+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ағаштар

Оспанова Үйрек Ақанқызы, «Е.Рахмадиев атындағы орта мектеп» КММ-нің тәрбиешісі, Аягөз ауданы

Мақсаты: Ағаштар туралы мағлұмат беру, өсімдіктерге кутім жасауға үйрету, олардың пайдасы және биік- аласа ұғымдарын ажырата білуді үйрету.
Көрнекілігі: Суреттер, теледидар, бейнетаспа т.б.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауаптар, дамытушы ойын.
Пәнаралық байланыс: Музыка, дене шынықтыру.

 

Iс-әрекет  кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық  қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы – іздестіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Рефлексивті-коррекциялаушы.

 

 

 

Тәрбиеші сөзі: -Балалар, мен сендерді бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Сондықтан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын.

«Мейірімді жүрек»

Шарты: Балалар үлкен шеңбер құрып отырады. Тәрбиеші жүрекшені ұстап тұрып:

«Балалардың мейірбандық жүрегі адамдарға бақыт, шаттық тіледі»,-деп айтып көршісіне жылы сөздер айтатынын түсіндіру.

 

 

 

Өткен оқу іс-әрекетіндегі тақырыбымыз не туралы айттық, еске түсірейікші.

-Саңырауқұлақтар неше түрге бөлінеді?
-Саңырауқұлақтардың түстері қаңдай болады
кен?
-қай жағындағы саңырауқұлақ көп?
-қай жағындағы саңырауқұлақ аз?

Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Ағаштар» (биік-аласа). Балалар, бейнетаспадан көріп отырғандарыңыз ағаштар және олардың түрлері.

Ағаштар далада,орманда, бақшада өседі. Оларды өсімдіктерге жатқызамыз.Дала өсімдіктері аса күтімді қажет етпейді. Ал, бақша өсімдіктеріне күтім өсімдіктеріне көп күтім қажет. Оларды суарамыз, суарудың да көптеген әдістері бар.Ағаштың діңін ағашқа құрт түспеуі үшін ақтаймыз. Тыңайтқыштар береміз.Өйткені күтімді уақытылы жасап отырса, жемісті мол береді. Бейнетаспадан «өсімдіктерді суаруды» көрсету.

Ағаштардың биіктігіне қарай биік-аласа деп ажыратамыз. (бейнетаспадан көрсетіп ажырату)

Ағаштарды топтастыру

Биік                    аласа

Сергіту сәтін жасау.   «Жаз»  өлеңі

 

 

 

Ойын: «Қай ағаштың жемісі». Жемістерді өз ағашына қою.

 Біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде қандай тақырыпта жұмыс жасадық?

-Ағаштарға  қандай  күтім жасаймыз?

 Ағаштарды калай  топтастырдық?

 Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау, қуанышты хабарлама тарату.

Шаттық  шеңбері:

-Қол  ұстасып  тұрайық
Шеңберді  біз  құрайық.
Көріскенше  күн  жақсы
Сау-саламат  болайық!

Балалар тәрбиешіні тыңдап, шаттық шеңберіне жиналады.

 

 

 

 

  Балалар өлең жолдарын қосылып қайталап, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиеттерін білдіретін жылы сөздер айтады. (Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен қайырымдысың!)

Саңырауқұлақтар екі түрге бөлінеді. (Жеуге жарамды, жеуге жарамсыз)

Кызыл, сары, ақ,көкшіл, қоңыр т.б.

 Бейнетаспадағы ағаштардың суреттерін балалар қызықтады.

  

Видео көрсету (ағаштарды ақтау, суару)

 

 Биік-аласа ажырату

Балалар берілген іс-әрекетті орындап отырды, топтастырды.

Баян  сүйемелдеуімен  ән   айтып,   алма бағына  саяхаттап алма  жинады.

Жаз келіпті дегенше,

алма пісті дегейсің. Бақшамызда  ендеше,

Алма  теру көбейсін.         

 Балалар   ойынға  белсене қатысады.

-суарамыз, ақтаймыз, тыңайтқыштар береміз.

биік-аласа деп топтастырдық.

Мадақтау

 

 Балалар  қол  ұстасып  шеңберге  тұрып,  оқу  іс – әрекетін  аяқтайды.

Күтілетін  нәтиже:
Нені  біледі:  Ағаштар  туралы  біледі.
Қандай  түсініктерді  игереді:  Өсімдіктер пайдасы, күтім  жасауды түсінді.
Меңгерген  дағдылары  мен  іскерліктері:   Биік-аласа ұғымдарын біледі, ажыратады,  түсінеді, сұрақтарға  жауап  беріп, ойын  ойнай алады.

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype