+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 26 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақта қолданудың тиімділі

Нургабиева Асем Калыбековна, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК-нің психология және өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы, Семей қаласы

     Мен өзімнің іс тәжірибемде «сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау – мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болатындықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.

      Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – білім берудің сапасын арттырудың,  оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Өзімнің әрбір сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді қолданамын. Сын тұрғысынан ойлауды оқытумен қатар ойын арқылы оқыту назардан тыс қалмайды. Мысалы, миға шабуыл стратегиясы, аквариум әдісі, таңғажайып алаң ойындары.

    Осы технологияны қолданудың тиімділігінің дәлелі ретінде биылғы оқу жылында «Темперамент туралы түсінік» атты тақырыбында СТО технологиясымен өткізілген аралас сабақты назарларыңызға ұсынамын.
Пән: Психология және іскерлік қарым-қатынас этикасы
Тақырыбы: «Темперамент туралы түсінік»
Тобы: 31 ДПк
Сабақтың типі: аралас сабақ, тренинг элементтері
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: психологиялық қасиет — темпераменттің психологиялық сипатын, түрлерін, ерекшеліктерін танып білу. Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, сөздік қорларын дамыту.
Дамытушылық: темпераменттің адам өміріндегі тәжірибемен байланысы және оның даму жолдары туралы білімін қалыптастыра отырып, ойын арқылы ойлау, еске сақтау қабілетін дамытып, қызығушылығын ояту, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: психологиялық ахуалды қалыптастыру, өзара қарым-қатынас жасау және өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу. Мұқияттылыққа, өзіне-өзі сенімді болуға және топта ынтымақтастықпен жұмыс істеуге баулу.

 Пәнаралық байланыстар: педагогика, физиология , анатомия.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, слайд қолдану, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой сергіту.
Ресурстары: слайдтар, мультимедиялық тақта, тест тапсырмалары, үлестірмелі тапсырмалар, тірек конспект т.б.
Оқытудың техникалық құралдары: дербес компьютер, интерактивті тақта
Сабақ оқытуда қолданылатын ұйымдастыру әдістері, технологиялар: сын тұрғысынан ойлау  технологиясы, АКТ  технологиясы.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Түстер арқылы топқа бөлу: «Сангвиник», «Меланхолик», «Флегматик», «Холерик» топтары. Топ басшыларына түстеріне сәйкес қалпақ кигізу. Топ ережесімен танысу.

II. Үй тапсырмасын тексеру. 1-2-топтар: «Ерік» тақырыбын меңгеруге байланысты тапсырмаларды постер әдісімен орындайды. Білімгерлер берілген плакатқа түсті маркерлерді  пайдалана отырып, берілген тапсырманы орындап, ерік тақырыбы туралы жазғандарын тақтаға шығып қорғайды. Тапсырманы орындау негізінде өткен тақырыптың мазмұнын ашады. 3-топ: «Тест» жұмысын орындайды, 4-топ: «Мюнстерберг» әдісі арқылы сөйлемдер құрастырады. Әр топ келесі топтың жұмысын  бағалайды.

 « Мюнстерберг» әдісі.

1.тонеутәртіптілікэхшдегенімізэекнадамныңиаеөзхнккқимыльрелықозғалысынлркмойыьеоеменэхектілегінэхгеккәрссуиуақыттатерк ұжымныңтакпырқынаъхнебағындыражокпкалуьиткпыықабілеті.

2.перннұстамдылықэукавдегенімізэхнеадамныңмкпероқыстеркуаалтеқимылждноқозғалыстанскпуорынсызтренсөйлеуденджеоебосқатре күйіпжэшепісудеңикребойынбдеоетежейтпкркалуэхсытурлқабілеті.

3.табандыэуцйадамбраеалғанэхеубетінениауылқайтпайджерукөздеген мақсатынажэхкеуқайткентнеркүндеэъщшедетоележетудітккөздейді.

4.тоқтамғаэкеккелгіштікъхкцдегенімізликтадамныңуццйнебірбюэнщиқиынюясытақыстауьлерккезеңдердеэшкеуқажеттітерелдшешімдерге  келіпжщенрконызеумжүзегехакимасыруғахуцсчқабілетініңтеболуы.

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Топ атаулары туралы пікірлерін біле отырып, сабақтың  тақырыбымен, мақсатымен танысады.

 Сабақтың тақырыбын, сабақ жоспарын дәптерлеріне жазғызу.

Дәйексөз:    «Тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу керек». Д. Ушинский

Осы қанатты сөздің мағынасын қалай түсінеміз?

Жұппен жұмыс. Сурет таңдау. Бейнебаян тамашалау. Сурет нәтижесін түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіру. Темперамент туралы түсінік

Жаңа сабақты бастамас бұрын барлық оқушыларға дәріс материалдары таратылып беріледі. Топтар түсінгендерін ортаға салады.

Әрбір темперамент типіне шолу жасасақ, сангвиник типінің жағымды сапаларына: өмірсүйгіш, алғыр, қарым-қатынасшыл, әуесқой сапалары, ал жағымсыз сапаларына: менменшіл, сенімді, жеңілтектік, шектен тыс қарым-қатынасшыл сапалары жататынын; холерик типінің жағымды сапаларына: әуесқойлық, белсенділік, қайсарлық, алғыр сапалары, ал жағымсыз сапаларына: қозғыш, агрессивті, кикілжіңге тез түскіш, шыдамсыз сапалары жататынын; флегматик типінің жағымды сапаларына: ұстамды, тұрақты, шыдамды, сенімді сапалары, ал жағымсыз сапаларына: баяу, немқұрайлылық сапалары жататынын, меланхолик типінің жағымды сапаларына: мейірімді, мейірбан, жанашырлық сезімі, ал жағымсыз сапаларына: жұмысқа қабілеттілігі төмен, тұйық, ұялшақ жататындығын білдік.

Мінекей, бұл темперамент түрлеріне берілген сипаттама.

Әрбір топ келесі топтың жұмысын  бағалайды.

«Оза тапсырмамен жұмыс»

1 оқушы алдын-ала берілген тапсырма бойынша материал жинап, хабарлама жасайды.

Тақырыбы: Э.Кречмер мен Х. Ю.Айзенк  темперамент типтері туралы

 

IY. Жаңа тақырыпты бекіту:

№1  тапсырма. Ойын: «Таңғажайып алаң»

 №2 тапсырма.Сурет бойынша темперамент типтерін анықтау.

 №3 тапсырма.  Темпераменттің жағымды, жағымсыз сапаларын кестеге толтырту. Топтар қорғайды 

Темперамент типтері

Жағымды сапалар

Жағымсыз сапалар

Сангвиник

 

өмірсүйгіш, алғыр, қарым-қатынасшыл, әуесқой

?

Холерик

 

?

Қозғыш, агрессивті, кикілжіңге тез түскіш, шыдамсыз

Флегматик

?

?

Меланхолик

?

?

 №4 тапсырма. Жағдаят. «Темперамент» тақырыбы бойынша білімдеріңізді  сынайтын кез келді. Яғни сіздерге түрлі жағдаяттар (ситуациялар) беріледі. Әрине ол қоғамда кездесетін оқиғалардан алынған. Себебі, сіздер бүгінгі студент ертеңгі маман, бір кәсіп иесі, жауапты қызметкерлерсіздер. Сондықтан да өмірде осындай жағдаяттарға тап болуларыңыз мүмкін. Өмірдің өзі Абай атамыз айтқандай «Соқтықпалы, соқпалы жерде өстім»,- дегендей, кезекті жағдаяттарға  берейік.

Берілген жағдаяттарды оқып, темперамент типтерінің әрекеті туралы айту.

1-жағдаят. Зейнетақы төлеу орталығында іс қағаздарын жүргізуші мамандығы бойынша жұмысқа қабылдау жүргізіліп жатыр. Сіз өте көп адамдардың арасында 2 сағаттан астам уақыт кезекте тұрсыз. Барлығы шаршаңқы, ашулы, біраз уақыттан кейін бастықтың қабылдауы аяқталады. Кенеттен кабинет есігіне белсенді, пысық, алғыр қыздың кіріп бара жатқанын байқадыңыз. Әрбір темперамент типі қалай жауап қайтарар еді?

2-жағдаят. Сізге емтиханда 2 деген баға қойды. Әрбір темперамент типі қалай жауап қайтарар еді?

Y. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Қорытынды сөз.

«Ойлаудың алты қалпағы» арқылы  сабаққа деген өз пікірлерін ауызша айтады. «Нысанаға» студенттер өз стикерлерін жапсыру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

VІІ. Бағалау. Кесте арқылы білімдерін бағалау. Сабақта алған білімдерін жинаған ұпай саны бойынша өз деңгейлерін біледі. Студенттер рефлексияға 3 баллдық шкала бойынша келесі критерийлермен бағалап жауап береді:

  • Мен «темперамент» анықтамасын құрастырып айта аламын.
  • Мен әрбір темперамент типіне сипаттама бере аламын.
  • Оқу процесінде темпераментті ескеретін ұсыныстарды құра аламын.
  • Мен қарым-қатынаста темпераменттің ерекшеліктерін ескере аламын.
  • Мен сабаққа белсенді қатыстым.

Соңындаұпайсандарынесептейді.

VІІІ. Үйге тапсырма: «Темперамент» туралы түсінік.  Айзенк темпераменті бойынша өз темпераментін анықтау.

 Негізгі әдебиеттер:

1.Қ.С.Жұмасова «Психология», Астана, 2006
2.Сәбет Бап-Баба. «Психология»,Алматы: Заң әдебиеті, 2003

Қосымша әдебиеттер:
1. Р.С.Немов «Психология» Книга 1, Москва: Владос, 2003
2. Б.Ц.Бадмаев «Методика преподавания психологии, Москва: Владос, 2004
3. Под редакцией А.А.Крылова, С.А.Маничева. Практикум по общей, экспериментальной и прикладной психологии. 2-е издание. Москва, 2006.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype