдім. Олар бізге сүт, айран, құрт береді. Қойдың жүнінен әр түрлі киімдер тоқиды.

— Балалар, «Таным » орталығына  қош келдіңдер!  Алдарыңдағы геометриялық пішіндерден  үй жануарларын құрастыру.

 —   Балалар, «Ғылым » орталығында сүтті зерттейтін боламыз:

1. Алдарымызда ыдыс тұр. Бірінде –су, екіншісінде – сүт бар.Су мен сүттің дәмін көреді.Дәмі бар ма?

— Енді, балалар, сумен сүтке қасық салып көрейікші,қасық көріне ме?

2.  «Тәтті сиқыр»

Алдымызда тұрған ыдысқа 4 қасық сүт қоямыз.Оған бір қасық шекер, екі қасық қаймақ араластырып,мұздатқышқа қойса балмұздақ шығады.

—   Балалар, «Өнер» орталығының тапсырмасы:Тақтаға жайлау көрінісі бейнеленген ватман ілінеді.Жайлауда жайылып жүрген қошақандардың көрінісі шығуы тиіс.

— Ерте, ерте, ертеде бір аппақ қошақан болыпты. Жүнінің аппақтығы сондай – аппақ мақтаға ұқсайды екен. Ол күнде жайлауда жайылып, құнарлы шөптер жеп, таза бұлақтан су ішіп, бақытты өмір сүріп жатыр. Сөйтіп жүргенде қыс мезгілі де кіріп келеді. Бір күні қошақанның иесі келіп, қошақанның үстіндегі жүнін қырқып тастайды.Оның жүнінен шопанның әйелі балаларына шұлық тоқып береді.Сөйтіп қошақан өзінің аппақ үлпілдек жүнінен айырылып қалыпты.

— Балалар, біздер осы қошақанның үстіне өзінікіндей үлпілдек жүн жапсырып береміз ба?

— Бұйра қошақанның жүнін мақтадан дөңгелектеп жапсырамыз.Қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік.Жұмыстың жасалу реті:

Қошақанның үстіне мақталарды жапсыру. Бір-біріне мақтаны жақындап  қою арқылы, қозының денесін толтырамыз да, желімдейміз.

—  Балалар, мен сендермен «Аудармашы» деген ойын ойнағым келеді.

Көктем –весна-sprinq,уй жануарлары – домашные животние- domestic animals,  сиыр- корова-cow,бұзау-теленок- calf, қой -овца -sheep,қозы- ягненок-lamp,түйе — верблюд-camel, бота – берблюжонок — colt, ешкі – коза — goat,лақ – козленок -kid,ит — собака -dog,күшік-щенок-pappy, мысық- кошка- cat,жылқы –лошадь -hors,құлын – жеребенок-foal.

Қазір көктем мезгілі    

 

Наурыз, сәуір, мамыр

Қазір наурыз

 Бүгін сәрсенбі

 

 

 

Мұқият тыңдайды

  Жауабы:Ит

 

 Өз ойларын айтады.

 

 

 

Ақтөс

 

Үй жануарына

 

Ауылда.

Қалада.

 Аягөз

Иә

 

 

 

 

 

 

 

 

Сиыр, қой, ешкі, түйе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Қой маңырайды
Түйе боздайды
Ешкі бақырады
Сиыр мөңірейді
Жылқы кісінейді

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталап айтады

 

 

Жануарларды қоршап сызады

 Үш тілде қайталап айтады

 

 Белгі бойынша топтарға бөлінеді

 

 

 

 Мнемокесте арқылы  әңгіме құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

Геометриялық  пішіндерден үйжануарын   құрастырады

 Суда дәм жоқ,сүт дәмді

 Сүтте қасық көрінбейді

Су мөлдір болған соң, қасық көрініп тұр. Ал сүттің түсі болған соң қасық көрінбей тұр.

 Балмұздақ жасайды.

 

 

 

 

Ертегіні мұқият тыңдап, мақтадан бұйра қошақан жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

иә

 

 

 Үш тілде қайталап айтады

 

Рефлексиялық – түзетушілік

— Балалар, бүгінгі  оқу қызметінде не істедік?

— Үй жануарларын атайықшы.

—  Балалар,осы сиырдың сүтінен Күлімхан апаларың өз қолынан құрт жасап әкеліпті. Дәм татыңдар!

—  Балаларды мақтап,мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді

Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа,
Сау болыңыз — деп айтамыз!

 Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй жануарларының аттарын,төлдерін білу керек.
Болу керек: Үй жануарларының пайдасын.
Түсінеді: Төрт түлік малды күтіп – баптауды.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype