+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 26 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері (ата-аналармен дөңгелек үстел)

Увалиева А.К., «Солнышко» балабақшасы ҚМҚК-нің ағылшын тілі мұғалімі, Бородулиха ауданы

Мақсаты: Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады.
Барысы: Сәлеметсіздерме, құрметті ата- аналар! Бүгінгі біздің «Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері» атты дөңгелек үстелімізге алтын уақыттарыңызды бөліп, бала тәрбиесіндегі өз жауапкершілігіңізді сезініп, келіп отырғандарыңызға көп-көп рахмет! Сіздерден жұмысымыздың барысында мына заңдылықтардың орындалуын сұраймын.

— Бір-бірімізді тыңдаймыз.
— Белсенділік танытамыз.
— Уақытты үнемдейміз.
— Өз ойларымызды ортаға саламыз.
1. «Танысу» тренингі. 
Жүргізу жолы: Әр ата-ана өзінің атын атап шығу керек. Мысалы: What is your name?-Айжан, … Марал, … Арман.
2. «Ми шабуылы». 

Қазір мен сіздерге сұрақтар дайындап қойдым. Сол сұрақтарды оқып, өз ойларымызбен бөлісейік. 

Берілетін сұрақтар:
—  Балаларға ерте жастан ағылшын тілін оқыту қажет пе? Қажет болса, оның маңызы және ерекшеліктері қандай?
—  Отбасыларыңызда ағылшын тілін білетін адам бар ма?
—  Балаларыңыз ағылшын сабағында жаңадан не білгендері туралы айтады ма?
—  Ағылшын тілі балаңызға оңай беріледі ме?
—  Балаңызбен үйде қосымша дайындаласыз ба?
—  «Менің уақытым жоқ», «жұмысымды бітірген соң» деп балаңыздың тауын қайтарасыз ба?
Ата-аналар сіздерге рахмет! Сіздерге қойғым келген сұрақтарға толықтай жауабымды алдым. Енді бүгінгі біздің басты тақырыбымызға қайта оралсақ.
3. «Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері» тақырыбында қысқа баяндама
Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауының «Қазақстан-2050» Стратегиясында Қазақстан халқының алдына жоғарғы талап қойды. Бұнда Қазақстан халқы бәсекелестікке қабілетті, көптілді ортаны дамыту керек делінген. Көптілділік дегеніміз — бұл полимәдениеттілік, ал бұл тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың негізі болып саналады. Көптілділіктің негізі ана тілден бастау алу керек. Ата-бабамыз «Баланы – жастан» десе, ана тілі ананың сүтімен сіңеді, өз ана тілін әбден толық меңгермеген балаға ағылшын тілін үйрету оңайға соқпайды. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ересектерге қарағанда бала санасында жаңа ақпаратқа деген қызығушылықты санасыз түрде ойынмен, қызықты жаттығулармен қалыптастыруға болады. Балаларды ерте жастан оқытқан кезде олардың бойларынан:
— ақпаратты тез қабылдауын;
— ойлау, ауызша сойлеу іскерліктерінің дамуын;
— есте сақтау қабілетінің жоғарылауын;
— ойлау жүйріктігі дамуын;
— қызығушылықтарының молдығы мен әр түрлілігін;
— танымдық іс-әрекеттерінің басымдалуын;
— жаңа ақпаратты ойын іс-әрекеті түрінде тез қабылдауын;
— қиялының дамуын байқауға болады.
Шетел тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп деңгейлі тілде және мәдениетке деген қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ыкпал етеді, баланың ойлауына, танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларға тән шыдамсыздык, назар аударудағы тұрақсыздық, тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек. Сонымен ерте жастан оқытуда мүғалімнен кейінгі маңызды роль атқаратын тұлға — ата-ана. Оқып, жаза алмайтын балаларды үйден қарайлап, өткен тақырыптарын үйден қайталатып отырса, бұл, әрине, жақсы. Балалар өз бетімен жазып, оқи алмағандықтан ата-аналардың көмегіне жүгінеміз. Қазіргі таңда ұялы телефон мен компьютердің ауадай қажеттігін түсінсек, сол секілді шет тілінің де алатын орынын ескеріп, ата-аналарға да тілдің қажеттігін түсіндіре алуымыз қажет. Себебі, шет тілі — болашақтың тілі. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ойын — бала үшін нағыз өмір. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді.
5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болып табылады, сондықтан ағылшын тілін үйрету үшін біз педагогтар осы факторды ескере отырып әртүрлі ойындарды пайдалану керек. Ойындар арқылы педагог балаларға жаңа сөздерді, сөз тіркестерін үйрете алады. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде балалар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. Егер педагог ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп, ойналған кезде ғана нәтижелі болады. Ағылшын тілінде лото, карта, домино, жұмбақтар, кроссвордтар, байқаулар түрінде де, лингвистикалық ойындар, қолғап ойыншықтар, жануарлар, көкөністер т.б. түрінде де ойналады. Ағылшын тілін үйрету ойынының мынадай түрлері бар: грамматикалық ойындар, фонетикалық ойындар, лексикалық ойындар, рольдік ойындар, дидактикалық ойындар, үстел үсті ойындар, қозғалыс ойындары.
Ағылшын тілі сабағының әр кезеңінде ойын элементтерін пайдалануға болады.
Сабақ процесінде ойын пайдаланылған кезде баланың миында Не істеймін? Қалай айтам? Қалай жеңем? деген сұрақтар тұрады. Шет тілін нашар білетін бала ойын басқалармен бірдей үйретіліп жатқан тілде сөйлеп, мен де басқалармен бірдей екенмін ғой, мен де біледі екем деген ойда болады. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне үйретуге арналған бағдарлама бар. Осы бағдарлама бойынша шетел тіліне оқытудың мақсаттары: белгілі бір шетел тілі бойынша оңай біліктіліктерге үйрету, яғни қарапайым әңгімені түсінуге үйрету және шет тілінде сөйлеуге үйрету болып табылады. Бағдарламада Отан, отбасы, сандар, түстер, көкөністер, тағамдар, жануарлар тақырыбында материалдар енгізілген. Қойылған мақсаттарға жету үшін мұғалім 5-6 жасар балалардың психологиялық ерекшеліктерін білуі. Бұл жастағы балалар шет тілін үйренуге икемделген, олар қысқа тіл материалын оңай жаттап алып, оны айтып бере алады, бірақ бала өскен сайын бұл қабілеттерді жоғалта бастайды. Сондықтан, ата-аналар, балалардың бұл жақсы қабілеттерін жоғалтпау үшін өз үлесімізді қосайық.
Практикалық бөлім.
4. Мен өз сабағымда көп қолданатын дидактикалық ойын түрлері.
What is the season?
Мақсаты: жыл мезгілі туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жыл мезгілі аттарын ағылшын тілінде есте сақтау.
Ойын барысы: Жыл мезгілдері суреттерін көрсетіп, суретте қай мезгіл бейнеленгенін сұрау. Ойынды бірнеше рет қайталап ойнату. Season, summer, spring, autumn, winter. Look at the picture. What is the picture?
What is this?
Мақсаты: Табиғат туралы түсініктерін одан әрі қеңейту. Сөздік қорларын дамыту.
Ойын барысы: Көкөністер мен жемістер суреттерін көрсетіп, олардың не зат екенін сұрау. What is this?
My family
Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тиянақтау. Ағылшын тілінде отбасы мүшелері туралы сөздерді есте сақтауға үйрету.
Ойынмақсаты: балалар саусақтарына қуыршақтарды киіп (саусақ театрын пайдаланып) отбасы мүшелерін атайды: This is my mother. This is my father. This is my grandmother. This is my grandfather. This is my brother. How I love them all.
What is missing?
Мақсаты: Балалардың аңғарымпаздық қасиетін дамыту, тез ойланып шешім қабылдауға үйрету.
Қажетт іқұралдар: суретті карточкалар.
Ойын мақсаты: Кілем үстіне суретті карточкалар жайып қойылады. Педагог «Close your eyes!» деген нұсқау береді да 1-2 карточканы алып қояды. Содан соң балаларға «Open your eyes!» нұсқау беріп, «What is missing?» деп сұрақ қояды. Балалар жоғалған карточкаларды еске түсіріп, айтады.
5. Қорытынды
Қорытындылай келе, ойындар — балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері туралы жан-жақты талқылауға тырыстық. Енді ата-аналар бір-бірімізге деген аманымыз түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Енді мына алдарыңызда ақ қағазда ағаштың суреті салынған сіздер мына стикерлерге бүгінгі дөңгелек үстелден алған сезімдеріңізді, тілектеріңізді жазып ағашқа жапсыруларыңызды сұраймын. Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыз Қазақстанымыздың қалаулы да, беделді азаматтары мен азаматшалары болып өсе берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype