+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Орманға саяхат

Мұратова Қырмызы Бақытқызы, «Күршім ауылының балалар бақшасы» КМҚК-нің тәрбиешісі, Күршім ауданы

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Мақсаты:
1) Білімділік: Балалардың геометриялық пішіндер (үшбұрыш, дөңгелек, төрбұрыш) туралы білімдерін дамыту; түстер жайлы білімдерін жетілдіру.
2) Дамытушылық: Үлкен, кіші ұғымдарын кеңейту;  заттарды түсіне қарай топтастыруды үйрету; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
3) Тәрбиелік: Балаларды жануарларға, үй құстарына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Қолданылатын көрнекіліктермен құрал-жабдықтар: Күн, доптар (қызыл, сары, жасыл, көк) және шелектер (қызыл, сары, жасыл, көк); геометриялық пішіндер (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек үлкен және кішкентай); ағаштар, ойыншық қояндар ( үлкен және кішкентай), үйшік, әтеш (қызыл, сары, жасыл, көк) және қысқыштар (қызыл, сары, жасыл, көк); тарелкаларға салынған бұршақ пен тары.
Сөздік жұмыс: қоян, әтеш.
Билингвальды компонент: қоян-заяц-a hare, әтеш-петух-cock
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы: Музыка әуенімен залға кіреміз.

Тәрбиеші: Музыка әуенімен залға кіреміз.
-Балалар қараңдаршы бізге қонаққа кім келген?
-Кәнекей барлығымыз күнмен амандасайықшы!
-Балалар мына жаққа қарайықшы көптеген қонақтар да келіп қалыпты, кәнекей қонақтармен де амандасып қояйық!
-Балалар, күн бізге жай ғана қонаққа келген жоқ, бізді  саяхатқа шақырады.
-Барайық па, балалар?
-Алдымен, біз күннің бізге берген тапсырмасын орындайық.
-Балалар, қараңдаршы маған, менің қолымдағы не?
-Түсі қандай?
-Пішіні қандай?
-Қараңдаршы, мына шеңбердің ішінде  түрлі-түсті доптар жатыр екен, ал мына жерде ыдыстар тұр . Ендеше біз доптарды түстеріне қарай ыдыстарға саламыз. Біздің қолымыздан келеді ме?

-Балалар, мынау қандай түсті доп?
Сары түсті не болады?
Қанекей барлығымз үстелге жақындаймыз.
Ал мынау қандай түсті ыдыс?
Жасыл түсті не болады?
Мынау қандай түсті?
Көк түсті не болады?
Ал келесі ыдыс қандай түсті екен?
Қызыл түсті не болады?
Иа дұрыс айтасыңдар балалар! Жарайсыңдар!
Бұл тапсырманы орындадық. Енді біз «Күнмен» орманға саяхатқа барайық.                                                                        

Ой, балалар,  қараңдаршы мына жерде не сылдырап ағып жатқан?
-Иа, балалар, бұл су ағып жатқан.
-Балалар, қараңдаршы, қалай өтеміз үстінде көпір жоқ қой?

Жан-жағымызға қарайықшы, ой, балалар,  мына жерде әртүрлі пішінді тастар жатыр екен.  Кішкентай дөңгелек пішінді, үлкен дөңгелек пішінді, төртбұрыш, үшбұрыш пішінді екен.  Ал бізге көпір жасау  үшін үлкен дөңгелек пішінді тастар қажет. Ендеше үлкен дөңгелек пішінді тастарды маған жинап беріңдерші, Ердаулет, Шапағат, қанекей, маған көпір жасауға көмектесіңдерші!

 -Жарайсыңдар, балалар,  біз көпір жасадық. Енді барлығымыз көпірдің үстімен аяғымызбен  топ-топ басып абайлап өтейік, көпіріміз бұзылып қалмасын.

Алдымызда орман кездеседі.Балалар, біз орманға да келіп жеттік. Орманда көп ағаштар өседі екен.

Осы кезде ағаштың артында қоян тығылып отырады.

Ой, мұнда кім бар?
-Сен кімсің?
-Ой,  ал  мынау кім? Өзі кішкентай екен.
Балалар, қараңдаршы, үлкен ағаштың артында үлкен қоян отыр, ал кішкентай ағаштың артында көжегі отыр екен.
-Балалар, қояндар көңілсіз екен. Біз қояндарға арнап тақпақ айтып берейікші.
Қояндар қуанып қалсын.

Сергіту сәті: «Көжегім, тұршы»
— Жарайсыңдар, балалар, қояндардың көңіл күйлері көтеріліп қалды. Балалар, қоян сендерге, көп рахмет айтып жатыр. Жарайды, балалар, енді біз қояндармен қоштасып, ары қарай жолға шығайық.
Кенет әтештің дауысы шығады.
-Ой балалар, бұл ненің дауысы?
Балалар, әтештен сұрап көрейікші, неге көңілсіз екен?
Қанекей, әтеш бізге не айтады екен?
Бізді түлкі қуып,  адасып қалдық. Балалар, сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Менің достарыма көмектесіңдерші. Түлкі достарымның  құйрықтарын жұлып алды.

Балалар, біз әтештің достарына көмектесейік пе?
-Балалар, қараңдаршы, мына жерде көп тауықтар отыр, олардың құйрықтары жоқ екен. Ендеше біз оларға қысқыштармен құйрық жасап берейік.
Әр тауықтың түсіне байланысты қысқыштарды таңдаймыз.
Музыка: «Шип-Шип шөжелерім»
Қане, қонақтарға  көрсетейік қандай тауықтар жасағанымызды.
Сенікі қандай,  Мадина?
Ал сенікі ше?
Жарайсыңдар, барлықтарың дұрыс жасадыңдар!
Ал, балалар, енді біз тауықтарды ерітіп үйге қайтайық.
Үй жанында әже жылап отырады.

Т: Әже сізге не болды? Неге жылап отырсыз?
Әже: менің тауықтарым жоқ,  іздеп таба алмадым. — Әже, жыламаңыз,  бұл сіздің тауықтарыңыз ба, адасып жүрген жерінен ертіп келдік.
Әже: Иа, менікі. Ой рахмет, балалар!
Тауықтарымның  қарны ашқан сияқты. Тауықтар тарыны жақсы көреді. Әже тауықтарын тамақтандырайын десе, әженің көзі дұрыс көрмейді екен.
Балалар, әжеге көмектесейік пе? Ендеше біз   мына тапсырманы орындайық. (Үстелге жақындаймыз)
Ал бізде тарымен бұршақ араласып жатыр.Ендеше біз бұршақты бөлек ыдысқа алып салайық. 

-Балалар, тары қандай?
-Ал бұршақ қандай?
Біздің тауықтар қуанатын болды.
Әже: балалар, сендерге көп рахмет! Сендер өте ақылды, білімді, қамқоршы балалар екенсіңдер. Менің де сендерге жақсылық жасағым келеді. Менің тәттілерімнен ауыз тиіңдер.
Балалар, біз бұл тәттілерді үйге барып қолымызды жуған соң жейміз. Ал енді біздің Саяхатымыз  аяқталды.

Қорытынды:
-Балалар, біз не істедік.
-Балалар, енді күннің де кететін уақыты болыпты. Күн сендерге былай дейді.
-Сендер сондай білімді болдыңдар, барлық тапсырманы орындадыңдар. Енді сендер де мен сияқты биіктен көрініп  жарқырап жүріңдер.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: түстерді ажыратуды; көлемді (үлкен, кішкене) және геометриялық пішіндерді;
Түсінеді: Саусақ арқылы  үлкен, кішкентай заттарды қолмен теріп алу дағдысын;
Қолданады: Берілген тапсырма бойынша жұмыс жасау дағдысын.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype